Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор

Қадырова Ақмарал Сатбекқызы

Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор

Байланыс телефоны: +7 (7262) 54-11-24

ORCID ID: https://orcid.org / 0000-0001-8948-6323
Scopus Author ID: 57193848418
Researcher ID: Researcher ID in Publons: AAK-4399-2021
РИНЦ ID: 30332555  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

   

Қадырова Ақмарал Сатбекқызы, Павлодар облысының тумасы. 1997 жылы Павлодар университетінің "Бизнес және менеджмент" факультетін "Экономика және менеджмент (әлеуметтік салада және салаларда) "мамандығы бойынша аяқтады.

1998 жылдан 2020 жылға дейін Инновациялық Еуразия университетінде жұмыс істеді. Кафедрада маман болып бастап, академиялық жұмыс жөніндегі проректорға дейінгі еңбек жолынан өтті. 2020-2022 жылдар аралығында Павлодар педагогикалық университетінде және Торайғыров университетінде жұмыс істеді.

2008 жылы Сібір автомобиль-жол академиясының диссертациялық кеңесінде "Өндірістік және кәсіпкерлік құрылымдардың өзара әрекеттесу механизмі" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2009 жылы ҚР БҒМ БҒСБК-да РФ экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қайта аттестаттау рәсімінен өтті және ҚР экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 2010 жылы ҚР экономика доценті ғылыми атағы берілді.

Павлодар облысы әкімдігінің біліктілікті арттыру институтының, ИнЕУ МВА жаттықтырушысы болды. БСҚА, NCPA (РФ) халықаралық агенттіктерінің сарапшысы ретінде қызмет етеді. 3 оқу құралының (оның ішінде 2 электрондық), монографияның, 60-тан астам жарияланымның, оның ішінде Scopus базасындағы басылымдарда 5 жарияланымның авторы болып табылады, сондай-ақ оқу процесін ұйымдастыру бойынша, оның ішінде қашықтықтан оқыту жағдайында 40-тан астам нормативтік ережелердің авторы болып табылады. Зияткерлік меншік объектілеріне 3 авторлық куәлігі бар.

Экономика және менеджмент мәселелері бойынша олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға 50-ден астам магистрант дайындаған. Оқу процесіне бірқатар инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін енгізді, оның ішінде MINOR қосымша білім беру бағдарламалары, бинарлық сабақтар, бакалавриат мамандықтарына арналған дуальді оқыту бағдарламалары, білім алушылардың білімін "соқыр бағалау" әдісі бар. Оқу процесін автоматтандыру мен қашықтықтан оқыту технологияларын дамытуға қатысты.

70-тен астам әр түрлі біліктілікті арттыру туралы сертификаттары бар. Павлодар облысының Білім және ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен (2009 ж.), ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2010,2017 ж.), Павлодар облысы әкімінің Алғыс хатымен (2018 ж.), ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының "Үздік менеджер" медалімен (2019 ж.) марапатталған.