«БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР» КАФЕДРАСЫ
Кафедра меңгерушісі
Айтекова Куралай Ускенбаевна
Тарих ғылымдарының кандидаты
Байланыс телефоны: 8 701-770-64-49
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Әйтекова Құралай Өскенбайқызы 1972 жылы 14 сәуірде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ерсай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
1989 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы М. Лермонтов атындағы орта мектепті бітірген.
1990 жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне географ мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1995 жылы осы университетті бітірді.
1995 жылдан 1998 жылға дейін Жамбыл қаласы, Жамбыл педагогикалық институтының биология кафедрасында аға зертханашы, магистр болып жұмыс істеді.
1998 жылы Жамбыл педагогикалық институты М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне айналуына байланысты 1999 жылы осы университеттің "Биология және экология" кафедрасына ауыстырылды.
2001 жылдан 2004 жылға дейін Экология және география кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2004 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының бөлінуіне байланысты 2004-2006 жылдары сол институттың география және экология кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2006-2007 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің экология кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. Зерттеу барысында 2010 жылдың 25 желтоқсанында Алматы қаласы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетінде 25.00.36 - "Геоэкология" мамандығы бойынша диссертация қорғап, "Техника ғылымдарының кандидаты" атағын алды.
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің "Биология және география" кафедрасының доценті, Педагогика факультеті ғылым жөніндегі деканының орынбасары, 2016 жылдан бастап жаратылыстану ғылымдары факультеті ғылым жөніндегі деканының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019-2021 оқу жылдары "Туризм, география және тарих" кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда "Биология және ауыл шаруашылығы мамандығы" кафедрасының меңгерушісі.
2021-2022 оқу жылынан бастап ғылыми-педагогикалық салада 26 жыл жұмыс істейді. Оның 40-қа жуық ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстары бар.
Кафедра туралы
«Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасы – институт қабырғасындаалғашқұрылғанкафедралардыңбірі. 2017 жылдан бастап «Биология» мамандығы бойынша магистранттар дайындалуда. Кафедра студенттерді оқыту, магистранттарды дайындау және ғылыми зерттеулердің тақырыбын таңдау халықаралық қатынастар арқылы бірігіп жасаған білім мен ғылыми жобаларға, европалық тәжірибелерге сүйене отырып іске асырылады. «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының тұрақты шетелдік серіктестері: Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің Нөкис филиалы, Х.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Нөкис мемлекеттік Ажинияз атындағы педагогикалық иниституты. Оқытушылардың және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үрдісінде электронды кітаптар мен зертханалық тәжірибелік сабақтар түрінде және ғылыми-педагогикалық кадрларды, магистранттар дайындау кезінде пайданылады. Кафедра тәжірибелік жұмыстар жүргізу кезінде студенттер арасында тәрбиелік, құқықтық, эстетикалық экологиялық және саяси көзқарастарды қалыптастыру мақсатында жұмыстар атқару көзделген. Даму стратегиясын жүзеге асыру бағытында, кафедра индустриялды, халықтың-әлеуметтік, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық технологияны жаңарту мәселелерін шешу талаптары жоспарға қойылған. «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасында жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру және оқу үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру үшін арнаулы дәрісханалар мен зертханалар жабдықталған. Оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары ұйымдастырылып, жаңа инновациялық технологияқ әдістерді қолдана отырып сабақ өткізу және бейнематериалдарды тиімді беру, студенттермен іс-тәжірибе жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Зоология, Ботаника және Клетка биологиясы, Микробиология зертханалары студенттер игілігіне пайдаланылуда. Кафедрада жаңа заманауи үлгіде жабдықталған «Агрономия» және «Агрохимия»зертханалары жұмыс істейді. Кафедра сапалы білім беру қызметтерін ұйымдастыру мен бәсекеге қабілетті кәсіптік мамандар даярлауды мақсат ете отырып 2017 оқу жылынан бастап ауылшаруашылығы саласы бойынша жаңа мамандықтар «Агрономия», «Өсімдікті қорғау және карантин» мамандықтары бойыншада бакалавр мамандарды дайындайды. Кафедрада өздерінің кәсіби қызметтерін меңгерген 15 оқытушы-профессорлар қызмет атқарады, оның ішінде, 6 ғылым кандидаты, 9 магистр-оқытушылар бар. Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылдың «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері Сейтбаев Қ.Ж. қызмет атқарады. Кафедраның ғылыми әлеуеті 50,7 % құрайды.Ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуге байланысты мамандықтарда көп тілді дәріс берудің 50:30:20 жүйесі енгізіліп ағылшын тілінде оқитын топтар ашылған. Осыған байланысты сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен келісім-шарттар бойынша байланыстар орнатылған. Атап айтсақ, Нөкис мемлекеттік аграр университеті, Нөкис мемлекеттік педагогикалық иниституттарымен. Кафедра оқытушылары шетелдік оқу орындарында болып біліктілік арттырып, тәжірибе алмасты. 2017 ж. а.ш.ғ.к. кафедра меңгерушісі Қ.Ж.Сейтбаев Ресей мемлекетінің Москва қаласы Бұкіл Ресей көкөніс шаруашылығы ғылыми зертеу иниститутында және Санкт-Петербур қаласының Санкт-Петербург университетінң «Клетка биологиясы» кафедрасында ал 2018 ж. аға оқытушылар Ж.Т.Хожаниязова, Б.С.Қожамжарова, Б.Жаңатілеу, оқытушы К.Алженбаева Республикалық фитосанитария зертханасында біліктілікті арттыру курсты аяқтады. 2019 жылы Сейтбаев Қ.Ж. Өзбекстан Республикасы Нөкис мемлекеттік аграр университетінде «Жамбыл облысында қант қызылшсын өсіру технологиясы», «Қорғаулы топырақ құрылыстарында көкөніс дақылын өсіру технологиясы» атты тақырыптарда лекция курсын жүргізді. Отандық ЖОО-ы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Биология» кафедрасымен ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мамандарды кәсіби дайындау жүйесінде студенттердің құзыреттілігін арттыру үшін мектептермен байланысты жүзеге асырып, жұмыс берушілермен бірлесе отырып «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасы мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында №46, 45, 47 қалалық мектептермен және Талас ауданы мектептерімен жұмыстар жұргізуде. Өндірістік базалармен ынтымақтастықты нығайту үшін «Қазақ егіншаруашылығы ғылыми зерттеу иниститутының Жамбыл филиалы» «Ауылшаруашылық дақылдарының сорт сынау инспектурасы», «Каз агро экс» лабороториясы, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығымен бірлескен келісім-шарттар негізінде жұмыстар жүргізіледі. Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес кафедра оқытушылары Алматы қаласында ҚР ЖОО-да педагогикалық мамандықтары оқытушыларының «Өрлеу» біліктілігін арттыру Ұлттық орталығында, сонымен қатар ағылшын тілін дамыту мақсатында педагогикалық кадрларды жеделдетілген тілдік даярлау үшін ұйымдастырылған біліктілік арттыру курсынан өттізу жұмыстары жолға қойылған. 2017 жылы 5В060700 - биология мамандығы,2019 жылы 6М011300 биология мамандығы білім сапасын қамтамасыз ету бойынша мамандандырылған аккредиттеуден кемшіліксіз өтті. Биология кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағытта жүргізіледі. 2017-2018 жылдар аралығында ғылыми-зерттеу жобалар гранты конкурсына .«Резервтік қордағы, бекітілмеген, балық қырылу қаупі бар су айдындарын биолого-экономикалық зерттеулер, құжаттандыру және балық шаруашылығы су айдындарын және кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына жатқызуды жүргізу» тақырыбындағы ғылыми жоба грант жеңіп алды. Ғылыми жетекші: а.ш.ғ.к., Сейтбаев Қ.Ж.. Қ.Ж.Сейтбаев Agrobilim.kz жобасы – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламасының жеңімпазы иегері болып (бағдарлама операторы – «Атамекен» ҰКП) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Өсімдікшаруашылығы» саласында «Жамбыл облысында қант қызылшасын өсіру технологиясы» тақырыбында 13.08. 2019 ж семинар өткізді. Сондай-ақ 11.09.2019 жылы Жамбыл облысында «Қорғаулы топырақ құрылыстарында көкөніс дақылын өсіру технологиясы» бойыншада семинар өткізді. Кафедрада «Жас биолог» үйірмесі ұйымдастырылған. Үйірме бір бағытта жұмыс атқарады. Студенттерді өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыттап, жетілдіру.
Кафедра құрамы
Білім беру бағдарламалары
6B05101- Биология білім беру бағдарламасы
6B05102- Биология санитарлық эпидемиология
6B08102- Өсімдік қорғау және карантин
6B05101- "Биалогия" білім беру бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылына
6B05101- "Биология санитарлық эпидемиология" білім беру бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылына
6B08101- "Агроном - эколог" білім беру бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылына
6B08102- "Өсімдік қорғау және карантин" білім беру бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылына
6B08123- "Агрономия" білім беру бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылына