Дене шынықтыру және спорт кафедрасы
Кафедра меңгерушісі
Джекенов Пахыт Сулейманұлы
Байланыс телефоны: +7 777 093 18 18
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Джекенов Пахыт Сулейманұлы – Халықаралық Тараз инновациялық инситуты «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының менгерушісі 1959 жылы 20 қаңтар айында Жамбыл облысында дуниеге келген, ұлты - қазақ, білімі жоғары. 1981 жылы Жамбыл педогикалық институты «Физика және математика» факультетінің «Математика» мамандығы бойынша оқып аяқтады. 1981 жылы «Динамо» спорттық ұйымында спорт бойынша нұсқаушы қызметінде жұмыс істеді. 1981 – 1983 ж.ж. Кеңес әскері қатарында (Германияда кеңестік әскерлердің тобында) әскери борышын атқарды.
1983 -1995 ж.ж. аралығында түрлі қызметтерде: Жамбыл педагогикалық институты «Дене шынықтыру» кафедрасының оқу шебері, Ровный мектебінің «Дене шынықтыру» пәні мұғалімі, Жамбыл педагогикалық институты «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысы кызметінде жұмыс істеді.
1988 жылы Қазақ дене шынықтыру институтының «Педагогика» факультетінде кәсіби жоғарғы білім алды. 1990 – 1992 ж.ж. аралығында Мәскеу облыстық мемлекеттік дене шынықтыру институты аспирантурасында оқыды.
1995- 1996 оқу жылында Жамбыл педагогикалық институты «Дене шынықтыру» факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. 1996 – 2004 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Дене шынықтыру ілімі мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2004 - 2008 ж.ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Дене шынықтыру ілімі мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі болды. 2009 – 2010 ж.ж аралығы -Х.А. Яссауи атындағы Тараз институты «Спорттық және әскери пәндер» кафедрасының меңгерушісі. 2010 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың тамыз айына дейін Тараз педагогикалық институты «Дене шынықтыру ілімі мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2014 жылдың 16 қырқүйек айынан 4 мамырға дейін «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі» кафедрасында доцент қызметін атқарды. 2014 жылдың 4 мамырынан бастап ТарМУ- дың «Дене тәрбиесі» кафедрасының кафедра менгерушісі міндетін атқарып жатыр
Білім салысының үздігі П.С. Джекеновке 2007 жылыҚазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері атағы, 2011 жылы Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлес үшін құрметті атағы берілді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен ҚР VI жазғы Универсиаданы дайындап, өткізуге зор үлес қосқан үшін, ҚР VIII жазғы Универсиаданы дайындап, өткізуге зор үлес қосқан үшін, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған VI ұлттық қысқы универсиадасын дайындап, өткізуге зор үлес қосқан үшін марапатталды. Жоғары білім беру саласында әр түрлі қызметтер атқара жүріп, оны дамытуға үлкен үлесін қосты. 100-ден астам ғылыми еңбектері, соның ішінде 18 оқу - әдістемелік оқулықтар бар. Доцент П.С. Джекеновтың ғылыми жұмысының нәтижелері жоғары оқу орындарында, мектептерде кеңінен қолданылып жүр.
П.С. Джекенов - ұзақ жылдар бойы жемісті еңбегі мен жеке басына тән адамгершілік қасиеттерінің арқасында университет студенттері мен оқытушылары арасында жоғары беделге ие ғалым.
Кафедраның стратегиялық бағыты
- ғылыми зерттеу жұмыстары мен оқу сапасын көтеру - тиімділікті көтерудің қорын қолдану - оқу барысының стандартизациясы мен унификациясы - Қазақстанның жауапты топбасшылары жасампаз ойларын, аса өнегелі адам қалыптастыру, білікті басшыларды әр түрлі деңгей басшылығын тарту Жаһандану жолмен дамып жатқан замануи әлемінде халықаралық бәсекелестік жағдайларына жылдам бейімделу қабілетітабысты және тұрақты дамуының маңызды факторы болып қалыптасуда. Осы стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жоғары білікті бітірушінің дайындығын қамтамасыз етеді – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзіретті, жауапты, өз мамандығын еркін меңгерген, қызметтің аралас салаларында бағдарланған. Мемелекеттік стандарт деңгейінде тиімді жұмысқа қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығына дайын. Ғылыми – зерттеу белсенділігін жоғарлатады. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін жүргізу, грант, келісім шарттарды және тағы басқаларды жүзеге асыру. Аймақ деңгейінде инновациялық қызметті дамыту, инновациялық идеяларын, генерациялау. Мұның бәрі Республиканың білім беру мемкемелері арасында институтық тұрақты рейтінгісін, институттың имиджін жақсарту мен танып білуін жоғарлатуды қаматамасыз етеді.
Кафедра құрамы
Біліктілік арттыру
Кафедра жетістіктері
АТАҚТЫ СПОРТШЫЛАР «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері Әлемдік және республикалық спорт біріншіліктерінде чемпион атанып, жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр. Әлем чемпионы, біздің мақтанышымыз, ДШ-19-1 тобының студенті Баймұратов Дінмұхамед, ДШ-20-1 тобының студенті Ынтықбай Жансая, Белбеу күресінен Әлем чемпионатында2орынды еншіледі, VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары, ДШ 20-15 тобының студенті Уралбаев Талант кикбоксингтен жүлделі 1-орынды иеленді.ФКС-19-2 тобының білімгері Азизов Рамазан "Каратэ-до" спорт түрінен жүлделі 3-орынды иеленді және жүлдегерлеріміз Гафуров Рамазан, Гафуров Нурсултан, Шарап Айбек, Балтабай Бекнұр, Әлиасқаар Сымбат, Нұрмахан Ербол, Бижанов Дамир, Сапарғалиев Аскар, Турсынбекова Айгерім, Төреғали Самал, Мухамеджан Аиша, Алимхан Асель, Курмантаева Альнура, Талғат Нұртілеу Нұрланұлы, Орынбасар Мейірім Сәбитханқызы атап айтуға болады.
• 2008 жыл – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облыстық әділет басқармасында 10485-1919-У-е нөмірімен тіркелді; 0806400101601 нөмірлі статистикалық картасы алынды; 211500236592 нөмірімен салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1-шілдедегі №804 бұйрығы негізінде университет қызметін бастады.
• 2009 жыл – 28 бакалавр және 12 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АБ 0064058 нөмірлі мемлекеттік лицензиясы берілді; университеттің 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы әзірленді; университет жанынан «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
• 2010 жыл – университет жоғары кәсіби жетістіктері үшін INSAM Institute Foundation (Женева) бойынша «Еуропалық гранттар» номинациясында үздік болып танылды.
• 2011 жыл – университет ISO 9001-2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады.
• 2012 жыл – жаңа әкімшілік оқу ғимараты қолданысқа берілді.
• 2014 жыл – университет базасында 3 га тәжірибелі жер телімі бар Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты құрылды;
• 2015 жыл – университет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан мемлекеттік аттестациядан табысты өтті; мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылғы 03 маусымдағы № 795 бұйрығына сәйкес бакалавриаттың 28 мамандығы және магистратураның 12 мамандығы бойынша білім беру қызметінің АБ № 0064058 мемлекеттік лицензиясына 001 нөмірлі қосымшасы берілді;4 қабатты заманауи оқу ғимараты қолданысқа берілді.
• 2016 жылы – университет Қазақстандық «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде» (IQAA) институционалды аккредитациядан сәтті өтті; университет базасында корей және қытай тілі орталықтары ашылды.
• 2017 жыл – Қазақстандық «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде» (IQAA) бакалавриаттың 8 мамандығы мен магистратураның 7 мамандығы мамандандырылған аккредитациядан өтті; жалпы алаңы 1500 ш.м. заманауи спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
• 2018 жыл – университеттің «Жаратылыстану» факультетіне жалпы ауданы 2012 ш.м. жаңа оқу-лабораториялық ғимараты пайдалануға берілді.
• 2020 жыл – 7 130,6 ш.м. болатын 500 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді; «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығы», «Электронды ату тирі» және виртуалдық оқу лабораториялары ашылды.
21-23 ақпан айында Алматы қаласы "Қазақ спорт және туризм академиясының" ұйымдастыруымен өткен XIV Республикалық "Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі" пәндік олимпиада Дене шынықтыру және спорт мамандығың 3 курс студенттері жалпы командалық III орынды иеленді.
Ғылыми тәжірибелік іс-шаралар
2023 жылғы 27 наурыздан – 7 сәуір аралығындағы мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын Жамбыл облысына қарасты Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында өткізуге институтымыздың профессор-оқытушыларын, ҚРОАМ. «ҰҒ-ПДТО» РМҚК келген хатына байланысты өткізілетін сабақ кестесіне сәйкес 27 наурыз күні Меркі ауданына қарасты Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте Курманбекова А.С., Шилибаев Б.А. және Т.Рысқұлов ауданына қарасты Абай орта мектебінде Елубаева Р.С., Фатикова Н.А. алғашқы дәріс сабақтарын өткізді. Осы іс-барысында кәсіби бағдар жұмыстарында атқаруда.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты 2023 жылғы Наурыз мерекесін дәстүрлі түрде ұлттық ойындармен, түрлі қойылымдар және қызықты концерттік бағдарламалармен атап өтті. Тараз қаласының тұрғындары мен қала қонақтары «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніне жиналып, онда киіз үйлер тігіліп, ұлттық құндылықтарымызды таныстырдық.
Институт ұлттық спорт түрлері бойынша садақ ату, асық ату оның ішінде «Үшбас» спорттық асық ойынынан жарыстар ұйымдастырды. «Үшбас» спорттық асық ойынының авторы Шилібаев Бекболат Аманжолұлы ойынды халыққа таныстырып, жарыс ұйымдастырды. Бұл ойындарды облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің өзі ойнап, диплом иеленді және институт президенті Ерболат Саурықовта қызыға ойнады. Ойынға қызығушылықтарын білдірді, сәттілік тілеп жалпы Наурыз мерекесімен халықты құттықтады.
Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының мәжіліс залында Білім беру жүйесін жаңғыртудағы дене шынықтыру және спорт мамандарының теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту: өзектілігі мен болашағы атты облыстық ғылыми практикалық конференция жұмысы бастау алды.
Шараға Шерхан институтының вице-президенті Аскар Абдуалы, ректор Марат Баяндин қатысып сәттілік тіледі.
30.05.2022 жыл "Шығармашылық мамандықтар" факультетінің "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасы 5В010800- Дене шынықтыру және спорт мамандығының 4 курс студенттеріне диплом алды қорғау жұмыстары жүргізілуде.
ХТИИ. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылары 1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты Т. Рысқұлов саябағында ұлттық ойын «Үшбас» спорттық асық ойыны балаларға таныстырылып, ережелері ойнау тәртібі, даму жолы туралы ойын авторы әңгімеледі. Халықаралық Тараз инновациялық институты "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының ұстаздары қала тұрғындарына кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.