«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ
Кафедра меңгерушісі
Елубаева Рахат Сайлаубекқызы
Байланыс телефоны: +7 777 101 35 46
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Елубаева Рахат Сайлаубекқызы 1993 жылы Жамбыл педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға түсіп, 1997 жылы Жамбыл университетінің әлем тілдері факультетін үздік бітірген. 1998-2000 жылдары осы оқу орнының аспирантурасында білім алып, 2000 жылы аспирантураның күндізгі бөлімін ойдағыдай аяқтап, «Қазақ тілін оқыту үрдісінде этнопедагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми негіздері» атты тақырыпта ғылыми кандидаттық диссертация қорғады. 2000-2004 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік университетінің, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақ әдебиеті» кафедрасында доцент міндетін атқарушы, 2004-2008 жылдары А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институты «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2008-2009 оқу жылынан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Жалпы тілдер» кафедрасының меңгерушісі, 2009-2010 оқу жылында «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, 2010-2011 оқу жылынан 2019 жылға дейін «Филология» кафедрасының меңгерушісі, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалып, 2020-2021 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап былтырғы «Педагогика және Психология» мен «Мектепке дейінге және бастауыш оқыту» кафедраларының бірігіп, «Жалпы педагогика» кафедрасы болып қайта құрылуына байланысты 2020 жылдың қыркүйегінен бастап «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Елубаева Рахат Сайлаубекқызының 100-ден аса ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбектері, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралы, 7 оқу әдістемелік құралы жарыққа шықты. 2010 жылы 10.01.02 – «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын иеленді. Ал 2013 жылы Аймақтық Менеджмент Академиясының корреспондент-мүшесі атағын алды.
Рахат Сайлаубекқызының бірнеше дүркін «Іскер басшы» номенациясының жүлдегері, мемлекеттік тілді дәріптеуге қосқан үлесі үшін 2013, 2017, 2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған. 2013 жылы «Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне 5 жыл» мерейтойлық медалімен, 2018 жылы «Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2016 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, ал 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2019 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы алтын медальмен мараппатталды.
Кафедра туралы
Кафедраның мақсаты заманауи талаптарға жауап беретін білімді, білікті, дені сау, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады. Профессор-оқытушылар құрамы оқу процесін заманауи ақпараттық технологияларға негізделген интерактивті оқыту түрінде жүргізеді. Кафедрада білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесімен байланысты, мемлекеттік стандарттарды әзірлеу арқылы халықаралық байланыстарды арттыруға бағытталған тұрақты жұмыс жүргізіледі. Кафедраның материалдық-техникалық базасы заманауи ақпараттық құралдармен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен жабдықталған, жас ғалымдардың оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жан-жақты шығармашылық дамуына мүмкіндік береді. Кафедраның ПОҚ негізгі қызметтері мен жұмыстары жоғары білікті, шығармашылық жетістіктері бар, қабілетті және болашақ ұрпаққа сапалы білім беретін мамандарды даярлауға бағытталған. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Республикаға танымал ғалымдар мен оқытушылар болып табылады. Сонымен қатар, жаңа жүйеде білім мен оқытудың жаңа технологияларын меңгереді, оқу процесіне оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар, кешендер мен силлабустар енгізеді.
«Жалпы педагогика» кафедрасы келесі бағыттар бойынша мамандар даярлайды:
БАКАЛАВРИАТ Код Кадрларды даярлаудың білім беру бағыттарының коды Мамандықтардың атаулары B001 Педагогика және психология 6В01101- Педагогика және психология В002 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогикасы 6В01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі МАГИСТРАТУРА 7M001 Педагогика және психология
6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының түлегі келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:
· профилактикалық және емдеу ұйымдарында, пенитенциарлық және түзеу мекемелерінде түзету жұмыстарын жүргізу.
· білім беру және өндірістік ұйымдардағы кәсіби қызмет; Кәсіби қызметтің мазмұны. Білім беру:
· білім беру, тәрбиелеу және кәсіптік оқыту ұйымдарындағы, пенитенциарлық мекемелердегі психологиялық қызмет;
· адамның әлеуметтік дамуы мен жеке өсуі контексінде оқу және оқыту, тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу процестерін ғылыми-психологиялық зерделеу;
· орта буын білім беру ұйымдарында психологиялық пәндерді оқыту;
· білім беру мекемесі жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті білім берудің заманауи технологияларын пайдалану.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық:
· өндірістік кәсіпорындар мен бизнес ұйымдарындағы психологиялық қызмет, жұмыс орнында сындарлы әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру;
· еңбек өнімділігін арттырудың психологиялық резервтерін анықтау және тиімді пайдалану және өндірістегі тұлғааралық қатынастарды үйлестіру.
Консультативтік:
· жеке және топтық нұсқаларда психологиялық кеңес берудің әртүрлі әдістерін сауатты және байыпты қолдану;
· дағдарыс жағдайында қалған адамдарға психологиялық көмек көрсету.
6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Білім беру бағдарламасының маманы лауазымдарының тізбесі:
- мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеші - педагогикалық колледж оқытушысы - білім басқармасының маманы; - педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институттарындағы мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі маман. Кәсіби қызмет объектілері: - білім департаменттері-мектепке дейінгі ұйымдар - шағын орталықтар - педагогикалық колледждер - білім басқармасының департаменттері - білім беру орталықтары - білім беру жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталықтары
6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының түлегі келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:
Білім беру бағдарламасының маманы лауазымдарының тізбесі: - білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімі; - білім беру мекемелеріндегі бастауыш сынып педагог-психологы; - білім беру мекемелеріндегі бастауыш сынып мұғалім-әдіскері; Кәсіби қызмет объектілері: - білім беру мекемелері - шағын жинақты мектептер - гимназиялар, лицейлер - мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер (кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары)
7М01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының магистр түлегі келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:
· гуманитарлық ғылымдар саласындағы университеттер мен басқа да жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы (тілдік пәндерден басқа); · жалпы білім беретін, кәсіби бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу жөніндегі кәсіби мамандар; · психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының директоры; студенттер зерттеу бюросының (білім беру) бөлім басшысы; · білім беру, Колледж, қайта даярлау және біліктілікті арттыру саласындағы оқытушы; нұсқаушы (тренингтер, қайта даярлау және біліктілікті арттыру); · кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының маманы; · жаттықтырушы (тренингтер, қайта даярлау және біліктілікті арттыру); · емтихан алушы (тренингтер, қайта даярлау және біліктілікті арттыру); · білім беру, студенттерді дамыту мәселелері бойынша кеңесші; психология саласындағы ғылыми зерттеуші.
Кафедра құрамы
Кафедра жетістіктері
2022-2023 оқу жылында дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша серіктес кәсіпорынмен бірлесе №28 балабақшада МДТ-20-1 тобының студенттері "Ойынның педагогикалық- психологиялық негіздері" пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізу барысы.
2022-2023 оқу жылында дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша серіктес кәсіпорынмен бірлесе Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында БОПӘ-20-1,3 топтарының студенттері "Бірінші сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негіздері" пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізді.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Халықаралық Тараз инновациялық институты, “ Педагогика” факультеті, “Жалпы педагогика” кафедрасына қарасты “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығы дуалды оқыту бойынша №35 “Ер Төстік“ балабақшасында, МДОТ -20/1 тобымен "Коррекциялық педагогика негіздері” пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ өте қызықты өтті. Студенттер белсенді қатысты. Балабақша педагогы өз алдына қойған мақсатына жетті. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
ҚҰЗЫРЛЫ ПЕДАГОГ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қазақстан Республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтары, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Халықаралық Тараз инновациялық институты кәсіби мамандарды дайындау мәселесін шешудің де жаңа жолдарын қарастыру мақсатымен үнемі игі істердің басы-қасында жүретін ЖОО-ның бірі. Институт ректоры Е.Б.Саурықовтың қолдауымен, «Педагогика» факультетінің деканы М.Т.Қожаеваның бастамасымен, «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Р.Т.Елубаева және ПОҚ-ның ұйымдастыруымен Сатпаев көшесі 1 «А» оқу ғимаратында заманауи талапқа сай жабдықталған «Бірінші сынып кабинеті» және «Психологиялық-педагогикалық пәндер зертханасының» салтанатты ашылуы өтті.
Тұсаукесер барысында институт ректоры Е.Б.Саурықов құттықтау сөз сөйлеп, зертханалардың салтанатты ашылу лентасын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Р.Қ. Керімбаевамен бірге қиды.
«Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Е.Елубаева бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Ендеше маман даярлауда мұндай заманауи жабдықталған зерханалық кабинеттердің ролі зор екендігін тілге тиек етті.
«Бірінші сынып кабинеті» зертханасымен «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Р.Е.Ажибаева таныстырды. «Психологиялық-педагогикалық пәндер зертханасымен» оқытушы А.Д.Таджикова таныстырды.
«ПжП 18-1» тобының студенттері Нұрлыбай Айгерім, Бекбергенов Алдияр және «БОПӘ 19-1» тобының студенті Арпабек Меруерт білім берген институтына, кафедра оқытушыларына алғыс сөздерін айтып, заманауи жабдықталған зертханаларда оқи алмай бітіріп бара жатқандарына өкініш білдірді. Әйтсе де, кейінгі курс студенттеріне қазіргі уақытта білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық педагог болу үшін қойылатын талаптар да күрделі екендігін, бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажеттігіне мән беру маңыздылығын айтып, сәттілік тіледі.
Жақсыны көрмекке демекші, келген қонақтарымыз зертханалардың заманауи талапқа сай, студенттерге қажетті дидактикалық материалдармен талғаммен жабдықталуына ризашылықтарын білдірді.
Дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі
2022 жылдың 28 сәуірінде “Жалпы педагогика” кафедрасының аға оқытушысы Ажибаева Роза Ажибаева Елібайқызы Тараз қаласы Ш.Смаханұлы атындағы N 44 орта мектебінде дуалды оқыту бойынша Бопә 19-1 тобымен «Дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі» пәнінен “Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материалдар” тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
Сабақ студенттерді Ұлы Абай атамыздың 17-ші қара сөзіндегі ғылымға жетелейтін жол “Қайрат, Ақыл, Жүрек” атауларымен топтарға бөлінді. Студенттерге өткен тақырыптар бойынша «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып төмендегі платформада тест сұрақтары жүргізілді.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfelqSaE-hpgIV6Ob9-mkdcOd558Ufre2b329k1WeFMekrPCg/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0
Сабақтың тақырыбына сай төмендегі платформада сұрақ-жауаптар жүргізілді. https://wordwall.net/ru/resource/31671754
Сабақтың тақырыбына сай төмендегі платформада топтарға тапсырмалар берілді. https://learningapps.org/watch?v=pdp3xw3ft22
Бейне-сұрақ /Оқытушылардың тақырыпқа сай сұрақтары/
Шығармашылық ізденіс: интербелсенді әдістер: «ақыл- ой» картасын қолдану: /топтар бірлесе отырып, өздерінің жинаған мәліметтерін ортаға салып, әртүрлі форматта талқылады, орындады/
Қорытынды /Екі жүрек бір тілек/ әдісін қолданып, топтар тапсырмалар бойынша бір-бірлерін бағалап, кері байланыс орнатты.
Рухани жаңғыру- халықтың жаңғыруы
Бүгін 29 сәуір 2022 жылы АКО № 2 оқу залының кітапханашысы Кузембаева Б. "Педагогика" факультетінің "Жалпы педагогика" кафедрасының оқытушысы Пірәлі Ф. "Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы бойынша БОПӘ-20-1, БОПӘ-20-3, ПМНО-20-2 топтарымен бірге "Рухани жаңғыру- халықтың жаңғыруы" атты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты-ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, табыс тізгіні болашақ жастарымыздың қолында екеніне назар аударту.
Дуалды оқыту
“Педагогика” факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасына қарасты 6В01101 - “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының ПжП - 20-1 тобының студенттерімен дуалды оқыту бағдарламасы бойынша Тараз қаласы К.Д. Ушинский атындағы № 23 орта мектебінде кафедра оқытушысы А.Д.Таджикова ағымдағы жылдың сәуір айының 29 күні ашық сабақ өткізді.
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
2022 жылдың сәуір айының 19 жұлдызында Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «А.Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі: дерек пен дәйек» (ғылым, тәрбие, рухани-жаңғыру) тақырыбында аймақтық апталықтың жоспарына сәйкес, «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел қонақтары:
1. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдыкадырова Турсынай Рыстаевна
2. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Касымов Мурат Рахымбекович
Дөңгелек үстел жұмысының барысында барлық қойылған сұрақтар мен көтерілген мәселелер қатысушылардың ерекше назарына алынып, А.Байтұрсынұлының шығармалары мен өмір жолы талқыланды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде студенттер бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог – ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Шара соңында баяндамашылар институт ректоры Ерболат Саурыков алғыс хаттарымен марапатталды.
Бітіруші студенттермен педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы ұйымдастырылды
Оқу жұмыс жоспары мен оқу үрдісінің кестесіне сәйкес 2021-2022ж. оқу жылындағы 5В010200-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» 4 курс студенттері 5 апталық педагогикалық, 4 апталық дипломалды практикаларын Тараз қаласының №23, №44, №12, №53 мектептерімен өткізілді.
Педагогикалық практика барысында студенттің педагог ретінде кәсіби қалыптасуы осы кезеңдегі жұмыстың жоғары дәрежеде болуына тікелей байланысты болып табылады. Қоғамдағы жаңа әлеуметтік жағдай, әлемдік мәдени-білім кеңістігіне ену, өркениетті елдерге педагогика ғылымы және білім беру жүйесі дамуының қазіргі кездегі тендециялары, әлемдік деңгейдегі педагогика және психология ғылымында жинақталған тәжірибелерді талдау нәтижесі білімді педагог мамандарды дайындауды қажет етеді.
Студенттер практика өту барысында болашақ кәсіби қызметтерінің маңызды жақтарын меңгерді. Ұжымды қалыптастыру әдістемесін, оқушылардың зейінін, ойлау қызметін ұйымдастыру мен оқытудың әдіс-тәсілдерін бейімделу кезеңіне сәйкес мұғалім қызметімен танысып, тәжірибе жинақтады.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек
Наурыз мерекесі қарсаңында Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Ізгілік» волонтерлар клубы мен институт факультеттері «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек» акциясын ұйымдастырды.
Дуалды оқыту
Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасы даярлайтын «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының БОПӘ 19-1 тобының студенттері кафедраның білім беру мекемелерімен жасалған келісім - шарт негізінде Тараз қаласы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде "Дуалды оқыту" бойынша кестеге сәйкес «Дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі» және «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәндерінен аға оқытушы, магистр Ажибаева Р.Е. және Сыдықова С.Ө. студенттердің теориялық білімдерін болашақ практикалық іс-әрекеттерінде қолдана білу іскерлігі мен дағдыларын және кәсіби жалпы мәдени құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында практикалық сабақтар өтілуде.
Коррекциялық педагогика негіздері
Жалпы педагогика кафедрасына қарасты МДОТ - 20-1 тобымен аға оқытушы Н.Фатихова “Коррекциялық педагогика негіздері” пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С., аға оқытушылар Сыдықова Қ.Ө., Ажибаева Р.Е. қатысты. Сабақ өту барысында Н.Фатихова жаңа технология әдістерін пайдаланды. Студенттер сабаққа белсенді қатысты.
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Халықаралық Тараз инновациялық институты “Педагогика” факультетіне қарасты “Жалпы педагогика” кафедрасының 6В01101 “Педагогика және психология”, 6В01201 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” және 6В01301 “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттерімен практика аясындағы келу конференциясын өткізді.
Барлық студенттер бұйрықпен бөлінген қалалық мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелері бойынша топпен қорғады. Конференцияға кафедра аға оқытушылары Фатикова Н.А., Сыдыкова Қ.Ө., Ажибаева Р.Е., оқытушылар Таджикова А.Д., Келімбетова А.Ғ. және Пірәлі Ф.Е., қатысты.
Білім беру бағдарламалары
7M01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы
6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы
6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы
6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы