Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы

 

2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік дипломмен, 2000-2002–жылдар аралығында аталған университетте «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратурада оқып, үздік бітірген. Өзінің еңбек жолын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында стажер-ізденуші болудан бастады. Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 18 жыл.

Студенттердің ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруда мол тәжірибелі маман. Егемен еліміздің тарихы мен әдебиеті, мәдениетіне қатысты оқу құралдары республикалық жоғары оқу орындарының, мәселен, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеттің оқу үрдісінде пайдалануда.

Ғылыми-педагогикалық қызметінің негізгі мазмұны ғылыми мақалалары мен оқу құралдары мен оқулығында көрініс тапқан.
Студенттерді бүгінгі күн әдебиетінің даму ерекшелігіне, ондағы тақырыптық арналар мен авторлық ізденістерді жекелеген көркем туындылар мен ақын-жазушылар шығармашылығы желісінде ізденіс жұмыстарын жүргізуге баулып келеді. Ғылыми жетекшілік жасаған студенттерінің ғылыми жұмыстары жеке конференция жинақтарында жарияланған.

Қ.Тамабаева еліміздегі «Ұлттық тәрбие», «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жетекші орындаушыларының бірі. Сонымен қатар, тек ұлттық әдебиеттің өзекті мәселелерімен ғана емес, жалпы педагогиканың өзекті мәселелері, өскелең ұрпақ тәрбиесімен де жан-жақты айналысуда.  

Институттың ең жоғары әріптестік басқару органы – Ғылыми кеңес болып табылады. Ғылыми кеңестің жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, жоғары кәсіби білімнің оқу бағдарламаларын тарататын білім беру ұйымдары іс-әрекеттерінің Типтік ережесіне және Халықаралық Тараз инновациялық институтының Жарғысына сәйкес әзірленген.

 Ғылыми кеңес төрағасы - институт ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Саурықов Ерболат Байұзақұлы.

22.11.2007ж. ҚР БҒМ-ның №574 «Жоғары оқу орны Ғылыми Кеңесі қызметінің типтік ережесі және оны сайлау ретін бекіту туралы» бұйрығы негізінде әрбір жаңа оқу жылына арналған Ғылыми кеңес құрамы жасақталады. Жоспар бойынша оқу жылында мәжіліс отырыстары өткізіледі. Әр айдың соңғы бейсенбісінде өткізілетін Ғылыми Кеңес мәжілістері Ғылыми Кеңестің мүшелерінің толық кворумымен және университет ректорының төрағалық етуімен, жүйелі түрде уақтылы жүргізіліп отырады. Бұл туралы Ғылыми Кеңестің күн тәртібі мен «Қатысу парақтарынан» және хаттамаларынан мәлімет алуға болады.

Институт  деңгейін қамтитын ауқымды шаралар  Ғылыми Кеңестің күн тәртібінен табылады. Мәселен, орта мектепті бітіруші түлектер арасында кәсіби бағдар беру жұмыстары, Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға дайындық шаралары, ғылыми кітапхана жұмысы, жаңа оқу жылына арналған оқу кестелері мен оқу жоспарларын, лекция оқуға құқық берілген оқытушылардың тізімін бекіту, білімгерлер контингентін қалыптастыру, т.б.

Ғылыми кеңес оқу жылы бойынша институттың бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда аймақтағы жетекші оқу орындарының бірі ретінде Министрлік талаптары деңгейінде жұмыс жүргізуіне барлық жағдай жасап отырады. Институттағы құрылымдық өзгерістер, штаттық кесте, түрлі жиындар мен басқа мәселелерге жұмсалған қаржы сметалары, оқу үрдісінің қалыпты жүргізілуіне қажетті іс-шаралар әр түрлі мәселелер ретінде талқыланып, қарастырылады.