«ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ» КАФЕДРАСЫ
Кафедра меңгерушісі
Саурықова Жұлдыз Мейірханқызы
Байланыс телефоны:
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Саурықова Жұлдыз Мейірханқызы 1972 жылдың 17 шілдесінде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
1979-1989 жылдары Фурмановка селосындағы Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітірген.
1989-1994 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында «Ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша білім алып, ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі біліктілігін иеленген.
Еңбек жолын 1994 жылы Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болудан бастаған. 1996-1999 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 130001 – "Жалпы педагогика" мамандығы бойынша аспирантурасының күндізгі бөлімін тәмамдаған.
2001-2016 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде аға оқытушы қызметін атқарған.
2016-2019 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Педагогика» мамандығы бойынша докторантурасын бітіріп, «Жаңартылған білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында алдын-ала қорғаудан өтті.
Саурықова Жұлдыз Мейірханқызының көп жылдардағы ізденістерінің нәтижесі ретінде бірқатар монографиялық еңбектері баспадан шығарылып, жоғары оқу орындарының оқыту үдерісінде кең қолданыс табуда. «М.Ж.Көпеев дүниетанымы және тәлім-тәрбиелік мұралары» атты монографиясы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Бөлеевпен бірлесіп жазған «Қазақ халқы тарихи тұлғаларының педагогикалық мұралары», «Қазақ тарихи тұлғаларының педагогикасы», «Түрік отбасылық тәрбиесі», «Дәстүрлі келін тәрбиесі», Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.Құралұлымен бірге жарық көрген «Казахские народные приметы и поверья», «Салт-дәстүрге, тарихқа, дінге байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі», тағы басқа да оқу құралдары педагогикалық бағыттағы студенттер мен жас ізденушілер үшін ғана емес, жалпы ұрпақ тәрбиесіне аса терең мазмұнмен қарайтын оқырмандар тарапынан мол сұранысқа ие болуда.
Ж.Саурықова – 30-дан астам ғылыми-зерттеу мақалаларының авторы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жоғары көрсеткішке ие импакт факторлы басылымдарда, шетелдік журналдарда, Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тізбесіне енетін басылымдарда жарияланған.
Кафедра құрамы