СИХАЕВ АЙДАРХАН ӘШІМХАНҰЛЫ

Республикалық «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты 1981ж.

12.05.1960ж. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Қазал тау ауылында дүниеге келген.

1982 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл ту орденді Қазақ педагогикалық институтының көркем-сурет графика фаукльтетін бітірген.

1982ж. Жамбыл қаласындағы Абай педагогикалық училищесінің оқытушысы

1983ж. Жамбыл мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы

1983ж. Қазақ СССР жас суретшілер одағының мүшесі

1989ж. СССР суретшілер одағының мүшесі

1994ж. В.И. Ленин атындағы Москва мемлекеттік педагогикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты

1994ж. Жамбыл педагогикалық институтының оқытушысы

1997ж. «Әруақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

2000ж. Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі

2012-2020ж. «Қазақстан Республикасы суретшілер Одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы

2012ж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің доценті

2015ж. Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының Ә.Қастеев атындағы «Озық шығармашылығы үшін» медалімен марапатталған.

2016ж. Президенттің жолдауында алғашқы жарияланған «100 қадам, 100 табыс тарихы» туралы бағдарлама бойынша, мәдениет саласы жағынан республикамыздағы табысты жүз жеке тұлғаның бірі.

2018ж. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталған.

2021-2022 оқу жылында «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасына меңгеруші қызметіне тағайындалды.