"Экономика және бизнес" факультетінің деканы - Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы. Білімі-жоғары. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын "Тарих және география" мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттырудағы мотивациялық тетігі" тақырыбында диссертация қорғады. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда 9 жылдан астам жұмыс өтілі бар.
Халықаралық Тараз инновациялық институтында 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. "Қазіргі жағдайда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру" перспективалық тақырыбының ғылыми жетекшісі болып табылады.
40-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 оқу құралының, 3 монографияның авторы. Ғылыми қызығушылықтары: мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері және экономикалық тиімділік.
2019 жылы Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атанды, А.Байтұрсынов атындағы төс белгісімен марапатталды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғыс хаты бар.
2020 жылы "Үздік оқытушы" атағына ие болды. Ж.А.Қуатбековтың ғылыми жетекшілігімен 15-тен астам магистрлік диссертациялар қорғалды.