COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ХТИИ жетістігі

ХТИИ жетістігі

Құрметті әріптестер, достар!
Былтырғы жылы Жоғары оқу орындарының рейтингісіне байланысты ақпарат тараған болатын. Сол мәліметте ТИГУ төменгі орындардың біріне жайғасқан деген теріс ақпарат тарап кетіп еді. БАҚ беттеріне шыққан ақпаратты таратқан "Атамекен" ҰКП дегеннен соң түсініктеме беру үшін Республикалық орталыққа хат жолдаған болатынбыз. Ешбір жауап келмеді. Кейін Елордаға барып, арнайы ат басын "Атамекенге" бұрдым. Басшылардан алған ақпаратта біз ол мәліметті министрлікке тарату үшін берген жоқпыз, әлі толықтыруды қажет ететін тұстары көп деп айтқан болатынбыз, бірақ ақпарат таратылып кетіпті, біздің кінәміз жоқ деген жауап алдым. Енді міне биылғы жылдағы Қазақстандағы ЖОО-ның ұлттық рейтингі жарияланды. Көпсалалы оқу орындарының ішінде жас та болсақ 14-ші орында тұру біз үшін жоғары көрсеткіш. Алдымызда 13 ғана ЖОО тұр. ХТИИ /ТИГУ/ соңғы жылдары ашылған жас оқу орны бола тұра сапалық жағынан жетістіктеріміз жеткілікті. 2015-2020 жылдары аралығында университеттің материалдық-техникалық дамуына 2.5 млрд тенгеге жуық қаржы құйылды. Бұл аз қаржы емес. Қазіргі ХТИИ /ТИГУ/ кез-келген отандық ЖОО теңесе алатын білім ордасы. Біздің даму жолымызда Білім және ғылым министрлігінің алдымызға қойып отырған міндеттері өте орынды әрі шынайы. Сондықтан елімізге қажетті сапалы кадрларды дайындауда жас та болсақ өзіндік орны бар оқу орындарының бірі әрі бірегейіміз. Мұны мен үлкен мақтанышпен айта аламын.
ХТИИ ректоры Е.Саурықов