23.04.2021ж. күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика және бизнес» факультетінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарыққа шыққанына 4 жыл толуына орай және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын студенттер арасында талқылау, насихаттау мақсатында жоспарға сәйкес «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың басты кепілі» атты тақырыпта 1 курс студент жастарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Болашақа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, «Ұлы даланың жеті қыры», «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақалалардың мәні мен маңызы туралы, институтта атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы «Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс» секторының жетекшісі Бекназаров Б.А. кеңінен баяндап берді. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.
19.04-22.04.21жыл аралығында Халықаралық Тараз инновациялық институтына “Шығармашылық мамандықтар”, “Педагогика” ,” Экономика” факультет студенттеріне “Мейірім”, “ Даримед” медициналық орталығынан арнайы мамандар келіп “ Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі” тақырыбында видеоролик көрсетіп,лекция оқыды.
22.04.2021ж. күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шығармашылық мамандықтар» және «Педагогика» факультеттерінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарыққа шыққанына 4 жыл толуына орай және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын студенттер арасында талқылау, насихаттау мақсатында жоспарға сәйкес «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың басты кепілі» атты тақырыпта 1 курс студент жастарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Болашақа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, «Ұлы даланың жеті қыры», «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақалалардың мәні мен маңызы туралы, институтта атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы «Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс» секторының жетекшісі Бекназаров Б.А. кеңінен баяндап берді. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.
Рамазан айы – Алла тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп,жыл он екі айдың қадірлісі. Иісі мұсылман қауымы үшін осынау қасиетті айда ораза ұстап, құлшылық еткен жандарға ауыз аштыру сауабы мол іс. Осыған орай, Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Студенттер үйінде» дастархан жайылып, ауыз бекіткен студенттерге арнап ауызашар берілді.
Институт ректоры Е.Б.Саурықов бұл айда мүмкіндігінше жұртқа жақсылық жасап, мейлінше ізгі істі көбірек істеу, күнә атаулыдан барынша бойды аулақ ұстап, кембағал жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық жасау - үлкен ізгілік екенін, Оразаның адамды төзімділік пен шыдамдылыққа, сабырлық пен тәубашылыққа баулыған қадір-қасиеті туралы, жастарға берер тәлім-тәрбиесі жайлы пікірін білдірді.
Өз кезегінде студенттер ауызашар рәсімін арнайы ұйымдастырған институт басшылығына ризашылықтарын жеткізді.
«Шығармашылық мамандықтар» факультеті, «Шығармашылық мамандықтар» кафедрасының ТАЛАПКЕР-2021 кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кафедраға қарасты Жамбыл облысы, Сарысу ауданынан бекітілген 10 мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, Жаңатас қаласында М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы, Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы, Абылайхан атындағы мектеп лицей, С.Сейфулин атындағы орта мектебі, Абай атындағы орта мектеп, Б.Қашқынбаев атындағы орта мектеп, Сарысу орта мектебі, Ы.Сүлейменов орта мектебі, Ақтоғай орта мектебі.
Жалпы алғанда бітіруші мектеп түлектеріне мамандықтар туралы толық ақпарат және сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау ретімен, педагогикалық мамандықтарға, және шығармашылық мамандықтарға құжаттар өткізудің тәртібі және шектік балдары, ректорлық грант, ЖОО тарапынан берілетін әлеуметтік жеңілдіктер, оның ішінде өнерлі, білім-ғылым бойынша және спорттағы жетістіктері бар студенттерге берілетін жеңілдіктер туралы толық ақпарат берілді.