ҚАЙРАТ БАЛАБИҰЛЫ БАЙЖАНОВ

1968 жылдың 30 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген.  1985 жылы Жамбыл қаласындағы №12 орта мектебін бітірген. 1985 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына «География және биология» мамандығы бойынша оқуға қабылданды. 1986-1988 жылдары КСРО әскері қатарында қызмет атқарды (Карелия). 1992 жылы  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «География және биология» мамандығы бойынша бітірген. 1992-2000 жылдары  Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында  кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып істеген.  2001-2004 жылдары М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-де  аға оқытушы, декан орынбасары,   2004-2008 жылдары   А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты «География және экология» кафедрасының меңгерушісі, жауапты хатшы, ал,  2008 жылдан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, Құрылтайшылар кеңесі төрағасы, бірінші проректор, үйлестіру кеңесі төрағасы. Бүгінде Қамқоршылар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 1993-1997 жылдары Ұлттық Академиялық аграрлық зерттеулер орталығының  аспирантурасында  оқыды. 1999 жылы «06.01.05 - Селекция және тұқым шаруашылығы» мамандығы бойынша «Селекция картофеля на устойчивость к ранней бурой пятнистости листьев в условиях юго-востока Казахстана» тақырыбында кандидаттық диссертациясын табысты қорғап, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты атанды. 

Қ.Б. Байжанов - 50-ден астам  ғылыми еңбектің авторы. Соның ішінде 1 оқу құралы мен 10 авторлық куәлік, 2 өнертабыс патентін иеленген. 

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар партиясы Тараз қаласы филиалының төрағасы.

Үздік ғылыми еңбегі үшін «Жас ғалым» сыйлығы лауреаты (1997 ж.), «Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін» (2011 ж.),  Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің алғыс хаты (2011 ж.).)«Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» (2017 ж.) Жамбыл облысына сіңген еңбегі үшін (2019 ж.) төсбелгілерімен марапатталған.