Лиро-эпостық жырлар
02.12.2022 күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Педогогика" факультетінің "Қазақ тілі және әдебиеті" кафедрасының ҚТ/21-1 тобы студенттері "Халық ауыз әдебиеті" пәні бойынша "Лиро-эпостық жырлар" тақырыбында өздерінің ашық сабақтарын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Алдымен білім алып жатқан жас мамандарды болашақ педогог ретінде тәрбиелеу;
оқушылардың жас ерекшелігіне сай жаңа оқыту методикаларын меңгеру;
болашақ маман ретінде қалың ортада өзін еркін ұстау.
Жалпы сабақ барысында студенттер оқытудың жаңа тәсілдерінен пайдала отырып, "Лиро-эпостық" жырлардың негізгі мазмұнын айшықтай түсті және халық арасында таралған аңыздарды және реалистік оқиғаларды студенттерге баяндап берді.
Пән мұғалімі: Игиликова Эльмира.