БЕРКЕНОВА РАБИҒА АҒАБЕКҚЫЗЫ

29.03.1969 жылы дүниеге келген. 

1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы гимназияны аяқтайды.


1988-1993 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының «Филология» факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқыған.

1993-2001 жылдар аралығында Жамбыл педагогикалық институты «Қазақ әдебиеті» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеген.


2001-жылдан 2010 жылға дейін Тараз қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет істеген.


2010 жылдан бастап ТИГУ-дің Филология кафедрасында қызмет етеді. Филология ғылымдарының кандидаты.


2019 жылы Чехия Республикасының Теплице қаласында Халықаралық «Перспектива» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік әдістемелік жұмыс» медалімен марапатталды.


2019-2020жыл. «Филология» кафедрасының меңгерушісі.