НУРГАБЫЛОВ МУРАТ НУРИДИНОВИЧ

2009-2012 жылдар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде PhD докторантурада оқып, 2013 жылы «Қазақстанның агроөндірісін басқаруды жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

2011 жылы және 2012 жылы Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания штатында, Пенсильвания мемлекеттік университетінде ғылыми тәжірбиеден өтіп, ғылыми – тәжірбиелік конференцияларға қатысты.

2013 жылдан қазіргі таңға дейін Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінде «Идеология және қоғаммен байланыс» басқармасының бастығы, ректордың университеттің дамуы бойынша кеңесшісі, «Қашықтықтан оқыту» факультеті деканы қызметтерін атқарды. «Экономика және басқару» кафедрасының доценті.

М.Н. Нұрғабылов осы күнге дейін ҚР БжҒМ Білім және Ғылым саласын бақылау комитеті бекіткен басылымдарда, Thomson Reuters халықаралық ғылыми басылымдарға кіретін (нөлдік импакт-фактормен) және халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциялардың басылымдарында мақалалары жарияланды. Көптеген республикалық ғылыми – тәжірибелік іс – шараларға қатысты.

Қоғамдық және саяси жұмыстарға аянбай атсалысып, өзінің білікті маман, жанашыр азамат екенін көрсете білді.

М. Нургабыловтың ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеті жоғары. Қызметтестермен және студенттермен өзін сыпайы ұстайды, қай ортада болмасын сыйлы, ұжым арасында абыройлы, құрметті.

Кафедра, факультет, институт көлемінде өтетін ғылыми және мәдени іс шараларға белсене қатысып, тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен орындайды.

Облыстық, аудандық дөңгелек столдар, семинарлар өткізіп, өскелең ұрпақтың рухани қанаттанып, мәңгілік еліміздің ертеңіне саналатын бәсекеге қабілетті жоғары мамандар даярлау ісінде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқан бірегей маман. Осы бағыттағы еңбегі институт басшылығы мен облыс әкімдігі тарапынан да ескеріліп, бірқатар алғыс хаттармен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.

мекен жайы : Қойгелді көшесі,163 А