Студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында институт ұжымының шешімі бойынша 2018 жылдың 26 қарашасында қала орталығында орналасқан «Тараз» қонақ үйі кешені студенттік жатақхана үшін реконструкциялау арқылы – 430 млн. теңгеге сатып алынды. 2019-2020 оқу жылында жалпы ауданы 7 130,6 ш.м. болатын 384 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді. Студенттер үйі ХТИИ студенттерінің танымдық, мәдени және әлеуметтену орталығы болып табылатын заманауи үлгідегі кешен. Студенттер үйі ХТИИ студенттерінің барлық қажеттіліктерін бір орталықтан алуына толық мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін түрлі нысандардың қызметі жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
№ | Санаты | Қажетті құжаттар |
---|---|---|
1 | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар | Білім алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, ата-анасының қайтыс болғандығы туралы куәліктің көшірмесі, соттың шешімі (егер ата-ана бала тәрбиесінен бас тартқан жағдайда), әкімшілік шешімінің көшірмесі |
2 | І курсқа қабылданған «Алтын белгі»иегерлері | Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары |
3 | Президенттік, халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалармен зияткерлік конкурстардың жеңімпазынемесе жүлдегерінің сертификаты бар білім алушылар | Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары |
4 | Даму мүмкіндіктері шектеулі, мүгедектер мен бала кезінен мүгедек білім алушылар | Жеке куәлік көшірмесі, білім алушының мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі |
5 | Ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын білім алушылар | Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі, ата-анасының біреуінің мүгедектігі туралы анықтама |
6 | Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қандастар қатарындағы білім алушылар | Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қандас туралы растау құжаты |
7 | Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе Кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша І курсқа қабылданған жоғары балл иегерлері | Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары |
8 | Білім туралы растайтын құжаты (куәлік, аттестат, диплом) бар ұйымды үздік бітірген талапкерлер | Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары |
9 | Шетел азаматтары | Білім алушының паспортының көшірмесі |
10 | Өзге облыстар мен шалғай аудандардан келген білім алушылар | Студенттің жеке куәлік көшірмесі, анықтама e.gov. |
11 | Оқу, ғылым және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелерге жеткен білім алушылар | Білім алушының жеке куәлік көшірмесі, растау құжаттары |