АСҚАРБЕКҚЫЗЫ НАЗИРА

Назира Асқарбекқызы 06.09.1984 жылы дүниеге келген. 

2009 жылы 19 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы заң ғылымдарының кандидаты дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестің мәжілісінде 12.00.01 құқық және мемлекет теориясы мен тарихы, құқық және саяси ілімдер тарихы бағытында диссертация қорғалды.

2009-2016 жылдар аралығында Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің Құқықтану кафедрасының меңгерушісі.

2012 жылы Аймақтық менеджмент академиясының Қауымдастырылған профессоры.

2013 жылы  Аймақтық менеджмент академиясының профессоры.

2017 жылдан бастап Жамбыл облысы Полиция Департаментінде үміткерлерді іріктеу конкурсы және қызметкерлерді аттестаттау комиссиясының мүшесі.

 

Марапаттар: 

29 желтоқсан 2013 жылы Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің 5 жылдығына арналған университеттің дамуына қосқан үлесі және жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі елеулі табыстары үшін медальмен марапатталған.

26 желтоқсан 2018 жылы Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған университеттің дамуына қосқан үлесі үшін медаль. 1 тамыз 2018 жылы Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.       

12 желтоқсан 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай, ІІО жетілуі мен нығаюы бағытында жас мамандарды іріктеуге қосқан үлесі мен өзара әрекеттестігі үшін марапатталады.(Жамбыл облысы полиция департаменті) 

22 наурыз 2021 жылы Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсене атсалысып, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі мен еңбекте қол жеткізген елеулі жетістіктері үшін марапатталады.(Тараз қаласының әкімінен) 

2022 жылы Әділет органдары қызметкерлерінің күні мерекесіне орай,сондай-ақ, қызметтік міндеттеріңізді тиісті деңгейде атқарғаны үшін марапатталады. (Жамбыл облысы әділет департаменті) 

2022 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің нығаюына қосқан үлесі, азаматтық белсенділігі және Жамбыл облыстық нотариаттық палатасымен ынтымақтастығы үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай марапатталады.(Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының төрайымы) 

2023 жылы сәуір айында өткен Республикалық ғылым күніне орай құқықтық негізді қалыптастыруда білімгерлерге жоғары сапалы білім беру ісіне қосқан үлесі үшін марапатталады. (Жамбыл облысы полиция департаменті)

        

Алғыс хаттар: 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына орай, «Тәуелсіздік – жаңа Қазақстан» - атты ғылыми конференциясын ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, танымды мол жоғары дәрежеде өтуіне ықпал жасағандығыңыз үшін алғысымызды білдіремін. (Тараз қаласы Полиция басқармасы)               

2023  жылы  Жоғары білім жүйесіндегі ұзақ жылдар бойы адал еңбегіңіз бен ұлтымыздың болашағы – жастарға өнегелі тәрбие беруде жетістіктерге жетіп, қоғамдық өмірге белсене қатысқаныңыз үшін марапатталады.(Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі)