COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / faculties / FACULTY OF NATURAL SCIENCES / DEPARTMENT OF "TOURISM, GEOGRAPHY AND HISTORY"

DEPARTMENT OF TOURISM, GEOGRAPHY AND HISTORY

Head of the Department

 

Мырзабеков Жамбыл Ерғараұлы

PHD философия докторы

Байланыс телефоны: +7 778 523 0877

E- mail.ru: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Мырзабеков Жамбыл Ерғараұлы 1978 жылы туылған, ұлты – қазақ. 1996 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектепті бітірген.

1998 жылыәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия және саясаттану» факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы «Философия» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Қазақ қыздар педагогикалық институтының «Философия және саясаттану» кафедрасында оқытушы болудан бастады.

2005-2008 жылдары бастап А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

2008-жылдан бастап Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің «Әлеуметтік құқық», кейіннен «Тарих» кафедрасында аға оқытушы, 2014-2017 жылдары М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Философия және саясаттану» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

2004-2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия және саясаттану» факультеті, «Философия» мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды. 2012-жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «философия» мамандығы бойынша магистратураны оқып, 2014-жылы тәмамдады.С.ғ.к.,доцент П.Сүлейменовтің ғылыми жетекшілігімен «М.Х.Дулати мұрасының түркі өркениетіндегі орны» тақырыбында магистрлік диссертациялық жұмысын қорғады. Жалпы ғылыми-педагогикалық өтілі – 19 жыл.

2017-2020 жылдары докторантурада оқыған.Академик Ғ.Есімнің ғылыми жетекшілігімен ұлы ойшыл, тұңғыш тарихшы М.Дулатидің шығармашылығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 2020 жылы докторлық диссертациясын табысты қорғап, ғылыми атағын иеленді.

2013 жылы Чехия Республикасында Оломуц университетінде, 2019 жылы Туркия Республикасының Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. Тараз қаласы әкімінің алғыс хатымен, институт ректорының алғыс хаттарымен марапатталған. Ж.Е. Мырзабеков өз еңбек жолында ғылымнан қол үзген емес. 40-қа жуық ғылыми-зерттеу мақалаларының авторы, халықаралық, республикалық көлемінде ұйымдастырылатын ғылыми конференцияларға ұдайы қатысып отырады. Ғылыми-зерттеу мақалалары жоғары аттестаттау комитеті ұсынған басылымдарда, бірнеше мақалалары халықаралық журналдар мен Скопус базасындағы импакт факторлы көрсеткіші бар шетелдік басылымдарда жарық көрген.

2016 жылы Эверо баспасынан жарық көрген «Түркі өркениетінің мәдени-тарихи құндылықтарын зерттеу негіздері» атты оқу құралы мен 2020 жылы жарық көрген «Философиялық дүниетаным және ойшылдар шығармашылығы» атты монографиясы жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде сұраныспен қолданылуда. Бүгінгі таңда Ж.Мырзабеков өз ғылыми-зерттеу мақалаларында отандық пәлсапа, ұлттық руханият, діни тұрақтылық мәселесіне ден қойып келеді. Өз қызметіне адал, әрі үлкен жауапкершілікпен қарайды, кафедра, факультет, институттың, қала мен облыстың қоғамдық өміріне белсенді атсалысады. Ж. Мырзабеков елімізде жүргізілген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мемлекеттік бағдарламаларының орындалуына, Мемлекет басшысы Жолдауларының толыққанды насихатталуына қызу араласып, осы мәселеге қатысты республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысады, жұмыс тобының тұрақты мүшесі. Жамбыл Ерғараұлы студенттер мен жас оқытушылар, магистрлерге үнемі ғылыми бағыт-бағдар көрсетіп отыратындықтан жоғары беделге ие. Ж.Мырзабековтің ғылыми жетекшілігімен мектеп оқушылары мен институт студенттері облыстық, республикалық ғылыми жобаларда жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар, ғалым жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушыларына арналып дайындалған, Жамбыл облысы мектептерінде арнайы оқытылатын «Шерхантану» курсының оқу бағдарламасының авторларының бірі. Институтта орындалатын «Жамбыл облысының киелі жерлерін тарихи-географиялық тұрғыдан зерттеу негіздері» атты перспективалық жобаның жетекші орындаушысы. Институтта дайындалатын барлық білім беру бағдарламалары бойынша міндетті пән - Философияны оқытатын жетекші маман. «Тарих» білім беру бағдарламасының модульдік бағдарламасын әзірлеуші. Пәнді оқытуда болашақ мамандардың тұлғалық қалыптасуына, рухани жетілуіне, бәсекеге қабілетті, креативті ойлай алуына мүмкіндіктер жасауды басты мақсат етіп келеді. Ж.Е.Мырзабеков – әріптестеріне сыйлы, үнемі кәсіби біліктілігін жетілдіріп отырады, оқу үрдісіндегі жаңаша технологияларды өздігінше қолданып, жетілдіре біледі, жауапкершілігі мол маман.

Composition of the department

  

Aldashov B.A.

Academic degree: Doctor of Social Sciences

Academic title: Professor

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Abdualy A.B.

Academic degree: Doctor of historical sciences

academic title: Professor

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Botbaev A.K.

Academic degree: candidate of Geographical Sciences

Academic title: associate professor

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Moldakhmetov M.M.

Academic degree: candidate of Geographical Sciences

Academic title: associate professor

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Bozzhigitov A.K.

Academic degree: senior lecturer

academic title: Master

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

   

BeibitovN Z.h.

Academic degree: senior lecturer

academic title: Master

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

   

Merzhanov S.A.

Academic degree: teacher

academic title: Master

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

  

Dzhunisbekova Ainur Rapilbekovna

senior lecturer master

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

  

Uspanova Gulzhan Kanatova

senior lecturer master

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Sabit M.

Doctor of philosophy

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Dosumbaeva A.

Doctor of historical sciences

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Tokbolat S.T.

Candidate of historical sciences

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Ermakhanova R.B.

senior lecturer master

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Igilikova N.T.

teacher master

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Tokbaeva M.N.

teacher master

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.