ҚЫСҚЫ МЕКТЕП БІРІНШІ КҮН
Бүгін, 05.01.2023ж. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты жас оқытушыларға арналған «Жоғары мектептегі заманауи трендтер» тақырыбындағы "Қысқы мектеп" өз жұмысын бастады.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес тренерлер «Жоғары білімнің нормативтік-құқықтық аспектілері» модуль бойынша төмендегі тақырыптар аясында ақпараттық сабақтар жүргізді:
- жоғары білімнің нормативтік құқықтық базасы - А.С.Кадырова, «Академиялық жұмыстар жөніндегі» проректор;
- оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру - К.Н.Тастанбекова, «Академиялық саясат басқармасының» басшысы;
- академиялық эдвайзинг және жазғы семестрді ұйымдастыру - М.А.Азимова, «Тіркеу офисінің» жетекшісі;
- жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз етудің стандарттары мен нұсқаулығы(ESG) - Б.К.Жундибаева, «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы;
- дуалды оқытуды ұйымдастыру - Б.Ж.Дуралиева, «Қорытынды аттестаттау және дуалды оқыту секторының» маманы.
Жоғарыда аталған тренерлер барлық тақырыптар бойынша жас оқытушыларға толық ақпараттар беріп, презентация түрінде түсіндіріп өтті. Әрбір сабақтың соңында сұрақ-жауап алмасу болды.
«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева.