«АҚПАРАТТЫ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ
Кафедра меңгерушісі
Онгарбаева Марал Буркитбаевна
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Байланыс телефоны: +7 701 618 28 26
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Онгарбаева М.Б. 1968 ж. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін «Математика және информатика» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Жамбыл облысы, Шу ауданы, Панфилов атындағы орта мектепте математика мұғалімі болып бастаған.
2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған, педагогика ғылымдарының кандидаты.
2003-2010 жылдары А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтында «Математика және информатика» кафедрасының доцент м.а., кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2010-2015 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Математика және есептеу техникасы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
2015-2017 жылдары «Математика және есептеу техникасы» кафедраның доцент міндетін атқарушы, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
М.Б.Онгарбаева білімді ақпараттандыру мәселелері, математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі, жоғары мектеп педагогикасы салалары бойынша 60-тан астам ғылыми, әдістемелік мақалалардың, 3 оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Біршама ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері шетелдіік басылымдарда жарияланған.
2021-23 жж. аралығында №АР09259657 «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің білімін бақылау үшін прокторинг автоматтандырылған жүйесін зерттеу және әзірлеу» ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыру тақырыбы бойынша 3ГФ/21 жобасының мүшесі ретінде ғылыми жұмыстарын жүргізуде.
М.Б.Онгарбаева білім беру жүйесіндегі еңбегі үшін ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен және «Ауыл» партиясының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Кафедра құрамы
Білім беру бағдарламалары
6В06101 – «Информатика» білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты: сандық индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жеке, зерттеу әлеуетіне ие экономиканы цифрландыру және ақпараттандыру міндеттерін бағдарламалық сүйемелдеуді әзірлеуге, енгізуге қабілетті, IT – жобаларға жетекші, IT саласының кадрларын даярлау болып табылады.
«Информатика» білім беру бағдарламасының түлегіне 6В06101-«Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:
- инженер-бағдарламашы (бағдарламашы);
- бағдарламашы (веб-мастер, веб-дизайнер);
- ақпаратты қорғау инженері;
-жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес олардың біліктілігіне сәйкес келетін кәсіби қызметте IT-технологияларды қолдануға байланысты басқа да лауазымдар.
6В06101 – «Информатика» Білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуін қолдау және өңдеу процесін ұйымдастыру мақсатында ресурстарды және уақытты тиімді жоспарлау және басқару; аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және верификациялау; аппараттық және бағдарламалық құралдарды, кешендер мен желілерді құрастыру; кәсіби қызмет объектілерінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз етуді талдау, жасау және жетілдіру; пайдаланушылардың сұраныстарын талдау негізінде кәсіптік қызмет объектілерінің жекелеген компоненттерінің талаптары мен ерекшеліктерін, пәндік сала модельдерін және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін әзірлеу; e-Learning құралдарын, мультимедиялық, қашықтықтан және басқа да компьютерлік технологияларды кеңінен қолдана отырып педагогикалық қызметті жүзеге асыру.
6В06102 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Қазіргі заманғы нарық жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін, есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар саласында іргелі және қолданбалы білімі бар бәсекеге қабілетті маманды дайындау болып табылады. Жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысқа қабілеттілігін бақылауға және қамтамасыз етуге қабілетті IT-технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:
Программист, WEB-программист; Бағдарламалық қамтама бойынша әзірлеуші; Деректер базасының администраторы; Жүйелік талдаушы; Компьютерлік желі администраторы; Компьютерлік желілерді қорғау және қауіпсіздігі саласындағы маман; IT-маман; Ақпараттық технологиялар мен жүйелермен байланысты басқа лауазымдар.
6В06102 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: ақпараттық жүйелерді жобалау; ақпараттық жүйелерді пайдалану; ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу; жүйелерді тестілеу; бағдарламалық-аппараттық қорғауды қамтамасыз ету.
Кәсіби міндеттерді компоненттік және жауапты шешу үшін бакалавр:
ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін жүзеге асыру үшін есептеу техникасы құралдарын, бағдарламалау құралдарын қолдану; кәсіби қызмет объектілерінің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалау; кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты ақпараттық процестердің есептеу және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу; құбылыстардың, процестер мен жүйелердің математикалық модельдерін есептеу техникасы құралдарымен таңдау және іске асыру; кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу және зерттеу процесін ұйымдастыру кезінде технологияны, аспаптық бағдарламалық құралдарды және есептеу техникасы құралдарын таңдау; жүйелік, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді, есептеу техникасын және ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін инсталляциялау, теңшеу және қызмет көрсету; бағдарламалық өнімдерді, ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін сүйемелдеу; ақпараттық ресурстарды басқару, автоматтандырылған жүйелерді пайдалануды ұйымдастыру, компьютерлік жүйелер инфрақұрылымының архитектурасын құру, бақылау және сүйемелдеу, бағдарламалық және аппараттық құралдардың, кәсіпорынның ақпараттық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуде құзыретті болуы тиіс.
6В06103 -«Ақпараттық жүйелер және технологиялар»
білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Жоғары тұлғалық-кәсіби құзыреттілікке ие, қазіргі заманғы еңбек нарығы үшін ақпараттық жүйелер мен технологияларды әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу заманауи әдістерін, құралдары мен технологияларын меңгерген ІТ-мамандарын (ІТ- менеджер, ІТ- консультант, ІТ- жобалар жетекшісі) кешенді және сапалы дайындау.
Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:
жалпы ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелердің түрлі компоненттерін жобалау және өңдеу;
Ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын орнату, конфигурациялау және басқару;
компьютерлік технологияны пайдалану, ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін жүзеге асыру үшін құралдарды бағдарламалау;
ақпараттық жүйелерде деректер базасын жобалау және басқару;
Өндірісте, ғылымда, білім беру саласында, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығында, мемлекеттік басқару салаларында төмендегідей кәсіби қызмет атқара алады:
Инженер-программист (программист).
Программист (веб – мастер, веб – дизайнер).
Жүйелік администратор.
Жобаларменеджері.
Ақпараттық жүйелер саласындағы кәсіби білім мен дағдылар, атап айтқанда: Ақпараттық жүйелер негіздері, IT - инфрақұрылым, жүйелік IT талдау және жобалау, IT қосымшаларын әзірлеу, кәсіпорын архитектурасы және ERP-жүйелер, IT бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, адам-машина жасау Интеллектуалды ақпараттық жүйелердің, іздеу мен ақпаратты алу. Берілген мерзімде берілген сапамен кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін тиімді ұйымдастыру; кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін бағалау, бақылау және басқару; қабылданған ұйым шеңберінде кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін персоналды оқыту.
Эксперименттік-зерттеу қызметі саласында: аппараттық-бағдарламалық кешендерді тестілеу және баптау; аппараттық және бағдарламалық құралдарды, кешендер мен желілерді құрастыру; кәсіби қызмет объектілерін сертификаттау;
Ғылыми-зерттеу қызметі саласында: әдістерді, алгоритмдерді, бағдарламаларды, аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жүйелерді талдау, теориялық және эксперименттік зерттеу; кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру, зерттеу және тиімді іске асыру; кәсіби қызмет объектілерін құру кезінде қолданылатын формальды модельдер мен әдістерді әзірлеу және жетілдіру.
Жобалау қызметі саласында: пайдаланушылардың негізгі сұраулары мен талаптарын анықтау, таңдалған аспаптық құралдардың тиімділігі мен перспективасы тұрғысынан пәндік саланы бағалау, техникалық тапсырманы әзірлеу; қазіргі заманғы жобалау әдістері, құралдары мен технологиялары негізінде компьютерлік жүйелердің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалау және талдау; әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, тестілеу және верификациялау.
6В06104 - «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, сайт, деректер қоры, робототехника, компьютерлік жүйелер, желілер мен серверлік жабдықтарды жобалау және қолдау салаларында білікті компьютерлік инженерия бойынша бакалаврларды дайындау.
Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:
Білім беру бағдарламасының түлегіне 6В06104 - «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Бітіруші бағдарламалау, деректер қоры, ақпаратты қорғау, желілік технологиялар, көлемді мәліметтер, робототехника, компьютер мен перифериялық құрал-жабдықтарды бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету туралы теориялық және практикалық білімнің кең ауқымын меңгерген және монтаждық-жөндеу, өндірістік-технологиялық, эксперименталды-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалау-технологиялық қызметімен айналыса алады.
Осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесі қабілеттерге ие болады деп күтілуде:
- ақпаратты қабылдау, талдау, жалпылау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау және есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласының негіздері мен тарихын білу мен түсінуді көрсету;
- алынған базалық білімді беру, аппараттық-бағдарламалық кешендер компоненттерінің архитектурасын жобалауды, аппараттық-бағдарламалық кешендердің адам-машиналық интерфейсін жобалауды білу;
- маңызды деректерді жинау және түсіндіру, экономика мен басқарудың, білім мен ғылымның даму міндеттерін қоя білу және шешу;
- жаңа ақпаратты контекстке келтіру және түсіндіру, кәсіби тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты іздей білу;
- зерттеу аймағының жалпы құрылымын және оның элементтері арасындағы байланыстарды түсінуді көрсету.
ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттілігі жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттілікке, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнайы және басқа да құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасқан.
6В06102 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
6В06103 - Ақпараттық жүйелер және технологиялар
6В06104 - Компьютерлік инженерия
Кафедра жетістіктері
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының білім беру бағдарламалары заманауи ғылыми-техникалық базаға ие, кафедра зертханалары оқытудың жаңа интерактивті құралдарымен жабдықталған. Зертханаларда заманауи компьютерлік техника, лазерлік-нақыштау құрылғысы, 3D принтер, УК-принтер, робототехника құралдары бар. Студенттер бағдарламалық оқытумен қатар аппараттық және бағдарламалық жабдықтарда практикалық жұмысты үйренеді, бұл материалды беру қарқындылығын арттыруға, студенттердің белсенділігін арттыруға және болашақта өз бизнестерін ашуға мүмкіндік береді. Виртуалды шындық зертханасы бар.
Ақпаратты өңдеудің бағдарламалық – аппараттық кешендерінде (3D принтер, УК-принтер, лазерлік-нақыштау құрылғысы) заманауи бағдарламалау технологиялары мен жұмыс дағдыларын меңгерген IT-технологиялар және полиграфия саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында 2022 жылы 6В06105-"Computer science" тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламасы ашылды.
6В06105 – "Computer science" бірлескен білім беру бағдарламасы қос дипломды бағдарлама болып табылады, Ч.Храбрый ат. Варна еркін университетімен (Болгария) бірлесіп әзірленген, бағдарлама аяқталғаннан кейін түлектерге Ш. Мұртаза ат. ХТИИ дипломы және Варна еркін университетінің дипломы беріледі.
Бірлескен инновациялық және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін халықаралық зерттеу ұжымдарын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ч.Храбрый ат. Варна еркін университетімен бірлесіп 2023-2025 жж аралығында "Цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу"тақырыбында ғылыми-зерттеу жобасы орындалады.
ҚР БҒМ-нің 2021-23 жж арналған гранттық қаржыландыру бойынша ИРН №AP09259657 "Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің білімін бақылау үшін прокторингтің автоматтандырылған жүйесін зерттеу және әзірлеу" жобасы аясында п.ғ.к. М.Б. Онгарбаева ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Докторлық диссертациялары бойынша: аға оқытушы Садықова Т.Д. - АТХУ, Д024-Ақпараттық технологиялар; аға оқытушы Алтынбекова Ж.Т - ҚазМемҚПУ, 8D01502-Информатика мамандықтары бойыншажұмыстарын жалғастыруда.
Жыл сайын ПОҚ оқытылатын пәндері бойынша тиісті сертификаттармен расталған біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, атап айтсақ: Coursera: SQL for Data Science біліктілікті арттыру курстары (п.ғ.к. Онгарбаева М.Б., т.ғ.к. Омаров А.Ж., аға оқыт. Шинышерова Ж.Б.), күшейтілген тілдік даярлыққа арналған біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы.Ерманова Г. Б., Шомаева Г.К.), білім беру жүйесіндегі цифрландыру мәселелері бойынша (доц. Аязбаев Т.Л., аға оқытушы Алтынбекова Ж.Т.), программалау бойынша біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы. Галагузова Т.А.., Абдигаппар К.), Робототехника бойынша (Шинышеров Ж. Б.) және т. б..
2018-2023 ж.ж. кафедраның ПОҚ 118 басылым шығарды: нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда-5, алыс шет елдердегі басылымдарда - 8, ТМД елдерінде - 4, республикалық басылымдарда - 12, отандық журналдарда, оның ішінде ҚР БҒМ Білім саласындағы бақылау комитеті ұсынған - 16, ҚР БҒМ-де конференция материалдарының жинақтары: халықаралық - 67, Республикалық - 24. Соңғы бес жылда мамандықтардың элективті пәндері бойынша 8 оқу, оқу-әдістемелік құрал және 30-дан астам оқу-әдістемелік кешен шығарылды.
Студенттердің кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамыту үшін институтта ІТАкадемия ашылды, оның мақсаты - қазіргі заманғы бизнес және жұмыс берушілерге ең өзекті,талап етілетін білімді ұсыну болып табылады. 2022 жылы институт Huawei ІСТ Академиясымен және Cisco желілік Академиясымен серіктес болды, бұл кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттеріне осы әлемдік компанияларда АКТ саласында оқыту мен сертификаттаудан өтуге мүмкіндік береді. 6В06103 – Ақпараттық жүйелер және технологиялар БББ студенті Құсанбай А. Cisco Академиясында курстан өтіп, сертификаттау емтиханын тапсырып, халықаралық сертификатқа ие болды. Осы мамандықтың студенті Гасанов С. Аmazon корпорациясының жобаларының біріне қатысатын қазақстандық студенттердің тізіміне енді.
Кафедрада "Робототехника", "The IT Crowd"ғылыми үйірмелері жұмыс істейді. Студенттер жыл сайын стартап-жобалар конкурстарына, ғылыми конференцияларға қатысады, ҒЗЖ нәтижелері бойынша авторлық куәліктер алуға өтінім береді. 2022-23 оқу жылында студенттер StartupOrda жобасының бизнес - инкубациясына, StartupOrda бизнес идеялар жобасына қатысып, жеңімпаз аталды, сондай-ақ І Өңірлік ITII Хакатон-2023 белсенді қатысты. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу қызметі мен қоғамдық жұмыстардағы жоғары көрсеткіштері үшін оқытушылар ҚР БҒМ, қала және облыс әкімдігінің төсбелгілерімен, грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Доцент Аязбаев Т.Л. ҚР ҰМ "Ғылымға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен, п.ғ.к. Оңғарбаева М.Б. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен, аға оқ. Галагузова Т.А. РАЕ ғылыми басылымдары көрмесінің лауреаты медалімен, Аязбаев Т.Л., Галагузова Т. А. "Үздік педагог-2020" медалімен, "Қазақстанның құрметті ұстазы" медалімен, аға оқытушылар Шомаева Г.К., Шинишерова Ж.Б. ректордың Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Білім беру бағдарламаларын табысты іске асыру үшін мынандай міндеттер алға қойылды:
- ағылшын тілінде ПОӘК әзірлеу, ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру және ағылшын тілі сертификаттарын алу бойынша ПОҚ дайындау жұмыстарын жандандыру (TOEFL, IELTS, ТОЙІС);
"Computer science" БББ бойынша шетелдік жетекші университеттердің ғалымдарын дәріс беруге тарту;
- тәжірибеге –бағытталған білім беру мақсатында ІТ саласындағы үздік мамандарды оқу үрдісіне тарту;
-стартап жобалар арқылы ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қамтамасыз ету;
- жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестік қатынастарды күшейту арқылы IT-саланы дамытуға атсалысу.
Іс-шаралар
2022 жылдың 2 қарашасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтында IT Академиясы ашылды.
IT Академиясының мақсаты - ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру: білім алушылардың ақпаратпен жұмыс істей білу дағдыларын, технологиялық дағдыларды қалыптастыру. IT Академиясының ашылуына облысымыздың бірнеше мекемелерінің жауапты тұлғалары қатысты:
Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нокрабеков Р.М.
Жамбыл облысы "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының директоры Е.С.Атымтаев;
Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Р.П.Қожамжарова;
"Novacom Technology" ЖШС директоры М.Р.Абдраманов;
ІТ құзыреттіліктерге ие болған мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының түлектеріне болашақта нарықтық экономиканың үрдісіне тиімді енуге және де кәсіби ынтымақтастық пен бәсекелестік жағдайында табысқа жетудің қосымша мүмкіндіктері беріледі, сондай-ақ білім алуды тиімді жалғастыру үшін олардың әлеуеті де артады.
IT Академиясында білім алушылардың әртүрлі санаттарына, атап айтсақ, 10 жастан 50+ жасқа дейін барлығына қолжетімді ыңғайлы, ашық кәсіби және жеке даму жүйесі берілетін болады.
Курстардың кең спектрі ұсынылады:
-ҰБТ- ға дайындық (Информатика пәнінен);
- Робототехника;
- Графикалық дизайн;
- "Күміс IT" цифрлық сауаттылықты арттыру курсы;
- Компьютерлік модельдеу (3D printing, UV printing, лазерлік құрылғыда жұмыс істеу).
Мастер класстар:
-Әлеуметтік медиадағы виртуалды коммуникациялар;
- Бейнероликтерді монтаждау;
-SMM skills және т.б.
Осы іс-шараға қатысушылардың пікірінше, IT Академиясы Жамбыл облысының IT білім беру саласында көшбасшы болуға тиіс, онда жұмыс берушілерге қажет және болашақта заманауи бизнес жүргізу үшін қажетті дағдылар берілетін болады. IT академиясында түлектерге әлемнің үздік ІT компанияларының бір бөлігі болуға мүмкіндік беретін ең өзекті және сұранысқа ие білім беріледі.
2021-23 жж. аралығында п.ғ.к. Онгарбаева М.Б. №АР09259657 «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің білімін бақылау үшін прокторинг автоматтандырылған жүйесін зерттеу және әзірлеу» ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыру тақырыбы бойынша 3ГФ/21 жобасының мүшесі ретінде ғылыми жұмыстарын жүргізуде. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ҚР ҒТА ұлттық орталығында тіркелген (0119РКИ0023) "Білім беруді ақпараттандыру жағдайында ЖОО студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру" тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Кафедраның ғылыми тақырып аясында жүзеге асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер әртүрлі жұмыс формаларында, соның ішінде шетелдік және отандық ғылыми мақалалардың жарияланымдарында көрініс табады. 2016-2021 жылдар аралығында кафедраның ПОҚ 121 жарияланым шығарды: нөлдік емес импакт-фактормен – 5, алыс шетел басылымдарында- 8, ТМД елдерінде- 4, республикалық басылымдарда- 12, отандық журналдарда, оның ішінде ҚР БҒМ Білім саласындағы бақылау Комитетімен ұсынылатын- 16, конференция материалдарының жинақтарында: халықаралық- 55, республикалық- 21. Соңғы бес жылда мамандықтардың элективті пәндері бойынша 8 оқу, оқу-әдістемелік құралдар және 30-дан астам оқу-әдістемелік кешендер дайындалды. Студенттер үнемі ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысуда және онлайн-курстарда оқиды (Java Developer, .Net Developer, Database Developer, Sololearn және т.б.) және Lavteam бағдарламалау жарыстардың тұрақты қатысушылары болып табылады. 2019 ж. 6В06101- «Информатика» және 6В06102 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттері Алматы қаласында өткізілген ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында «IQ -Аламан» программалау бойынша интеллектуалды конкурста бірінші орынға ие болды. 2020 жылы 6В06101- «Информатика» және 6В06102 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттері Алматы қаласында өткізілген ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында «The Best Mobile App - 2020» байқауында мобильді қосымша құру проекті үшін екінші орынға ие болды. 2021-22 оқу жылында институттың Болгария Республикасы «Черноризец Храбрый» атындағы Варна еркін университетімен жасаған бірлескен қос дипломды білім беру туралы келісім-шарт негізінде 8 студент қос диплом бағдарламасы бойнша білім алуда: 6В06101- «Есептеу техникасы және БҚЕ» БББ бойынша 1 студент, 6В06102 – «Информатика» БББ бойынша - 2 студент, 6В06103- Ақпараттық жүйелер және технологиялар БББ бойынша 5 студент. Жыл сайын профессор-оқытушылар құрамы бейінді пәндер бойынша қазіргі заманғы кәсіпорындарда өндірістен қол үзбей практикалық тағылымдаманың тиісті сертификаттарымен расталған біліктілікті арттыру курстарынан өтеді: Тараз қаласында "Өрлеу" БАҰО бағдарламасы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары (п.ғ.к. Онгарбаева М.Б., аға оқ. Шомаева Г.К.), күшейтілген тілдік дайындық біліктілікті арттыру курстары (аға оқ. Ерманова Г.Б.), білім беру жүйесіндегі цифрландыру проблемалары бойынша біліктілікті арттыру курстары (доц. Аязбаев Т.Л., аға оқ. Алтынбекова Ж.Т.), бағдарламалау бойынша біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы Галагузова Т.А., оқытушы Шинышерова) және т. б. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу қызметіндегі және қоғамдық жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін оқытушылар ҚР БҒМ, қала және облыс әкімдіктерінің марапаттарымен марапатталған. 2017 жылы аға оқытушы Ерманова Ғ.Б. ҚР БҒМ алғыс хатымен, 2018 жылы доцент Аязбаев Т.Л. ҚР БҒМ "Ғылымға қосқан үлесі үшін" төс белгісімен, п. ғ. к. Оңғарбаева М. Б. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен, 2019 жылы аға оқытушы Галагузова Т.А. РАЕ ғылыми басылымдар көрмесінің лауреаты медалімен, 2019 жылы доцент Аязбаев Т. Л., аға оқыт. Галагузова Т.А. "Үздік педагог" -2019, "Қазақстанның құрметті ұстазы"- 2019 медалімен марапатталды.