COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы Тәрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.  Әбу Насыр Әл-Фараби Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе – ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек.  Ыбырай Алтынсарин Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.  Абай Құнанбаев

Басты бет / оқу үрдісі / біздің мақтаныштарымыз

БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ

Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттер арасында өткізілген ХІ жазғы универсиада ойындарында  Халықаралық Тараз инновациялық институтының спортшылары топ жарды. Атап өтер болсақ, ерлер арасында Каратэден Гафуров Рамазан, Гафуров Нурсултан, Азизов Рамазан - 1 орын;  Шарап Айбек, Бижанов Дамир - 2 орын, Сапарғалиев Аскар - 3 орын; қыздар арасында Турсынбекова Айгерім - 1 орын, Төреғали Самал - 2 орын,
Мухамеджан Аиша, Алимхан Асель, Курмантаева Альнура - 3 орынды иеленді. Жалпы есепте
4 алтын , 3 күміс , 4 қола медальды  қанжығаларына байлаған спортшыларымыз командалық есепте ерлер арасында 2 орын, қыздар арасында күміс алқа яғни 2 орынды иеленді. Жеңімпаз жастарды шын жүректен құттықтаймыз!


 

 

4-6.06.2021 күндері аралығында Ташкент қаласында самбо күресінен Азия чемпионаты өтті. Аталған байқауда Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Талғат Нұртілеу Нұрланұлы тартысты бәсекеде қола жүлдені иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Азияның қола жүлдегері атанған Нұртілеуді ХТИИ ұжымы құттықтайды. Байрақты бәсекеде жеңіс туын желбірете бер Нұртілеу!