«СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРИЯ » КАФЕДРАСЫ
Кафедра меңгерушісі
Маликтаева Пернекүл Маликтайқызы
т.ғ.к., АМА профессоры
Байланыс телефоны: +7 702 107 28 44
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Маликтаева Пернекүл Маликтайқызы 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Нан, тәттітағам, макарон өнімдері және тамақ концентраттары» бойынша мамандығын үздік бағамен бітірді. Еңбек өтілі. Еңбек жолын 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Еңбекті қорғау және өмір тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» кафедрасында оқытушылық қызметінен бастады. 2001-2005 ж.ж. аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетіндегі 05.18.12 «Тамақ өнімдерінің процесстері мен аппараттары» мамандығы бойынша аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыды. 2008 жылы 28 маусымда Алматы технологиялықуниверситетінде «Обоснование параметров процесса таблетирования национального кисломолочного напитка на основе зернового сырья» тақырыбыбойыншағылымижұмысынқорғады. 2008 жылы 27 қарашадағы (№12 хаттама) ҚРБілімжәнеғылымминистрлігініңбілімжәнеғылымсаласындағыбақылаукомитетініңшешімімен "Техника ғылымдарының кандидаты" ғылымидәрежесіберілді. 2013 жылы Павлодар қ. Аймақтық Менеджмент академиясының төралқа шешімімен (№2 хаттама, 27.02.2013 жыл) қауымдастырылған профессор академиялық дәрежесі берілді. 2005 жылдан А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының «Ғылыми - өндірістік цехта» ғылыми қызметкер қызметін, ал 2008 жылдан Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасында доцент қызметін атқарды. 2017-2018 оқу жылынан бастап «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда. Басылымдар:Қазіргі уақытқа дейін 101 ғылыми мақаланың, 2 оқулық, 5 оқу құралының және 2 инновациялық патенттің авторы, 10 жұмыс өндіріс процесіне енгізілді. Ғылыми еңбектер: 1. «Тамақ өнімдерінің сапасын физико-химиялық тұрғыдан талдау». оқулық.Алматы «Эверо» баспаханасы 2013. 160 б. 2. "Сапа менеджменті жүйелерінің негіздері" оқулық. Алматы «Эверо» баспаханасы 2014 160 б. 3. «Кондитер өндірісінің технологиясы» оқу құралы. Тараз. ТИГУ баспаханасы, 2019. 152б. 4. "Модульдік оқытудың мақсаттары мен міндеттері "Fundamental and applied science-2015" of XI international research and practice conference №9 Англия 59-61; 5. «Ұлттық нан өнімдерінің тиімді технологиясын жасау» Механика және технологиялар/ғылыми журнал 2021, №1(71), 53-59б 6. «Динамическое поведение цилиндрической оболочки тетрагональной структуры из композиционных материалов» Механика және технологиялар/ғылыми журнал 2021, №1(71), 128-136 б. 7. «Devising the formulationand technology forbaking buns from flourof composite mixturesand sugar beet» Technology and equipment of food production: food technology. Eastern-European Journal of Enterprise Technologies ISSN 1729-3774. 29.10.2021ж. 73-84б. Біліктілік көтеру: - Өндірістік тағылымдама. «КазИНСТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Тараз қ. 16.09-01.11.2019 ж. - Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары.Инновациялық білім беру орталығы 05.-20.08. 2020 ж. - «Innovative technologies in educational process» (Quality of education) bk educational forum. Сongratulates on successful competition of tbis training beld in Taraz. Kazahkstan from 19.01.2021 to 30.01.2021 Варненски свободен университет - Өндірістік тағылымдама. АҚ ЖФ«Ұлттық сараптау және серификаттау орталығы» 16.09-01.11. 2021 ж.
Кафедра құрамы
Білім беру бағдарламасы
«Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасы білім берудің келесі деңгейлері үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес бакалаврлар мен магистрлерді дайындайды:
Бакалавриат
1) 6В07501- «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»
2) 6В09101-«Ветеринариялық санитария»
Магистратура
1) 7М07501 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»
2) 7М07502 – «Сатандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»
Кафедрада 6В07501-Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша), 6В09101-Ветеринариялық санитария және 7M07501 – Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) (ғылыми-педагогикалық бағыт), 7M07502 – Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) (бейіндік бағыт) Білім беру бағдарламалары даярланады. Аталған БББ-на 1 ғылым академигі, 2 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаттары, 2 магистр, 4 білікті мамандар және 5 өндірістен арнайы шақыртылған мамандар дәріс оқиды. Кафедрада екі ғылыми зерттеу жұмыстары атқарылуда. Зерттеу жұмыстарына кафедраның ПОҚ-ы, студенттер мен магистранттар қатысуда. 1. Перспективалық тақырып: «Отандық және импорттық тауарлардың және көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникасы мен технологиясын жетілдіру (сала бойынша)». Жұмысты орындау мерзімі 01.2019-12.2022ж. Тіркеу № 0119РКИ 0033 2. «Паразитологические исследования скота на инвазионные болезни» Типтік келісім-шарт №21/01 24.12.2019ж. Жұмысты орындау мерзімі: 24.12.2019ж-20.12.2022ж. Ғылыми зерттеу жұмыстарының есептері мен нәтижелері (есебі, ендіру актісі, мақала) календарлық жоспар бойынша тапсырылып отырылады. «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының «Сарапшы» үйірмесінде «Стандарттау және сертификаттау» және «Ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша 20-ға жуық студенттер қатысады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының есептері мен нәтижелері (есебі, ендіру актісі, мақала) календарлық жоспар бойынша тапсырылып отырылады. Кафедра бітірушілерін жұмысқа қабылдаған кәсіпорындар мен ұйымдармен әріптестік қатынастарды кеңейту жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады. Атап көрсетсек «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ЖФ директоры Мынбаев А.К. және «Ұлттық стандарттау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ директоры Ахметова Д.С. кафедрада қос қызметте жұмысқа алынды. Кафедраларда дуалды оқытудың элементтерін оқу және кәсіби практикаларға ендіру бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ЖФ АҚ мен және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ЖФ мен «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтары үшін келісім шарт жасалды. Кафедра филиалы оқу үрдісінің жұмыс берушінің сұранысына бейімделуіне, мамандар дайындау бойынша БББ бірігіп жасауына, еңбек рыногын зерттеуге көмектеседі, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын ұйымдардың нақты сұраныстарына сәйкес жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. «КазСтИн» РМК Жамбыл филиалында кафедра оқытушылар оқу процессінен қол үзбей біліктіліктерін арттырып отырады, сонымен қатар аталған кәсіпорынмен түрлі іс-шаралар өткізіп отырады, сонымен қатар Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен де бірігіп түрлі байқаулар мен семинарлар ұйымдастырылып отырады 6В07501-Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) БББ бойынша мәліметтер Стандарттау және сертификаттау бойынша инженердің кәсіби қызметі бірнеше түрге бөлінеді: -өндірістік-техникалық; -ұйымдастырушылық; -ғылыми-зерттеу; -жобалық. Өндірістік-техникалық қызмет: -өнімнің сапасын арттыру бойынша шараларды жасап шығару және енгізуді; -қазіргі стандарттарды, техникалық жағдайларды жетілдіруді және стандарттар бойынша жаңа құжаттарды жасап шығаруды; -өнімді сертификаттауға және олардың қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келуінің құжаттарын тексеруді. Ұйымдастырушылық-басқарушы қызмет: -стандарттау мен сертификаттау бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыруды; -өндірісте қолданылатын стандарттар мен техникалық жағдайларды жүйелі тексеруді; -ұйымда бекітілген ережелер мен өнімге қойылатын талаптардың орындалуын тұрақты бақылауды; -ақау деңгейін анықтау, оны жою мен болдырмау шараларын қабылдауды; -дайын өнім сапасын бағалау әрекетін бақылауды ұйымдастыруды; -сертификаттау мен стандарттарды жасап шығаруға қажетті ұсыныстар мен техникалық тапсырмаларды құрастыруды; -сертификатталған өнімдерді, қызметтер мен жүйелердің инспекциялық тексерулерін ұйымдастыруды; -кәсіпорынға келіп түсетін материалдарды және дайын өнімді тексеру жұмыстарын бақылауды. Ғылыми зерттеу қызметі: -өнім сапасы мен техникалық процестерді зерттейтін теориялық модельдер жасап шығаруды; -сынақтан өткізу және өнім сапасына бақылау жүргізудің жоспарын құрастыру және жасап шығаруды; -сапаны басқару, метрологиялық қамтамасыздандыру, стандарттау және сертификаттау процестерін оңтайландыру және сараптама жасаудың мәселге бағытталған әдістерін пайдалануды қамтиды. Жобалық қызмет: -жобалық және техникалық құжаттаманы жасап шығаруды; -сапаны басқару, метрологиялық қамтамасыздандырудың және стандарттаудың жаңа әдістерін жасау немесе бар әдістерді жетілдіру бойынша жоба құруды; -мәселені шешудің ең тиімді жолын таңдауды; -мақсатында инновациялық техникалық және технологиялық шешімдерін жасап шығаруды; -техникалық жағдайларды, стандарттарды, әдістерді және нұсқауларды жобалауды қамтиды. Мамандықтың артықшылықтары мамандық бойынша диплом өнеркәсіптің кез келген саласында, ғылым саласында, яғни өлшеу құралдары бар кез келген салада жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл мамандық халықаралық компанияларда жоғары сұранысқа ие. Жұмыс орны -стандарттау, метрология және сертификаттау орталықтары; -сынақ зертханалары; -тауарды сараптамадан өткізу мекемелері; -өнім сапасын бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер (сауда инспекциясы, санэпидбақылау, гостехбақылау); -тұтынушылардың құқығын қорғау мекемелері; -өнімнің жаңа түрін енгізуші кез келген ұйымдар; -кез келген өнеркәсіпте сапа бойынша менеджер; -кеден қызметі, салық полициясы, патенттеу бюросы. 6В09101-- Ветеринариялық санитария БББ бойынша мәліметтер 6В09101-- Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламасының мақсаты - жоғары білікті ветеринариялық-санитарлық дәрігерлерді даярлау. Негізгі мақсат - биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою мәселелерін зерттеу. Осыған орай, білім беру бағдарламасының мазмұны Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңнамасының және халықаралық ветеринарлық ұйымдардың (ХЭБ, ФАО, ДДСҰ және т.б.) талаптарына сәйкес биологиялық және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін жүзеге асыру бойынша білім мен практикалық дағдыларды алуға бағытталған. Біліктілігі және лауазымдар тізбесі: Осы білім беру бағдарламасының түлегіне 6В09101 «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша ветеринария бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. 6В09101- «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша оқу мерзімі – 5 жыл, оқу түрі – күндізгі, орта арнайы білім негізінде қашықтықтан оқыту, оқу мерзімі – 4 жыл; Жоғары білім негізінде оқу мерзімі – 3 жыл, оқу түрі – күндізгі, 6В09101- «Ветеринариялық санитария» мамандығы бакалавриат бітірушілердің біліктілігі және лауазымы, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-п-м (мем. тіркеу. МЮ РК от 25.06.2012 ж. №7755, өзгерістермен 17.04.2013 ж.) бұйрығымен бекітілген «Мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік кестесіне» сәйкес анықталады. Білім бері бағдарламасының квалификациялық сипаттамасы: Ветеринариялық санитарлық дəрігердің кəсіби қызметің аясы: Бұл бағыттың түлектері: -агроөнеркәсіптік кешендегі экономика салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; - материал жинау және ветеринариялық зертханалық зерттеулер жүргізу - жануарлардың инфекциялық ауруларын балау, алдын-алу жəне жою; - жануарлардың жұқпалы емес жəне инфекциялық ауруларына қарсы жалпы жəне алдын-алу шараларын ұйымдастыруын жоспарлау жəне ветеринарлық шараларды ұйымдастыру; - мал шаруашылық жəне жануартекті шикізатқа жəне өсімдік текті өнімдерге ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізу; - жануартекті жəне өсімдіктекті шикізат пен өнімдерге өндірісте, тасымалдауда, сатуда ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізу; - жалпы адам мен жануарларға ортақ (антропозооноздар) жануартекті өнім мен шикізат арқылы таралатын аурулардан ескерту; - адам мен жануарларға ортақ ауру қоздырғыштарының енуінен, сондай-ақ жануартекті шикізат пен өнімдер импорттау кезінде аса қауіпті зооноздардан мемлекет аумағын қорғау; - жарамсыз өнім мен шикізат арқылы таралатын ауру қоздырғыштарынан қоршаған ортаны қорғау -ветеринариялық биологиялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және бақылау; -халыққа ветеринария мәселелері бойынша кеңес беру қызметін ұсынады -эпизоотиялық мониторинг жүргізуге қатысуға -ветеринарлық медицина саласында зерттеулер жүргізуге қатысады -қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халық арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады -жануарлардың, құстардың және балықтардың жұқпалы және инвазиялық ауруларының, сондай-ақ антропозооноздардың таралуын болдырмауға бағытталған алдын алу жұмыстарына қатысуға - Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы халықаралық конвенциялардың талаптары бойынша міндеттемелерін орындауға ықпал етеді және т.б. - зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдесу - жұмыс берушілерді тарту, зерттеу жүргізу үшін серіктестер табу - балық өнімдерін, құс, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және сату кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын бақылау Кəсіби қызмет нысандары: - жануартекті жəне өсімдіктекті жануар азығы мен тағам өнімдерін сату, сақтау, қайта өңдеу, өндіру кəсіпорындары; - ішкі сауда орталықтарындағы ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханасы; - мемлекеттік кеден қызметінің бақылау-жіберу пункт мекемесі; - биологиялық белсенді заттар мен биологиялық препараттарды өндіру жəне бақылау кəсіпорны; - жануартекті жəне өсімдіктекті өнімдерді, жануарларды тасымалдауда көлік заттары; - жануартекті жəне өсімдіктекті шикізат жəне дайын өнім, ара жəне балық шаруашылық өнімдері; - мемлекеттік жəне меншікті ветеринарлық профильді мекемелер, ғылыми-зерттеу институттары. - оқу орындары және әскери ветеринарлық қызмет
Біліктілік арттыру
«Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамынның кәсіби біліктілігін арттыру бойынша үнемі жұмыс істейді. Кафедраның әрбір оқытушысы жыл сайын түрлі кәсіби курстарда, семинарларда, тренингтерде біліктілігін арттырады. 2019-2020 оқу жылында – 23 сертификат, 2020-2021 оқу жылында – 16 сертификат, 2021-2022 оқу жылында –20-дан астам сертификат алды. Ағылшын тілін оқытуға, оқытудың инновациялық әдістері бойынша біліктілікті арттыру курстарына және бейінді пәндер бойынша біліктілікті арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бірқатар пәндерді оқытушылар ағылшын тілінде жүргізеді.