Ректордың кеңесшісі

 

АСҚАР БЕГАДІЛҰЛЫ АБДУАЛЫ

Ректордың кеңесшісі

Байланыс телефоны: +7 (7262)

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 69Б

 

 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан ауылында 03.01.1953 жылы көп балалы отбасында дүниеге келген.

1975 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1979 жылы институтты «Тарих» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл педагогикалық институтында бастап, 1979-1983 жылдары «Тарих және саясаттану» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарған.

1983-1988 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасында білімін жалғастырып, 1988 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін корғап шықты.

1992 жылы доцент ғылыми атағын алған. 1989-1996 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.

1996-1998 жылдары Жамбыл университетінде кафедра меңгерушісі, 1998-2001 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетінің деканы, 2001-2003 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры.

2003-2010 жылдары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының директоры қызметтерін атқарған.

2006 жылы «XVIII ғасырдың 2-ші жартысы және XIX ғасырдың 60 жылдар аралығындағы Хиуа хандығы мен Қазақстанның қарым-қатынасы» тақырыбы бойынша тарих ғылымдарының докторы дәрежесін қорғап, 2010 жылы профессор ғылыми атағын алған.

2010 жылдың наурызы мен 2013 жылдың наурызы аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.

2013 жылдың 1 сәуірінен 2020 жылдың ақпан айына дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры қызметін атқарған.

Білім беру саласындағы көп жылдық жемісті еңбектері үшін 2002 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің кұрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, 2006 жылы «Отан» республикалық саяси партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, 2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен, 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, 2011 жылы «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген Еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және 2013 жылы желтоқсанда мемлекеттік «Құрмет» орденімен наградталған.

Жамбыл облысы Байзақ ауданының «Құрметті азаматы». 2018 жылы қыркүйек айында Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығының құрметіне «Алаш» естелік медалімен марапатталды.

Асқар Бегаділұлы – 160 дан аса ғылыми және әдістемелік еңбектердің, соның ішінде 10 монографияның, оқулық және оқу құралдарының авторы.

Отбасылы, үш баласы, тоғыз немересі бар.