Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы
Стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор
Байланыс телефоны: +7 (7262)50-13-55
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 69Б
Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетін бітірген. Университетті бітіргеннен кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасына оқуға түседі. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғады.
Ғылыми-педагогикалық қызметін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының ассистенті болып бастады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра доценті, заң факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2010 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалып, кейін факультет деканы, бас ғылыми хатшы, ректордың кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2013-2017 жылдар аралығында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, 2017-2018 жылдары осы университеттіңвице президенті қызметтерін атқарған.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде жұмыс істеген.
2021 – 2023 жж. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің зерттеулер және халықаралық байланыстар бойынша проректоры – басқарма мүшесі, 2022 ж. тамыз - қыркүйек аралығында осы университеттің ректоры – басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған;
«Қазақстан Республикасы ЖОО-ның 2015 жылғы үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.
120-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 7 монография, 2 оқу құралы, 2 электронды монография, 2 электронды оқу құралы, авторлық құқық объектісіне 4 авторлық куәлік.