БОТАБАЕВА АДЕМИ ЕРКЕБАЕВНА

 

Ботабаева Адеми Еркебаевна Түркістан облысы Түлкібас ауданы Дәубаба ауылында 1976 жылдың 30 қарашасында дүниеге келген.

Білімі: 1993-1998 жж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тігін бұйымдарын жасау» мамандығын үздік дипломмен бітірген. «Инженер-құрастырушы» квалификациясы берілген.

1998-2000 жж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесін алған. Үздік дипломмен бітірген.

2000-2002 жж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Педагогика» бағыты бойынша аспирантурада оқыған.

29.04.2010 ж. - «13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Түркістан қаласы

 

Кәсіби тәжірибесі

Жалпы жұмыс өтілі – 24

Өндірістік жұмыс өтілі – 6

1999-2003 жж. – оқытушы, «Мерей» экономика және сервис колледжі, Шымкент қ.

2003-2005 жж. – Мектеп психологы, Б.Бөлтірікова ат. орта мектепте, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы.

2005-2011 жж. – аға оқытушы, А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты, Тараз қ.;

2011-2014 жж. – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, Тараз қ.

2014-2022 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика ғылымының кандидаты доцент м.а. Нұр- Сұлтан қаласы.

08.09.2022 ж. – Шерхан Мұртаза атындағы Тараз Халықаралық инновациялық институтының «Педагогика» факультетінің деканы, Тараз қ.

 

Жарияланымдары: 200-ге жуық ғылыми мақалалар, 1 оқулық, 4 монография, 4 оқу құралы және 8  оқу-әдістемелік құралдар, 1 тарихи этнографиялық очерк, 2 электронды оқулық, 4 авторлық құқықтардың авторы. 

Оқитын курстары: Этнопедагогика; Этнопсихология; Педагогика; Жоғары мектеп педагогикасы (магистранттарға); Әлеуметтік педагог имиджі, Білім берудегі педагогикалық технологиялар, Педагогика тарихы; Медиапедагогика; Мектептегі оқуға және бағалауға жаңа тәсілдер; Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары, Коррекциялық педагогика, Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі, т.б.

Біліктілігін жетілдіру:

1. Скандинавия академиялық ұтқырлық институты (Финляндия, Оңтүстік Остроботния, Сейнайоки) халықаралық академиялық ұтқырлықтың жеке бағдарламасы бойынша 27.03.2017 күннен осы жылдың 7 сәуіріне дейін тақырып: «Педагогика ғылым, практика және әлеуметтік әл-ауқаттың скандинавиялық моделіндегі оқу пәні ретінде» (3 кредит, әр несие 27 сағат).

2. «Оқу нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері» 72 сағат. ФГБНУ институты Ресейдің білім беруді дамыту стратегиясы. - Мәскеу, 2017 ж.

3. Жаңартылған білім беру аясындағы заманауи жоғары оқу орындарындағы педагогикалық технологиялар. «Өрлеу» білітілікті арттыру ұлттық орталығы. 72 сағат. – Астана, 2018.

4. Педагогикалық шеберлік қысқы мектебі. М.С. Нарикбаев атындағы ҚМЗУ. 72 сағат. – Астана, 2019.

5. Ағылшын тілінің «А2» деңгейін меңгерген 120 сағаттық сертификаты берілген. - Нұр- Сұлтан, 30.11.2019.

6. Ағылшын тілінің «В1» деңгейін меңгерген 120 сағаттық сертификаты берілген. - Нұр- Сұлтан, 08.04.2020.

7. Ағылшын тілінің «В2» деңгейін меңгерген 120 сағаттық сертификаты берілген. - Нұр- Сұлтан, 25.07.2020.

8. «Қашықтан оқыту жағдайындағы заманауи оқытушының сандық дағдылары» атты 72 сағаттық курс. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. - Нұр- Сұлтан, 2020.

9. ЖОО-да әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бағыты бойынша пәндерді оқыту технологиясы. 72 сағат. - Алматы, 2021.

10. «Рухани жаңғыру» қағидаттарына негізделген тәрбие жұмысын жетілдіруге арналған 128 сағаттық оқыту вебинарлары. - Нұр- Сұлтан, 2021. 

11. Международная онлайн-стажировка «Инклюзивное профессиональное образование: современный взгляд и подходы» 09.12.2022-20.12.2022 гг., 72 часов. Международный центр образовательных технологии. – Россия, 2022 г.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Педагогика» факультетінің деканы қызметінде.

Тұрмыс құрған, отбасында төрт бала тәрбиелеуде.