КУРМАНБЕКОВА АЙГУЛЬ САУКЫМБЕКОВНА

Құрманбекова Айгүл Сауқымбекқызы, 15.05.1970 жылы Жамбыл облысында туылған. 

1994 жылы Жамбыл педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығын оқып бітіреді. 

1994-1996 жылдары Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында (ЖТЖЖТӨИ) «Мәдениеттану» кафедрасында «Педагогика және психология» пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарады. 1996 жылы Тараз мемлекттік университетінің «Жалпы педагогика» бөлімі бойынша аспирантураның сырттай бөліміне қабылданады. 1996-1998ж.ж. аралығында ЖТЖЖТӨИ-ның «Мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады. 1998-2000ж.ж. аралығында Тараз мемлекеттік университетінің «Әлеуметтану және басқару» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс жасайды. 2000 жылы педагогика ғылымдарынан кандидаттық диссертациясын 13.00.01-«Жалпы педагогика, этнопедагогика және педагогика тарихы» мамандығы бойынша «Формирование нравственных качеств у студентов» тақырыбында қорғап, 2003 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алған. 

2000-2003 жылдары Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық университетітінің Тараз бөлімшесінде «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады. 2004-2008ж.ж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 2008 жылы аталған институттың «Педагогика және құқықтану» факультетінің деканы болып қызмет атқарады. 2009 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Педагогика» факультетінің деканы болып жұмыс жасайды. 2010-2011 оқу жылында аталған университеттің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. 2011-2012 оқу жылында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2012-2014 ж.ж. аралығында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Білім-экономика» факультетінің деканы, 2014-2015 оқу жылында «Педагогика» факультетінің деканы, 2015 жылдан осы күнге дейін ТИГУ-дің «Білім» факультетінің, қазіргі уақытты ХТИИ «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы қызметін атқарып келеді. А.С.Құрманбекованың топ кураторларына арналған «Примерное содержание работы куратора» атты әдістемелік нұсқаулығы және 100-ге жуық педагогика және психология ғылымдары бағытында ғылыми мақалалары жарық көрген. Автор өзінің ғылыми мақалаларын SCOРUS, РИНЦ және халықаралық ғылыми-практикалық, республикалық, аймақтық конференцияларда, көпшілік танымдық баспа беттерінде жариялаған. 

Айгүл Сауқымбекқызы республикалық және аймақтық деңгейдегі кәсіби біліктілігін көтеруден өтіп, арнайы сертификаттарға еге болған. Сонымен қатар, 2008 жылы Ғылым және Білім министрі Б.Әйтімованың еліміздің оқу және қоғамдық жұмыстарда және ұрпақ тәрбиелеудегі үлесі үшін арнайы «Алғыс» хатпен марапатталған. 2016 жылы Облыс әкімі К.Көкірекбаевтің ұрпақ тәрбиелеудегі үлесі үшін арнайы «Алғыс» хатпен, 2017 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірінің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін «Алғыс хатпен», 2019 жылы Білім және Ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин төс белгісімен» марапатталған.