ЕЛУБАЕВА РАХАТ САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ

Елубаева Рахат Сайлаубекқызы 1993 жылы Жамбыл педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға түсіп, 1997 жылы Жамбыл университетінің әлем тілдері факультетін үздік бітірген.

1998-2000 жылдары осы оқу орнының аспирантурасында білім алып, 2000 жылы аспирантураның күндізгі бөлімін ойдағыдай аяқтап, «Қазақ тілін оқыту үрдісінде этнопедагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми негіздері» атты тақырыпта ғылыми кандидаттық диссертация қорғады.

2000-2004 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік университетінің, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақ әдебиеті» кафедрасында доцент міндетін атқарушы, 2004-2008 жылдары  А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институты «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2008-2009 оқу жылынан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Жалпы тілдер» кафедрасының меңгерушісі, 2009-2010 оқу жылында «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, 2010-2011 оқу жылынан 2019 жылға дейін «Филология» кафедрасының меңгерушісі, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалып, 2020-2021 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап былтырғы «Педагогика және Психология» мен «Мектепке дейінге және бастауыш оқыту» кафедраларының бірігіп, «Жалпы педагогика» кафедрасы болып қайта құрылуына байланысты 2020 жылдың қыркүйегінен бастап «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

Елубаева Рахат Сайлаубекқызының 100-ден аса ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбектері, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралы, 7 оқу әдістемелік құралы жарыққа шықты. 2010 жылы 10.01.02 – «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын иеленді. Ал 2013 жылы Аймақтық Менеджмент Академиясының корреспондент-мүшесі атағын алды.

Рахат Сайлаубекқызының бірнеше дүркін «Іскер басшы» номенациясының жүлдегері, мемлекеттік тілді дәріптеуге қосқан үлесі үшін 2013, 2017, 2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған. 2013 жылы «Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне 5 жыл» мерейтойлық медалімен, 2018 жылы «Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2016 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, ал 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2019 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы алтын медальмен мараппатталды.