«Ұлттық валюта – теңге» күні
Бүгін, Халықаралық Тараз Инновациялық Институтында «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен, 15 қараша «Ұлттық валюта – теңге» күні қаржы қызметкерлерінің кәсіби мейрамына арнайы дөңгелек үстел өткізілді. Құрметті қонақтар, әріптестер, студенттер 1993 жылдың 15 қарашасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев теледидардан Ұлттық валютамыздың айналымға енгізілгендігі туралы шешімін қабылдап, барлық бұқаралық ақпараттарға жарияланған болатын. Мінеки, сол күннен бері Ұлттық валютамызды еліміздің экономикасының өсуіне зор қызмет атқарып келеді. Ол кезде еліміздің Ұлттық валютамызды жасау үлкен қаражатты қажет еткен. Осындай қиын кезде Елбасы көрегендік жасап, батыл шешім қабылдап, қысқа мерзімде өз валютамызды шығаруға тапсырма берді. Ойдағыдай айналымға енгізілді. Ұлттық валюта Ұлыбританияның «Хариссон және ұлдары» фабрикасында шығарылды. Біздің институтта осы Ұлттық валюта күніне байланысты іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осыған байланысты бүгін Тараз қаласындағы Қаржы институттарының өкілдері және қызметкерлері осы күнді атап өтуге жиналып отыр. Осы іс-шараға қатысып отырған қонақтарымыз:
«Банк Центркредит» директор орынбасары Сатиев Азамат
«Банк Центркредит» менеджер Ахтанова Айжан
«Jusan Bank» бас маманы Шаулебаев Жантөре
«Jusan Bank» бас маманы Ынтымақов Шахмардан
«Jusan Bank» ХТИИ түлегі менеджер Тлеубаев Қасымжомарт
Сіздерді Осы мерекемен құттықтай отырып, дөңгелек үстелімізді сәтті өтуімен, қаржы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз !