Есперов Елдос Ізбасарұлы-Экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Қаржы және есеп" кафедрасының меңгерушісі.
Қазақ, 1980 жылы 6 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келген. 1998 жылы орта мектепті бітіріп, сол жылы М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-ға инженер-эколог мамандығына оқуға түсті. 2003 жылы осы университетті бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы "Жамбыл Су шаруашылығы" РМК Қордай УВС арнасы бойынша инженер, одан әрі 2004 жылдан 2011 жылға дейін Қазақ ұлттық аграрлық университеті "Су ресурстары" кафедрасында бастады. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен кандидаттық диссертация қорғады. 2011 жылдан бастап экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2011 жылдан 2017 жылға дейін "Қордай ауылшаруашылығы колледжі" РМҚК директоры. 2017 жылдан 2018 жылға дейін "Адал еңбек" ЖШС Қазақмыс учаске бастығы. 2019 жылдан 2021 жылға дейін М.Х. Дулати атындағы ТарМУ "Экономика" кафедрасының доцентінің м.а. 2021 жылдан бастап Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ "Қаржы және есеп" кафедрасының меңгерушісі.
2007 жылы ҚазҰАУ студенттер кәсіподағының төрағасы болып сайланды.
Аудандық мәслихаттың 5-6 шақырылымының депутаты.
Елбасының Алғыс хатымен марапатталған.
20 -ы Мәслихаттың медалімен марапатталған.