Институт басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Бегасыл Белгібаевты Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.
Соғыс шебіне 1943 жылы аттанған майдангер Жуалы өңірінде дүниеге келген. Қиыр Шығыста Чита қаласында атқыштар полкында жауынгер болған ол Жапон басқыншыларынан азат етуге де қатысқан. Елге 1948 жылы оралған.
Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагеріне Халықаралық Тараз инновациялық институтының Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Гүлшат Құлабекова институт тарапынан жасалған сыйлықты тапсырды.
Гүлшат Қамбарбекқызы Жеңіс күнін жақындатқан майдангерлерге құрмет мейрам қарсаңында ғана емес, жыл бойы жасалу керектігін айтып, Бегасыл ақсақалға деніне саулық, отбасына амандық тіледі. Өз кезегінде қарт майдангер институт ректоры мен ұжымға алғыс білдіріп, батасын берді.
2021 жылдың 6 мамыр күні Халықаралық Тараз инновациялық институты ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, "Еуразия" Халықаралық экономикалық академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тәжібаев Серік Дүйсенәліұлының 70 жылдығына арналған "Цифрлық экономиканы қалыптастыру дәуіріндегі жоғары білім беру, бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін трансформациялау" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференциясын өткізді.
ХТИИ-де өткен конференция бағдарламасына сандық экономиканы қалыптастыру жағдайында жоғары мектептің және бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша баяндамалар енгізілді.
Конференция жұмысына М.Ломоносов атындағы ММУ, Корфанто атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университеті (Польша), Украина Мемлекеттік химия-технологиялық университеті, Мәскеу мемлекеттік гуманитарлық-экономикалық университеті, алыс және жақын шетелдердің (Ресей, Польша, Литва, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) және басқа да жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ білім беру, зерттеу ұйымдарының практикалық қызметкерлері, бизнес-құрылымдардың (коммерциялық банктердің директорлары) және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Конференция 4 секция бойынша жұмыс жасады, оның ішінде: «Жоғары білім беру жүйесін цифрландыру: проблемалар, басымдықтар, перспективалар»; «Цифрлық экономика жағдайында бухгалтерлік есепті трансформациялау»; «Цифрландыру кезеңінде аудиторлық қызметті реформалау»; «Цифрлық экономика және оларды шешудегі қаржы-экономикалық және басқару аспектілерінің маңызы». Конференция барысында барлығы 126 ғылыми баяндама оқылды.
Баяндамалар сериясы Қазақстан экономикасының цифрлық трансформациясы дәуірінде бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастыру жүйесіне және жоғары мектепті цифрландыруға көшуге арналды. Материалдар жинағы ғалымдарға, мамандарға, оқытушыларға, магистранттар мен студенттерге арналған.
Конференция онлайн режимінде ZOOM платформасында өтті.
06.05.20201ж. күні «Шығармашылық мамандықтар» факультетінде 7 – Мамыр «Отан қорғаушылар күніне» орай іс-шара ұйымдастырылды. Студенттер мен студенттік декан Амен Бернардың ұйымдастыруымен өткен кішігірім концерт барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалып, «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының студенттері хор орындады. Факультет деканы А.Құрманбекова оқу жылы барысында оқу, ғылым, өнер, спорт саласында жетістіктерге жетіп, институттың дамуына өзіндік үлес қосқан төмендегі белсенді студенттерді марапаттады:
1. Халықаралық Тараз инновациялық институтының дамуына өзіндік үлес қосып, «КВЕСТ» ойындарына қатысып, белсенділік танытқаны үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті АШИМБЕКОВ ЕЛДОС АБУРАЙХАНУЛЫ марапатталды.
2. «ЖАС ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ» номинациясымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті МАШЕНОВ ҚАЖЫМҰХАН ЕРЛАНҰЛЫ марапатталды.
3. «ТАЛАНТТЫ ӘНШІ» номинациясымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті АСАН ДАРХАН ЖАРҚЫНҰЛЫ марапатталды.
4. «ҮЗДІК ЖҮРГІЗУШІ» номинациясымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті САҒАДИНОВ ТӨЛЕБИ ТЕМІРЖАНҰЛЫ марапатталды.
5. «ПОЭЗИЯ СҮЙЕР ЖАН» номинациясымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті ӘБДІРЕЙ МҰСТАФА ЖАРАСБАЙҰЛЫ марапатталды.
6. «КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫ» ойындарына қатысып, белсенділік танытқаны үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті ДЖАМБУЛОВ СУЛТАНБЕК КАЗЫБЕКУЛЫ марапатталды.
7. «ТАЛАНТТЫ ӘНШІ» номинациясымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті АГАНАСОВ ҚҰДАЙБЕРГЕН АСҚАРБЕКҰЛЫ марапатталды.