Мен Газаев Асхат Ибрагимұлы 1980 жылы 22 тамыз күні Жамбыл облысы Луговой кентінде дүниеге келдім. Номері 33 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепке 1986 жылы барып, 1997 жылы аталған мектепті тәмәмдадым.
2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығын бітіріп, заңгер біліктілігін алдым.
2008 жылыМ.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, аталған университетті 2010 жылы бітіріп, «құқық магистрі» академиялық дәрежесін алдым.
2016-2018 жылдары Ч. Храбр атындағы Варна еркін университетінің докторантурасында оқып, "криминология докторы" ғылыми дәрежесін алдым.
2018 жылы ҚР БҒМ № 1641 шешімімен "Құқықтану" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Білім сапасын бағалау мониторингі орталығына инспектор болып жұмысқа орналастым.
2008 жылы Заң факультетінің «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасында ассистент, 2009 жылы аталған кафедрада оқытушы болып қызмет атқардым.
2010 жылы «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасына аға оқытушы қызметіне конкурс арқылы өттім.
2015-2016 ж. ТарМУ Заң факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.
2016-2017 ж. ТарМУ Заң факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
2017-2019 ж. ТарМУ Заң факультетінің "Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық" кафедрасының меңгерушісі.
2019-2020 ж. ТарМУ Заң факультетінің "Қылмыстық құқық және процесс" кафедрасының меңгерушісі.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ХТИИ "Азаматтық және қылмыстық құқық" кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарудамын.
Үйленгенмін, үш баланың әкесімін.