Қазақ аруы
13.12.2022 ж.күні Алматы қаласы, Республика сарайында "Қазақ аруы" ХІІ ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті.
Таза алтыннан жасалған тәж бен "Қазақстанның сұлуы" атағы үшін Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 18 қыз интро, дефиле, шығармашылық және интеллектуалды байқау сияқты турларда бақ сынады. Бас продюсер Баян Мақсатқызы бастаған құзыретті қазылар алқасы таңдау жасады.
"Қазақ аруы" сұлулық байқауына Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Қар-19-1 тобының студенті Бұтақбаева Манат қатысып, қазылар алқасынан жоғарғы бағаға ие болды.
Сонымен қатар эстрада жұлдыздары Айқын Төлепберген, Мәдина Сәдуақасова, 2RAR, AYREE, Mona Songs, Камшат Жолдыбаева, Еркеш Хасен, "Кешю", Арсеналин және басқалар өнер көрсетті.