COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЛТЫНШЫ КҮН

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЛТЫНШЫ КҮН

Бүгін, 12.01.2023ж. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты жас оқытушыларға арналған Қысқы мектеп «Оқытушының ғылыми жұмысы». «HR-менеджмент» «Заманауи кітапхана жұмысындағы креативті тәсілдер» модульдері бойынша алтыншы күнді аяқтады.

«Оқытушының ғылыми жұмысы» модульі бойынша институттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары: жоспарлау және коммерцияландыру тақырыбы аясында ректордың ғылым және коммерциялау жөніндегі кеңесшісі, э.ғ.д., профессор С.Д.Тажибаев оқытушыларға:
- фундаменталдық және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
- білім беруде инновациялық ғылыми жетістіктер мен технологияларды пайдалану;
- экономиканы дамыту мүддесінде ғылымды қажет ететін жобаларды әзірлеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтамасыз ету;
- елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру;
- жоғары білікті ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлау;
- монографияларды дайындау және басып шығару;
- оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындау.
- ішкі және шетелдегі басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялау;
- ғылыми іс-шараларды (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, т.б.) ұйымдастыру;
- студенттер мен магистрантардың ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- ғылыми-практикалық журнал шығару туралы толық түсінік беріп өтті.

С.Д.Тажибаев институт ішінде халықаралық байланыстар және атқарылып жатқан ғылыми жұмыстар шеңберінде мәлімет берді. Сонымен қатар, оқытушыларға ғылыми жұмыстар бойынша үнемі қолдау мен кеңес беруге дайын екенін, оқытушылардың ең маңызды жұмыстарының бірі ғылыммен айналысу керек екенін атап өтті.

«HR-менеджмент» модуль аясында «Басқарушылық шешімдерді қабылдау». «Қызметкерлерді ынталандыру тетігі» тақырыптары бойынша «Экономика және бизнес факультетінің» деканы, PhD Ж.А.Қуатбеков оқытушыларға:
- басқарушылық шешім;
- шешімдерді қабылдаудың негізгі себептері;
- мемлекеттік шешімдердің жіктелуі;
- қабылданатын басқарушылық шешімнің сипаттамасы;
- басқарушылық шешімдерді қабылдау субъектілері;
- әкімшілік шешімдер т.б. басқарушылық және қызметкерді ынталандыру бойынша толық мағлұмат беріп өтті. Ж.А.Қуатбеков оқытушыларды топқа бөліп берілген тақырыптардың төңірегінде ой қозғатты. Оқытушылар өз ойларымен бөлісіп, тақырыптарын қорытындылап қорғап шықты.

Сондай-ақ «HR-менеджмент» модуль аясында «Жоғары білімді басқарудағы көшбасшылық» тақырыбында «Жаратылыстану факультетінің» деканы, PhD М.Н.Нургабылов оқытушыларға:
- жоғары оқу орнындағы білім берудегі көшбасшылық және менеджмент;
- адам ресурстарын басқару;
- қаржы менеджменті;
- деректер негізінде шешім қабылдау;
- оқу қызметі және студенттерге қызмет көрсету;
- институттағы ғылыми-зерттеу қызметі;
- зерттеу әдістерінің негіздері;
- жобаларды қорғау бойынша кеңінен мағлұмат беріп, оқытушылармен пікір алмасты. М.Н.Нургабылов Ш.Мұртаза атындағы институттың даму жолында атқарылған ауқымды іс-шаралар мен алдағы даму стратегиясында институт президенті Ерболат Байұзақұлының ерен еңбектерін атап көрсетіп, оқу, ғылым, тәрбие бойынша оқытушылардың атқарар үлесіне тоқталды. Сонымен қатар, жас оқытушыларға ғылыммен айналысып, білімді жоғарылату тетіктерін қозғап, оқытушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.
«Заманауи кітапхана жұмысындағы креативті тәсілдер» модуль бойынша «Ақпараттық-кітапханалық орталығының» директоры С.Н.Сапарғалиева «Заманауи кітапхана ресурстары» тақырыбы аясында оқытушыларға:
- ақпараттық-кітапханалық орталығындағы әдебитеттер туралы, оның жабдықталуы;
- оқытушылар мен студенттерге жасалынған қолайлы жағдайлар;
- электронды ресурстарды пайдалану;
- ақпараттық-кітапханалық орталықтың онйлайн қызметі туралы;
- институттың отандық және шетелдік кітапханамен байланысы және қолжетімділігі ;
- жаңа түскен әдебиеттерді насихаттау туралы толық ақпарат берді.

‼️ С.Н.Сапарғалиева «Ақпараттық-кітапханалық орталықтың» негізгі миссиясы- білім мен ғылымды дамытуға профессор-оқытушылар құрамына, жас ғалымдар мен студенттерге ақпараттық және кітапханалық өнімдер мен қызметтерді ұсыну арқылы ықпал ету екенін айтып өтіп, оқытушыларға ізденіс пен оқыту барысында кітапхананың үлкен мүмкіндіктері мен қолайлы жағдайларына тоқталды. С.Н.Сапарғалиева оқытушылар қойған сұрақтарға жауап беріп, пән оқытушысы тұрғысында ғылыми әдебиеттерді ғана қолданбай, басқа да жанрлардың тұрақты оқырманына айналуға шақырды.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева