Онгарбаева М.Б. 1968 ж. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін «Математика және информатика» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Жамбыл облысы, Шу ауданы, Панфилов атындағы орта мектепте математика мұғалімі болып бастаған.
2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған, педагогика ғылымдарының кандидаты.
2003-2010 жылдары А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтында «Математика және информатика» кафедрасының доцент м.а., кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2010-2015 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Математика және есептеу техникасы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
2015-2017 жылдары «Математика және есептеу техникасы» кафедраның доцент міндетін атқарушы, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
М.Б.Онгарбаева білімді ақпараттандыру мәселелері, математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі, жоғары мектеп педагогикасы салалары бойынша 60-тан астам ғылыми, әдістемелік мақалалардың, 3 оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Біршама ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері шетелдіік басылымдарда жарияланған.
2021-23 жж. аралығында №АР09259657 «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің білімін бақылау үшін прокторинг автоматтандырылған жүйесін зерттеу және әзірлеу» ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыру тақырыбы бойынша 3ГФ/21 жобасының мүшесі ретінде ғылыми жұмыстарын жүргізуде.
М.Б.Онгарбаева білім беру жүйесіндегі еңбегі үшін ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен және «Ауыл» партиясының Құрмет грамотасымен марапатталған.