АЙТЕКОВА КУРАЛАЙ УСКЕНБАЕВНА

Әйтекова Құралай Өскенбайқызы 1972 жылы 14 сәуірде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ерсай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

1989 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы М. Лермонтов атындағы орта мектепті бітірген.

1990 жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне географ мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1995 жылы осы университетті бітірді.

1995 жылдан 1998 жылға дейін Жамбыл қаласы, Жамбыл педагогикалық институтының биология кафедрасында аға зертханашы, магистр болып жұмыс істеді.

1998 жылы Жамбыл педагогикалық институты М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне айналуына байланысты 1999 жылы осы университеттің "Биология және экология" кафедрасына ауыстырылды.

2001 жылдан 2004 жылға дейін Экология және география кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2004 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының бөлінуіне байланысты 2004-2006 жылдары сол институттың география және экология кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.

2006-2007 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің экология кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. Зерттеу барысында 2010 жылдың 25 желтоқсанында  Алматы қаласы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетінде 25.00.36 - "Геоэкология" мамандығы бойынша диссертация қорғап, "Техника ғылымдарының кандидаты" атағын алды.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің "Биология және география" кафедрасының доценті, Педагогика факультеті ғылым жөніндегі деканының орынбасары, 2016 жылдан бастап жаратылыстану ғылымдары факультеті ғылым жөніндегі деканының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019-2021 оқу жылдары "Туризм, география және тарих" кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда "Биология және ауыл шаруашылығы мамандығы" кафедрасының меңгерушісі.

2021-2022 оқу жылынан бастап ғылыми-педагогикалық салада 26 жыл жұмыс істейді. Оның 40-қа жуық ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстары бар.