COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / ҒЫЛЫМ / Конференциялар / факультеттер

Конференциялар

Мен Газаев Асхат Ибрагимұлы 1980 жылы 22 тамыз күні Жамбыл облысы Луговой кентінде дүниеге келдім. Номері 33 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепке 1986 жылы барып, 1997 жылы аталған мектепті тәмәмдадым.

2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығын бітіріп, заңгер біліктілігін алдым.

2008 жылыМ.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, аталған университетті 2010 жылы бітіріп, «құқық магистрі» академиялық дәрежесін  алдым.

2016-2018 жылдары Ч. Храбр атындағы Варна еркін университетінің докторантурасында оқып, "криминология докторы" ғылыми дәрежесін алдым.

2018 жылы ҚР БҒМ № 1641 шешімімен "Құқықтану" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Білім сапасын бағалау мониторингі орталығына инспектор болып жұмысқа орналастым.

2008 жылы Заң факультетінің «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасында ассистент, 2009 жылы аталған кафедрада оқытушы болып қызмет атқардым.

2010 жылы «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасына аға оқытушы қызметіне конкурс арқылы өттім.

2015-2016 ж. ТарМУ Заң факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2016-2017 ж. ТарМУ Заң факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.

2017-2019 ж. ТарМУ Заң факультетінің "Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық" кафедрасының меңгерушісі.

2019-2020 ж. ТарМУ Заң факультетінің "Қылмыстық құқық және процесс" кафедрасының меңгерушісі.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ХТИИ "Азаматтық және қылмыстық құқық" кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарудамын.

Үйленгенмін, үш баланың әкесімін.

Мен Саткей Талғат Бейсенбіұлы, ұлтым қазақ, ҚР Тараз қаласында 07.05.1982 жылы туылдым.

1999 жылы Б. Момышұлы ұлы атындағы № 45 орта мектепті бітірдім.

1999 жылдан 2003 жылға дейін Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында оқыдым. Оқуды бітіргеннен кейін 2006 жылдың ақпанына дейін Жамбыл ауданының ІІБ-де ҚІБ-нің жедел уәкілі лауазымында, одан кейін ҚІБ бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істедім.

2006 жылдың ақпанынан 2009 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысы ІІД Жедел-криминалистикалық бөлімшесінде аға жедел уәкіл лауазымында, содан кейін Жамбыл облысы ІІД Жедел-криминалистикалық бөлімше бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істедім.

2009 жылдың қаңтар айынан 2009 жылдың қараша айына дейін Тараз қаласы ІІБ Жедел-криминалистикалық бөлімшесі бастығының орынбасары қызметін атқардым.

2012 жылдың наурыз айынан 2014 жылдың қыркүйек айына дейін «Парасат» колледжінде оқытушы, содан кейін «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және құқық» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істедім.

2014 жылдан бастап М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде жұмыс істедім. Заң факультетінде оқытушы, одан кейін аға оқытушы, тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары, «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі лауазымдарында 2020 жылдың қыркүйегіне дейін қызмет атқардым.

2014 жылы Жамбыл Гуманитарлық Техникалық Университетінде магистрлік  диссертациямды қорғап, аяқтадым.

2018 жылы Ч.Храбр атындағы Варна еркін университетінде докторантураны бітірдім. 2018 жылдың наурыз айында докторлық диссертацияны қорғадым. 2019 жылдың ақпан айында ҚР БҒМ мойындады.

Қазақ және орыс тілдерін жетік, ағылшын тілін сөздікпен білемін.

Есперов Елдос Ізбасарұлы-Экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Қаржы және есеп" кафедрасының меңгерушісі.

Қазақ, 1980 жылы 6 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келген. 1998 жылы орта мектепті бітіріп, сол жылы М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-ға инженер-эколог мамандығына оқуға түсті. 2003 жылы осы университетті бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы "Жамбыл Су шаруашылығы" РМК Қордай УВС арнасы бойынша инженер, одан әрі 2004 жылдан 2011 жылға дейін Қазақ ұлттық аграрлық университеті "Су ресурстары" кафедрасында бастады. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен кандидаттық диссертация қорғады. 2011 жылдан бастап экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2011 жылдан 2017 жылға дейін "Қордай ауылшаруашылығы колледжі" РМҚК директоры. 2017 жылдан 2018 жылға дейін "Адал еңбек" ЖШС Қазақмыс учаске бастығы. 2019 жылдан 2021 жылға дейін М.Х. Дулати атындағы ТарМУ "Экономика" кафедрасының доцентінің м.а. 2021 жылдан бастап Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ "Қаржы және есеп" кафедрасының меңгерушісі.

2007 жылы ҚазҰАУ студенттер кәсіподағының төрағасы болып сайланды.

Аудандық мәслихаттың 5-6 шақырылымының депутаты.

Елбасының Алғыс хатымен марапатталған.

20 -ы Мәслихаттың  медалімен марапатталған.