«ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ» КАФЕДРАСЫ
Кафедра меңгерушісі

Ешмаханов Мырзабек Көпжүрсінұлы
География» ғылымдарының кандидаты
E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Ешмаханов Мырзабек Көпжүрсінұлы 11 наурыз 1971 жылы туған, ұлты-Қазақ «География» ғылымдарының кандидаты.
1989- 1994 жылдары ЖГМҚИ-да «Гидромелиорация» факультетін бітірген. Оқу орнын бітірген соң СПМК-2 өндіріс орнында инженер маманы, 1996-2000 жылдар арлығында ЖГМҚИ-ның қосымша факультетіне тәрбие ісі жөніндегі маманы қызметінде болып, 2001-2003-жылдары аспирантура бөлімін оқыды.
2004-жылдан М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кәсіподақ ұйымының төрағасы, 2007- 2010-жылдар арлығында ТарМУ маңынан ашылған көп салалы колледждің директор орынбасары қызметін атқарды.
2007 жылы КазҰУ-нің 25.00.36 - «Геоэкология» ғылыми кеңесінде «Талас өзені алқабының табиғи жүйесінің экологиялық орнықтылығы»- тақырыбында канидаттық диссертациясын қорғап, 2008-жылы ғылыми дәрежесі берілді.
2011-2013 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, 2013-2015- жылдары тәрбие бөлімінің директоры, 2015-2017 жылдары «Экология және география» кафедрасының доценті, 2018-2020 жылдары «Өлкетану» орталығының басшысы қызметін атқарды.
Кафедра құрамы