COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / ҒЫЛЫМ / Конференциялар /  кафедра

Конференциялар

СИХАЕВ АЙДАРХАН ӘШІМХАНҰЛЫ

Кафедра меңгерушісі

Байланыс телефоны: +7 702 712 97 60

E- mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

 

 

Кафедра құрамы

 

Таукебаева Кунсулу Сатхановна 

тғк, қауымдастырылған профессор 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Тұрсынбаев Мұхамеджан Мұхтарұлы  

аға оқытушы 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

 

Үсен Біржан Муханұлы 

аға оқытушы 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Шокалакова Сауле Бектуреевна 

аға оқытушы 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Куатбекова Раушан Илесбековна  

аға оқытушы 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Сарсембаева Меруерт Сейдалиевна  

аға оқытушы 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Турлумбетова Гульжан Тулемешовна 

аға оқытушы 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Берік Нұрдос Ерланұлы 

оқытушы 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

 

Жебегенова Корлан Кожабековна 

оқу шебері 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Білім беру бағдарламалары

 

6B01411- Бастапқы әскери дайындық

Антиплагиат

6B01404- "Кәсіптік оқыту" білім беру бағдарламасы

6B01405- "Көркем еңбек және сызу" білім беру бағдарламасы

6B01411- Бастапқы әскери дайындық

7М01401- Кәсіптік оқыту

 

Түйінді көрсеткіштері бойынша жұмыс жоспары

Ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспары

2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары

Ғылыми-зерттеу және шығармашылық тәжірибе жұмыстарды орындау

Шебер қолдар 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Сиқырлы қалам 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

Студенттердің практикадан өту базалары

№ 12 мектеп гимназия КЕСКО келісім-шарт

№12  мектеп гимназия БӘД келісім - шарт

№23 орта мектеп БӘД келісім - шарт

№23 орта мектеп КЕСКО келісім - шарт   

№38 орта мектеп БӘД келісім - шарт

№38 орта мектеп КЕСКО келісім - шарт

№50 орта мектеп БӘД келісім - шарт 

№50 орта мектеп КЕСКО келісім - шарт 

Біліктілік арттыру

 

"Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар" кафедрасында кәсіби біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Оқу үдерісінде жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған білім беру  бағдарламаларында оқытылатын пәндері бойынша тиісті сертификаттар мен расталған біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білімін жетілдіріп отырады.

Cертификаттар

Кафедра жетістіктері

 

6В01411- «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы 

6В01411- «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы  бойынша  жоғары білікті профессор оқытушылар құрамы жұмыс атқарады. Оқу кабинеттері арнайы заманауи  интерактивті тақталарармен, оқу-әдістемелік құралдар, түрлі спорттық снарядтар, оқу жаттығу автоматтарымен жабдықталған. Студенттер ҚР ҚК Жалпы әскери жарғысына сәйкес шағын әскери (плац) алаңында жәнеәскери спорттық ойындарға арналған арнайы кедергілермен жабдықталған алаңында білімдерін практикамен  ұштастырып жаттығады. Білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттеріқалалық, облыстық, республикалық түрлі жарыстарға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп отырады. 2023жылы ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәні бойынша XIV-Республикалық пәндік олимпиадасында жалпы командалық есепте ІІІ-орынды иеленді, жетекшісі аға оқытушы, подпалковник М. Турсынбаев.Студенттер оқу, кәсіби, педагогикалық практика барысында  облыс аймақтарының және Тараз қаласының №38,23,53,47,48,33,12 орта мектептер мен гимназияларымен және әскери бөлімшелермен келісім шарт негізінде кәсіби практикадан өтеді. Студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыру  мақсатында  дуалды оқыту жүйесі бойынша  Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,   Н.Гоголь атындағы орта мектебімен  келісім шарт жасалып студенттер  білімін  тәжірибе  барысында  шыңдап отырады.  Білім беру бағдарламасында  жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру  мақсатында «Әскери патриоттық клуб» жұмыс істейді.

 

6В01404 - «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы 

6В01404 - "Кәсіптік оқыту" білім беру бағдарламасының студенттеріне жоғары сапалы білім беру қызметтерін көрсету, өндірісті ұйымдастырудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында, профессор-оқытушылар құрамы сапалы білім беруде заманауи ғылыми-техникалық базалармен жабдықталған, түрлі құрал-жабдықтары бар, интерактивті, сенсорлы тақталарды пайдаланады. Оқу кабинеттері интерактивті тақтамен, компьютермен, заманауи тұрмыстық және өнеркәсіптік тігін машиналары Jack JK-F4, торлаулап, кестелеуге арналған Jack JK-E3-5-M2/35 тігін машиналары,  бу генераторы бар электр үтіктері CHAYKA V3600 т.б. құрал-жабдықтармен жабдықталған. Студенттер түрлі жарыстар мен байқауларға, олимпиадаларға қатысып жүлделі  орындар иелеліп отырады. 2023жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, жоғары оқу орындары студенттерінің XV-Республикалық пәндік олимпиадасында «Сәндік панно» номинациясы бойынша үздік  жұмыс жасағаны және командалық сайыста жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін ІІІ- дәрежелі диплом иеленді.

Теміртау қаласында «Золотая нить» республикалық дизайнерлер байқауында студенттердің шығармашылық «Ақ бұлттар» әйелдерге арналған топтамасы 1-орынды иеленді.

Студенттер оқу, кәсіби, педагогикалық практика барысында  облыс аймақтарының және Тараз қаласының №38,12,53,47,48,16,50,5,7 орта мектептер мен гимназияларымен тігін шеберханаларымен келісім шарт негізінде кәсіби практикадан өтеді. Студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыру мақсатында дуалды оқыту жүйесі бойынша Тараз қаласы, №38 орта мектебі  коммуналды мемлекеттік мекемесімен  келісім шарт жасалып, студенттер  білімін  кәсіби практика  барысында  шыңдап  отырады.  Білім беру бағдарламасында жастарды шығармашылыққа баулу мақсатында  «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс істейді. 

 

6В01405 - «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасы

6В01405 - «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамыбілікті мамандар дайындау бағытында оқу процессін жүйелі, жоспарлы және шығармашылық процесінде әдістемелік құралмен қамтамасыздандыру, білім берудің заманауи технологиялары мен оқытудың интерактивті әдістерін, инновациялық технологиялар мен оқытудың белсенді әдістеріноқу үдерісінде кеңінен қолданады. Кабинеттер арнайы оқу әдістемелік құралдармен, интерактивті, сенсорлы тақталармен, компьютерлермен, шығармашылық жұмыс істеуге арналған гипстік мүсіндер, розеткалар, торстар, склеттер, муляждар, саз балшық, пластилин, планшеттер, мольберттер т.б жабдықталған. Кафедраның оқытушылары студенттермен бірге түрлі байқаулар мен жарыстарға стартап жобаларына жетекшілік жасап,  белгілі мерзім ішінде зерттеу жұмысын қорғауды жүзеге асырып отырады. Білім беру бағдарламасы бойынша  студент  Абумансұр Тұрар  2023жылы TARAZ HUB,  Аstana hab,  Астана қаласында өткен Astana Cretive Days - UIRENстартап жобасына, Қарағанды қаласында EcosystemERG–кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша  институт тарапынан оқуға барып кәсіпкерлік білімін жетілдірді жәнеTurar_worksop-тері, былғары бұйымдарын жасау  кәсіпкерлік жобасы бойынша  Республикалық  «Әрекет»  және Бизнес-батл  жобаларына қатысып сертификаттар иемденген. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастырумен «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша «Үздік заманауи өнер суретшісі» финалист дипломының иегері.

Студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарына үнемі қатысып жүлделі орындар иеленіп отырады Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияда 3-курс студенті Абумансұр Тұрар 2-дәрежелі, 2022-2023 оқу жылында 1-дәрежелі дипломдармен марапатталды, жетекшісі аға оқытушы С.Б. Шокалакова.

Білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар  құрамы  жас суретшілер мен шеберлердің көркемдік қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, дамыту мақсатында облыстық, республикалық, халықаралық түрлі жарыстар, симпозиум, байқаулар ұйымдастырып отырады. Мысалы, облыстық дәстүрлі «Өлке өркениеті» байқауы, халықаралық  «Ұлы дала өркениеті» суретшілер симпозимуы т.б.

Студенттер оқу, кәсіби, педагогикалық практика барысында  облыс аймақтарының және Тараз қаласының №38,12,53,47,48,16,7,5,7,23 орта мектептер мен гимназияларымен келісім шарт негізінде кәсіби практикалар өтеді. Студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыру  мақсатында  дуалды оқыту жүйесі бойынша  Тараз қаласы, №47 орта мектебі  коммуналды мемлекеттік мекемесімен  келісім шарт жасалып, студенттер  білімін  тәжірибе  барысында  шыңдап  отырады.  Білім беру бағдарламасында  студенттерді шығармашылыққа баулу мақсатында  «Сырлы қалам» үйірме жұмысы жұмыс істейді.

7М01401 -"Кәсіптік оқыту" білім беру бағдарламасы

7М01401- «Кәсіптік оқыту» (сала бойынша) білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық магистратура тереңдетілген ғылыми-педагогикалық даярлығы бар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі.

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық, оқу-өндірістік және ұйымдастыру-әдістемелік қызметті жүзеге асыру үшін тиісті тұлғалық және кәсіби құзыреттілікке ие педагогикалық ғылымдар магистрлерін даярлау;

- іргелі ғылыми немесе кәсіби дайындығы бар, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, зерттеу саласын жүйелі түсінуді көрсететін, ғылыми экспериментті шебер ұйымдастыратын, ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі жарияланымдарда өз зерттеулерінің нәтижелерін ресімдейтін магистрлерді даярлау.

7М01401 – «Кәсіптік оқыту» (сала бойынша) бағыты бойынша білім алушы магистранттары жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіннің талаптарына сәйкес жалпы мәдени және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру және қалыптастырылған құзыреттерді іске асыруға мүмкіндік алады. Магистранттарға PhD докторантурада оқуды табысты жалғастыруға, жоғары білікті құзыретті мамандардың ғылыми-педагогикалық қызметін табысты іске асыруға мүмкіндік береді.

Кафедра студенттерінің жетістіктері

 

Студенттерінің жетістіктері 

 

ГАЗАЕВ АСХАТ ИБРАГИМҰЛЫ

Кафедра меңгерушісі

Байланыс телефоны: +7 747 912 50 66

E - mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

 

 

Кафедра туралы

 

2020-2021 оқу жылынын 2-ші семестрінде Халықаралық Тараз инновациялық институты Ректорының бұйрығымен «Экономика және құқық» факультетінен «Заң» факультеті бөлініп, дербес құрылымдық бөлім болып ашылды. Бұл факультетке қарасты екі кафедра ашылды. Соның бірі «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасы. Бұл кафедарының меңгерушісі ретінде РһD, криминология докторы, д.м.а. А.И. Газаев тағайындалды.

Кафедрада Білім беру бағдарламалары жасалып, 2020 жылғы 23 қаңтар күні   Университеттін ғылыми кеңесінде қарастырылып бекітілді. Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды:

- 6В04201-Құқықтану «Құқық» бакалавры және магистратура   7М04201-Құқықтану «Заң ғылымдарының магистрі», «Құқық магистрі» мамандарын дайындайды. 6В04201-«Құқықтану» мамандығының және магистратура 7М04201-Құқықтану «Заң ғылымдарының магистрі» білім беру бағдарламасы Университет миссиясына сәйкес жасалған. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді. Заманауи талаптарды ескере отырып, ол өзінің кәсіби қызметінде болашақ көшбасшыларды тәрбиелейді.

Кафедраға қарасты білім беру бағдарламаларының студенттері оқу-арнайы, оқу-танысу, өндірістік практикаларын Тараз қаласы №1ПБ, Жамбыл облысы бойынша жедел криминалистикалық басқармасы, Жамбыл облысының Полиция Департаменті, Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Жамбыл облысы Әділет Департаментінде өтеді. Аталған мекемелермен келісім шарттар жасалған.

«Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасы жүргізетін пәндерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес «Заң» факультетіндегі материалдық-техникалық базасы едәуір жетілген кафедра болып табылады. «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері үшін кафедраға қарасты криминалистік зертхана 1-1.003 жұмыс жасауда. Бұл зертхана «тұрғын бөлмемен», оқу полигонымен жабдықталған.Оқу полигонының «Тұрғын бөлмесі» қылмыс жасалған орын модельденген, және тануды өткізуге арналған көру айнасымен жабдықталған. Онда студенттер криминалистикалық тактика әдістерін жүзеге асыруды және хаттамалар толтыруды үйренеді. Криминалист чемоданы мен тергеуші чемоданы заттық дәлелдерді алу, саусақ іздерін түсіру, іздерді көшірмелеу үшін қолданылады.

Оқыту сапасын жоғарылату мақсатында полигон «LG» теледидарларымен, «Криминалистика» пәні бойынша қажетті материалдарды көру үшін бейнетаспалармен, «Фоторобот» бағдарламасы еңгізілген мониторлармен жабдықталған.

Сонымен қатар кафедраға қарасты сот залы- 1-1.002 аудиториясы студенттердің білімдерін тәжирибемен ұштастыруға септігін тигізуде. «Сот залы» риторика негіздерін, соттық ораторлық шеберлікті, конфликтологияны, қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізуді, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізуді меңгеру үшін жасалған. Қазіргі заманауи талапқа сай жабдықтармен толық жабдықталған оқу сот залында шынайы жағдайға жақын жағдайлар жасау мақсатында жүйелі түрде оқу сот процестері өткізіледі, сонымен қатар осы арнайы жабдықталған аудиторияларда студенттер өзіндік жұмыстары мен зертханалық жұмыстарын жүргізе алады.

Кафедра мамандандырылған ҚР Азаматтық құқық -1-1-303а және ҚР Қылмыстық құқық-1-1.301 аудиторияларымен қамтылған. Бұл аудиториялар заманауи технологиялық құрылғылармен қамтамасыз етліген.

Кафедра халықаралық ынтымақтастық аясында 2021 оқу жылында Еуроодақтын оннан астам Жоғары оқу орындарынын мүддесін білдіретін «Еуропада оқыту форумымен» шартқа отырған. Шарт аясында студенттердің академиялық ұтқырлығы, ПОҚ академиялық ұтқырлығы, халықаралық кәсіби біліктілікті арттыру туралы мәселелер шешілуде.

Қазіргі кезеңде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына білікті мамандар жинақталған. Атап айтатын болсақ: з.ғ.к. А.Б. Аяғанова, з.ғ.к. Ирубаева А.Т,з.ғ.к Сағынбеков Қ.С. РһD Бимбетов А.Б, РһD Алимбекова М.А. және заң ғылымдарының магистрлері Бектұрғанова Р.Ш., Жұманова А.С,Акимбаева А.А, Ильясова И.С., Қайпулдаева А.К, Каниева К.К, Ералиева Ж.Д, Немеребаева А.М.

Профессор-оқытушылар құрамы оқу процесімен бірге ғылыми жұмыстарды да бірге алып жүреді. Мәселен: РһD Газаев Асхат Ибрагимович, з.ғ.к Сагинбеков Құрманбек Сагинбекович, РһD Сәткей Талғат «Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних» (орысша-қазақша) атты әдістемелік құралы, «Культурно-правовое воспитание несовершеннолетних» орысша-қазақша, аға оқытушылар Мусаева Алия Январбековна, Куанышева Индира Керимжановна «Профессиональная этика юриста», Ильясова Индира Самединовна, Акимбаева Айнур Алимхановна, Бектұрғанова Райхан Шубаевна «Іс құжаттарын рәсімдеу», Сборник лекций по дисциплине «Юридическая психология», Бектұрғанова Райхан Шубаевна, Мусаева Алия Январбековна, Ильясова Индира Самединовна, Акимбаева Айнура Алимхановна «Мусульманское право», Куанышева Индира Керимжановна, Мусаева Алия Январбековна,Терликбаева Гүлнұр Рахимжановна «Шетелдердің конституциялық құқығы» атты оқу әдістемелік құралдары жарық көріп, студенттер сабақ барысында қолдануда. Сонымен бірге импакт-факторы бар рейтингті шетел басылымдарда ғылыми мақалаларын жариялауда, олар: The relevance and importance of criminological research on the problems of the legal fight against latent crime in kazakhstan авт: Abdramanova, N.K, Alaukhanov, Y.O,Alimbekova, M.A, Maulenov, D.B, Judicial Control and Prosecutorial Supervision in the System of   Guarantees for Observing the Rights and Freedoms of a Suspect Person авт: Акимбаева Айнур Алимхановна, Дюсенбаев Талгат,Амангельді А.,Балашов Т., Аратұлы К,Телеуев Г.

Профессор-оқытушылар құрамы тек шет мемлекеттерге емес сонымен бірге Ғылыми Республикалық (ЖАК ҚР) журналдарында мақалаларын жариялауда: Мусаева Алия Январбековна, Асқарбекқызы. Назира: «Жеке мүліктік емес құқықтар және материалдық емес игіліктердің отбасылық қатынастарда реттелуі», «Шетелдердегі неке шарты институтының құқықтық реттелуін талдау», «Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік қатынастарды шартты реттеудің кейбір мәселелері», «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми журнал №11(143) 2020, Акимбаева Айнур Алимхановна, Дюсенбаев Талгат Турашевич, Абдрашев Руслан Муратханович «Понятия хулиганства и развитие законодательства об ответсвенности за него в советском уголовном праве», Мусаева Алия Январбековна, Бектұрғанова Райхан Шубаевна «Договорой режим имущества супругов». Тұрақты түрде Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға   қатысады: «Теоретические основы соотношения и взаимодействия международного и национального права в сфере легализации преступных доходов» авт: А.И. Газаев, Атакулов А.С, « Қылмыстық кодекстегі өлім жазасы мен адамның өмір сүруге деген конституциялық құқығының арақатынасы» авт: А.И. Газаев,Оспанов Ж.Б, «Қылмыстық заңның кеңістікте қолдану мәселелері: халықаралық аспект» А.И. Газаев,Тұрсын Б.Т, «Абайсыздықта жасалатын қылмыстардың жалпы түсінігі» авт: Бөлешов Р, А.И. Газаев,«Вопросы государственной поддержки и совершенствования в развитии малого предпринимательства в Республике Казахстан» авт:Ильясова И.С. Бектұрғанова Р.Ш, «Ислам және әйел мәртебесі» авт. ҚайпулдаеваА,Терлікбаева Г, «Судебная система Казахстана» АкимбаеваА.Қуанышева М, «Вопросы современной уголовно-правовой политики в Республике Казахстан: реалии и перспективы» авт. Бимбетов А.Б.,Тулебаева.

Студенттердің сабақ білім сапасын жоғарлату және Жамбыл облысы мектептері мен колледждерінің жоғарғы сынып оқушыларының құқықтық білімін жетілдіру мақсатында Жамбыл облыстық Прокуратурасымен келісім шарт жасалды. Бұл келісім шарт бойынша «Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних» и «Права несовершеннолетних» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

 

Кафедра құрамы

 

Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы

аға оқытушы. з.ғ.к

тел: +7 (7262)50-13-55

 

Аяганова Айгерим Буркутбаевна

Ғылыми дәрежесі: з.ғ.к
Ғылыми атағы: д.м.а.

тел: +7 701 732 2079

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Сагинбеков Курманбек Сагинбекович

Ғылыми дәрежесі: з.ғ.к
Ғылыми атағы: д.м.а.

тел: +7 747 705 8595 

Сулейманов Халилжан Жалилович

заң ғылымдарының кандидаты

тел: +7 700 462 4164

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Тулеубаева Гульнур Жақсыбайқызы

Ғылыми дәрежесі: Phd
Ғылыми атағы: д.м.а.

тел: +7 702 403 6602

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Бектұрғанова Райхан Шубайқызы

аға оқытушы

тел: +7 708 716 3686

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Акимбаева Айнұр Алимхановна

аға оқытушы

тел: +7 700 664 9082

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Алимбетов Абдугаффар Ваисбекұлы

Ғылыми дәрежесі: з.ғ.к
Ғылыми атағы: д.м.а.

тел: +7 701 165 2102

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Ералиева Жазира Дуйсенбековна

аға оқытушы

тел: +7 778 876 3611

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Ильясова Индира Самидиновна

аға оқытушы

тел: +7 778 147 5181

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Каниева Қарлығаш

аға оқытушы

тел: +7 777 165 4417

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Немеребаева Айгерим Мукатаевна

аға оқытушы

тел: +7 708 127 5254

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Қонысбаев Мадияр Таңатұлы

Жамбыл облысы Полиция департаменті жедел-криминалистикалық

басқармасының полиция подполковнигі

тел: +7 775 338 8807

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Датеева Айбала Мейрамханқызы

оқытушы

тел: +7 702 533 9897

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

 

Кадыров Малик Серикович

аға оқытушы

тел: +7 700 773 9635

 

Асқарбекқызы Айнұр

аға оқытушы

тел: +7 777 093 9960

 

Ирубаева Айгуль Танабуговна

аға оқытушы

тел: 

 

Сырлыбаев Максутбек Максимбекович

аға оқытушы

тел: 

 

Назмышев Рахмади Айтышович

доценті, заң ғылымдарының кандидаты

тел: 

 

Жексембаева Наркес Есімханқызы

аға оқытушы

тел: 

 

Молдазым Назгүл

аға оқытушы

тел: 

 

Білім беру бағдарламалары

 

7M04201–Құқықтану

7M04202–Құқықтану

6B04201–Құқықтану

6B04202-Мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер

6В04203-Қылмыстық құқық және процесс

 

6B04201–Құқықтану 

6B04202-Мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер 

6В04203-Қылмыстық құқық және процесс 

 

Элективті пәндер каталогы

7M04201-Құқықтану 2021-2022 оқу жылына

7M04202-Құқықтану 2021-2022 оқу жылына

6В04201-Құқықтану 2021-2025 оқу жылына

6В04203-Қылмыстық құқық және процесс 2021-2025 оқу жылына

6В04201-Құқықтану 2023-2027 оқу жылына

6В04203-Қылмыстық құқық және процесс 2023-2027 оқу жылына

Жұмыс оқу жоспары

2 жылдық 2021 ж

2 жылдық 2022 ж

3 жылдық 2022 ж

3 жылдық 2022 ж

Біздің түлектер

 

Тойлыева Аружан Серікқызы 2018-2022 жылдар аралығында «5В030100-құқықтану» мамандығының бітіруші түлегі. Ақтау қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты.

 

 

 

Байжиенов Еркебұлан Мұхтарұлы 2012-2016 жылдар «5В030100-құқықтану» мамандығының бітіруші түлегі. Қызметі: Жамбыл облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры. 

 

 

 

Мамырбеков Ғазиз Қадырбекұлы 2012-2016 жылдар «5В030100-құқықтану» мамандығының бітіруші түлегі. Қызметі: Жамбыл ауданы прокуратурасының прокуроры.

 

 

ОНГАРБАЕВА МАРАЛ БУРКИТБАЕВНА

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к

Байланыс телефоны: +7 701 618 28 26 

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.   

 

 

 

Кафедра туралы

 

«Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар»  кафедрасында  5 бакалавриат БББ бойынша мамандар даярланады: 6В06101 – «Информатика», 6В06102 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6В06103 -«Ақпараттық жүйелер және технологиялар»,  6В06104 - «Компьютерлік инженерия», 6В06105-"Computer science".

7М 01505- «Информатика және цифрлық технологиялар» БББ 28.07.23 ж Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілді, магистранттар әлі қабылданған жоқ

2023-24 о.ж. кафедраның педагогикалық жүктемесі - 114591 сағат, ол 17,25 штаттық бірлікті құрайды. Кафедрада 14 оқытушы жұмыс істейді, оның екеуі – қосқызметте (өндірістен).  ПОҚ ғылыми үлесі 25 % (3 ғылым кандидаты)

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының білім беру бағдарламалары заманауи ғылыми-техникалық базаға ие, кафедра зертханалары оқытудың жаңа интерактивті құралдарымен жабдықталған.

Кафедра зертханалары: 3-104- «Программалау», 3-105- «Компьютерлік желілер», 3-108- «Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архтектура», 3-109- «Компьютерлік графика», 3-205- «Деректер базасы» Зертханаларда заманауи компьютерлік техника, лазерлік-нақыштау құрылғысы, 3D принтерлер, UV-принтер, робототехника құралдары бар. 3-202 «VR зертханасы» жабдықталуда. Студенттер бағдарламалық оқытумен қатар аппараттық және бағдарламалық жабдықтарда практикалық тұрғыдан үйренуде.

Ақпаратты өңдеудің бағдарламалық – аппараттық кешендері (3D принтер, UV-принтер, лазерлік-нақыштау құрылғысы) арқылы заманауи бағдарламалау технологиялары мен жұмыс дағдыларын меңгерген IT-технологиялар және полиграфия саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында 2022 жылы 6В06105-"Computer science" тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламасы ашылды. 6В06105 – "Computer science" бірлескен білім беру бағдарламасы қос дипломды бағдарлама болып табылады, Ч.Храбрый ат. Варна еркін университетімен (Болгария) бірлесіп әзірленген, бағдарлама түлектеріне Ш. Мұртаза ат. ХТИИ  дипломы және Варна еркін университетінің дипломы беріледі.

Бірлескен инновациялық және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін халықаралық зерттеу ұжымдарын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ч.Храбрый ат. Варна еркін университетімен бірлесіп 2023-2025 жж аралығында "Цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу" тақырыбында ғылыми-зерттеу жобасы орындалуда.

2023 жылы Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде информатика және компью-терлік инженерия бағытында Computational Life Sciences жобасы орындалуда. Бұл жоба пәнаралық трансұлттық қос дипломды магистрлік бағдарламасын құруға бағытталған.

ҚР БҒМ-нің 2021-23 жж арналған гранттық қаржыландыру бойынша ИРН №AP09259657 "Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің білімін бақылау үшін прокторингтің автоматтандырылған жүйесін зерттеу және әзірлеу" жобасы аясында  п.ғ.к.  М.Б. Онгарбаева ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.  

Докторлық диссертациялардыдайындау бойынша: аға оқытушы Садықова Т.Д. - АТХУ, Д024-Ақпараттық технологиялар; аға оқытушы Алтынбекова Ж.Т - ҚазМемҚПУ, 8D01502-Информатика мамандықтары бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Жыл сайын ПОҚ оқытылатын пәндері бойынша тиісті сертификаттармен расталған біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, атап айтсақ: Coursera: SQL for Data Science біліктілікті арттыру курстары (п.ғ.к. Онгарбаева М.Б., т.ғ.к. Омаров А.Ж., аға оқыт. Шинышерова Ж.Б.), күшейтілген тілдік даярлыққа арналған біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы.Ерманова Г. Б., Шомаева Г.К.), білім беру жүйесіндегі цифрландыру мәселелері бойынша (доц. Аязбаев Т.Л., аға оқытушы Алтынбекова Ж.Т.), программалау бойынша біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы. Галагузова Т.А.., Абдигаппар К.), Робототехника бойынша (Шинышеров Ж. Б.) және т. б..

2018-2023 ж.ж. кафедраның ПОҚ 118 басылым шығарды: нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда - 5, алыс шет елдердегі басылымдарда - 8, ТМД елдерінде - 4, республикалық басылымдарда - 12, отандық журналдарда, оның ішінде ҚР БҒМ Білім саласындағы бақылау комитеті ұсынған - 16, ҚР БҒМ-де конференция материалдарының жинақтары: халықаралық - 67, Республикалық - 24. Соңғы бес жылда мамандықтардың элективті пәндері бойынша 8 оқу, оқу-әдістемелік құрал және 30-дан астам оқу-әдістемелік кешен шығарылды.

Студенттердің кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамыту үшін институтта ІТ Академия ашылды, оның мақсаты - қазіргі заманғы бизнес  және жұмыс берушілерге ең өзекті, талап етілетін білімді ұсыну болып табылады. 2022 жылы институт Huawei ІСТ Академиясымен және Cisco желілік Академиясымен серіктес болды, бұл кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттеріне осы әлемдік компанияларда АКТ саласында оқыту мен сертификаттаудан өтуге мүмкіндік береді.  6В06103 – Ақпараттық жүйелер және технологиялар БББ-ның 5 студенті Cisco Академиясында курстан өтіп, сертификаттау емтиханын тапсырып, халықаралық сертификатқа ие болды. Осы мамандықтың студенті Гасанов С. Аmazon корпорациясының жобаларының біріне қатысатын қазақстандық студенттердің  тізіміне енді.

Кафедрада "Робототехника", "The IT Crowd" ғылыми үйірмелері жұмыс істейді. Студенттер жыл сайын стартап-жобалар конкурстарына, ғылыми конференцияларға қатысады, ҒЗЖ нәтижелері бойынша авторлық куәліктер алуға өтінім береді. 2022-23 оқу жылында студенттер StartupOrda жобасының бизнес - инкубациясына, StartupOrda бизнес идеялар жобасына қатысып, жеңімпаз аталды, сондай-ақ І Өңірлік ITII Хакатон-2023 белсенді қатысты.

Кафедра құрамы

 

Аязбаев Талғатбек Лесбекович 

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Омаров Аширхан Жанбекович

техника ғылымдарының кандидаты

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Тасыбаев Алтынбек Кошкарбаевич 

аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Ерманова Галия Бердаковна

аға оқытушы, информатика магистрі

E-mail: yermanova.g@mail.ru

 

 

 

Галагузова Тамара Алексеевна

аға оқытушы, математика магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Шинышерова Жазира Болатовна

аға оқытушы, техника және технология магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Әбдіғаппар Қыдырбек Сейтжаппарұлы

оқытушы, техникалық ғылымының магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Кемел Аян Мейіржанұлы

оқытушы, техникалық ғылымының магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Карбозова Индира Аскарбековна

Аға оқытушы, техника және технология магистірі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Айдаралы Нұрсейіт Дүшембайұлы

Аға оқытушы, техникалық ғылымының магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Майкон Назгүл Жандосқызы

оқытушы, Педагогика ғылымдарының магистрі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Оңғарбай Мөлдір Ерболатқызы

оператор, Информатика бакалавры

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Білім беру бағдарламалары

  

6В06101 – «Информатика» білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты: сандық индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жеке, зерттеу әлеуетіне ие экономиканы цифрландыру және ақпараттандыру міндеттерін бағдарламалық сүйемелдеуді әзірлеуге, енгізуге қабілетті,  IT – жобаларға жетекші, IT саласының кадрларын даярлау болып табылады.

«Информатика» білім беру бағдарламасының түлегіне 6В06101-«Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:

- инженер-бағдарламашы (бағдарламашы);

- бағдарламашы (веб-мастер, веб-дизайнер);

- ақпаратты қорғау инженері;

-жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес олардың біліктілігіне сәйкес келетін кәсіби қызметте IT-технологияларды қолдануға байланысты басқа да лауазымдар.

6В06101 – «Информатика» Білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуін қолдау және өңдеу процесін ұйымдастыру мақсатында ресурстарды және уақытты тиімді жоспарлау және басқару; аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және верификациялау; аппараттық және бағдарламалық құралдарды, кешендер мен желілерді құрастыру;  кәсіби қызмет объектілерінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз етуді талдау, жасау және жетілдіру; пайдаланушылардың сұраныстарын талдау негізінде кәсіптік қызмет объектілерінің жекелеген компоненттерінің талаптары мен ерекшеліктерін, пәндік сала модельдерін және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін әзірлеу; e-Learning құралдарын, мультимедиялық, қашықтықтан және басқа да компьютерлік технологияларды кеңінен қолдана отырып педагогикалық қызметті жүзеге асыру.

 

6В06102 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Қазіргі заманғы нарық жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін, есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар саласында іргелі және қолданбалы білімі бар бәсекеге қабілетті маманды дайындау болып табылады. Жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысқа қабілеттілігін бақылауға және қамтамасыз етуге қабілетті IT-технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.

Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:

Программист, WEB-программист; Бағдарламалық қамтама бойынша әзірлеуші; Деректер базасының администраторы; Жүйелік талдаушы; Компьютерлік желі администраторы; Компьютерлік желілерді қорғау және қауіпсіздігі саласындағы маман; IT-маман; Ақпараттық технологиялар мен жүйелермен байланысты басқа лауазымдар.

6В06102 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: ақпараттық жүйелерді жобалау; ақпараттық жүйелерді пайдалану; ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу; жүйелерді тестілеу; бағдарламалық-аппараттық қорғауды қамтамасыз ету.

Кәсіби міндеттерді компоненттік және жауапты шешу үшін бакалавр:

ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін жүзеге асыру үшін есептеу техникасы құралдарын, бағдарламалау құралдарын қолдану; кәсіби қызмет объектілерінің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалау; кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты ақпараттық процестердің есептеу және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу; құбылыстардың, процестер мен жүйелердің математикалық модельдерін есептеу техникасы құралдарымен таңдау және іске асыру; кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу және зерттеу процесін ұйымдастыру кезінде технологияны, аспаптық бағдарламалық құралдарды және есептеу техникасы құралдарын таңдау; жүйелік, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді, есептеу техникасын және ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін инсталляциялау, теңшеу және қызмет көрсету; бағдарламалық өнімдерді, ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін сүйемелдеу; ақпараттық ресурстарды басқару, автоматтандырылған жүйелерді пайдалануды ұйымдастыру, компьютерлік жүйелер инфрақұрылымының архитектурасын құру, бақылау және сүйемелдеу, бағдарламалық және аппараттық құралдардың, кәсіпорынның ақпараттық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуде құзыретті болуы тиіс.

 

6В06103 -«Ақпараттық жүйелер және технологиялар»

білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Жоғары тұлғалық-кәсіби құзыреттілікке ие, қазіргі заманғы еңбек нарығы үшін ақпараттық жүйелер мен технологияларды әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу заманауи әдістерін, құралдары мен технологияларын меңгерген ІТ-мамандарын (ІТ- менеджер, ІТ- консультант, ІТ- жобалар жетекшісі) кешенді және сапалы дайындау.

Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:

жалпы ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелердің түрлі компоненттерін жобалау және өңдеу;

Ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын орнату, конфигурациялау және басқару;

компьютерлік технологияны пайдалану, ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін жүзеге асыру үшін құралдарды бағдарламалау;

ақпараттық жүйелерде деректер базасын жобалау және басқару;

Өндірісте, ғылымда, білім беру саласында, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығында, мемлекеттік басқару салаларында төмендегідей кәсіби қызмет атқара алады:

Инженер-программист (программист).

Программист (веб – мастер, веб – дизайнер).

Жүйелік администратор.

Жобаларменеджері.

Ақпараттық жүйелер саласындағы кәсіби білім мен дағдылар, атап айтқанда: Ақпараттық жүйелер негіздері, IT - инфрақұрылым, жүйелік IT талдау және жобалау, IT қосымшаларын әзірлеу, кәсіпорын архитектурасы және ERP-жүйелер, IT бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, адам-машина жасау Интеллектуалды ақпараттық жүйелердің, іздеу мен ақпаратты алу. Берілген мерзімде берілген сапамен кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін тиімді ұйымдастыру; кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін бағалау, бақылау және басқару; қабылданған ұйым шеңберінде кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу процесін персоналды оқыту.

Эксперименттік-зерттеу қызметі саласында: аппараттық-бағдарламалық кешендерді тестілеу және баптау; аппараттық және бағдарламалық құралдарды, кешендер мен желілерді құрастыру; кәсіби қызмет объектілерін сертификаттау;

Ғылыми-зерттеу қызметі саласында: әдістерді, алгоритмдерді, бағдарламаларды, аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жүйелерді талдау, теориялық және эксперименттік зерттеу; кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру, зерттеу және тиімді іске асыру; кәсіби қызмет объектілерін құру кезінде қолданылатын формальды модельдер мен әдістерді әзірлеу және жетілдіру.

Жобалау қызметі саласында: пайдаланушылардың негізгі сұраулары мен талаптарын анықтау, таңдалған аспаптық құралдардың тиімділігі мен перспективасы тұрғысынан пәндік саланы бағалау, техникалық тапсырманы әзірлеу; қазіргі заманғы жобалау әдістері, құралдары мен технологиялары негізінде компьютерлік жүйелердің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалау және талдау; әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, тестілеу және верификациялау.

 

6В06104 - «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, сайт, деректер қоры, робототехника, компьютерлік жүйелер, желілер мен серверлік жабдықтарды жобалау және қолдау салаларында білікті компьютерлік инженерия бойынша бакалаврларды дайындау.

Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:

Білім беру бағдарламасының түлегіне 6В06104 - «Компьютерлік инженерия»  білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бітіруші бағдарламалау, деректер қоры, ақпаратты қорғау, желілік технологиялар, көлемді мәліметтер, робототехника, компьютер мен перифериялық құрал-жабдықтарды бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету туралы теориялық және практикалық білімнің кең ауқымын меңгерген және монтаждық-жөндеу, өндірістік-технологиялық, эксперименталды-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалау-технологиялық қызметімен айналыса алады.

Осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесі қабілеттерге ие болады деп күтілуде:

- ақпаратты қабылдау, талдау, жалпылау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау және есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласының негіздері мен тарихын білу мен түсінуді көрсету;

- алынған базалық білімді беру, аппараттық-бағдарламалық кешендер компоненттерінің архитектурасын жобалауды, аппараттық-бағдарламалық кешендердің адам-машиналық интерфейсін жобалауды білу;

- маңызды деректерді жинау және түсіндіру, экономика мен басқарудың, білім мен ғылымның даму міндеттерін қоя білу және шешу;

- жаңа ақпаратты контекстке келтіру және түсіндіру, кәсіби тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты іздей білу;

- зерттеу аймағының жалпы құрылымын және оның элементтері арасындағы байланыстарды түсінуді көрсету.

ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттілігі жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттілікке, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнайы және басқа да құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасқан.

 

Бакалавриат

6В06101 – Информатика

6В06102 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

6В06103 - Ақпараттық жүйелер және технологиялар

6В06104 - Компьютерлік инженерия

6В06105 - Computer science

Магистратура

Информатика және цифрлық технологиялар

 

Біліктілікті арттыру

00000000

Кафедра жетістіктері

 

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының білім беру бағдарламалары заманауи ғылыми-техникалық базаға ие, кафедра зертханалары оқытудың жаңа интерактивті құралдарымен жабдықталған. Зертханаларда заманауи компьютерлік техника, лазерлік-нақыштау құрылғысы, 3D принтер, УК-принтер, робототехника құралдары бар. Студенттер бағдарламалық оқытумен қатар аппараттық және бағдарламалық жабдықтарда практикалық жұмысты үйренеді, бұл материалды беру қарқындылығын арттыруға, студенттердің белсенділігін арттыруға және болашақта өз бизнестерін ашуға мүмкіндік береді. Виртуалды шындық зертханасы бар.

Ақпаратты өңдеудің бағдарламалық – аппараттық кешендерінде (3D принтер, УК-принтер, лазерлік-нақыштау құрылғысы) заманауи бағдарламалау технологиялары мен жұмыс дағдыларын меңгерген IT-технологиялар және полиграфия саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында 2022 жылы 6В06105-"Computer science" тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламасы ашылды.

6В06105 – "Computer science" бірлескен білім беру бағдарламасы қос дипломды бағдарлама болып табылады, Ч.Храбрый ат. Варна еркін университетімен (Болгария) бірлесіп әзірленген, бағдарлама аяқталғаннан кейін түлектерге Ш. Мұртаза ат. ХТИИ дипломы және Варна еркін университетінің дипломы беріледі.

Бірлескен инновациялық және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін халықаралық зерттеу ұжымдарын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ч.Храбрый ат. Варна еркін университетімен бірлесіп 2023-2025 жж аралығында "Цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу"тақырыбында ғылыми-зерттеу жобасы орындалады.

ҚР БҒМ-нің 2021-23 жж арналған гранттық қаржыландыру бойынша ИРН №AP09259657 "Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің білімін бақылау үшін прокторингтің автоматтандырылған жүйесін зерттеу және әзірлеу" жобасы аясында  п.ғ.к. М.Б. Онгарбаева ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Докторлық диссертациялары бойынша: аға оқытушы Садықова Т.Д. - АТХУ, Д024-Ақпараттық технологиялар; аға оқытушы Алтынбекова Ж.Т - ҚазМемҚПУ, 8D01502-Информатика мамандықтары бойыншажұмыстарын жалғастыруда.

Жыл сайын ПОҚ оқытылатын пәндері бойынша тиісті сертификаттармен расталған біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, атап айтсақ: Coursera: SQL for Data Science біліктілікті арттыру курстары (п.ғ.к. Онгарбаева М.Б., т.ғ.к. Омаров А.Ж., аға оқыт. Шинышерова Ж.Б.), күшейтілген тілдік даярлыққа арналған біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы.Ерманова Г. Б., Шомаева Г.К.), білім беру жүйесіндегі цифрландыру мәселелері бойынша (доц. Аязбаев Т.Л., аға оқытушы Алтынбекова Ж.Т.), программалау бойынша біліктілікті арттыру курстары (аға оқытушы. Галагузова Т.А.., Абдигаппар К.), Робототехника бойынша (Шинышеров Ж. Б.) және т. б..

2018-2023 ж.ж. кафедраның ПОҚ 118 басылым шығарды: нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда-5, алыс шет елдердегі басылымдарда - 8, ТМД елдерінде - 4, республикалық басылымдарда - 12, отандық журналдарда, оның ішінде ҚР БҒМ Білім саласындағы бақылау комитеті ұсынған - 16, ҚР БҒМ-де конференция материалдарының жинақтары: халықаралық - 67, Республикалық - 24. Соңғы бес жылда мамандықтардың элективті пәндері бойынша 8 оқу, оқу-әдістемелік құрал және 30-дан астам оқу-әдістемелік кешен шығарылды.

Студенттердің кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамыту үшін институтта ІТАкадемия ашылды, оның мақсаты - қазіргі заманғы бизнес  және жұмыс берушілерге ең өзекті,талап етілетін білімді ұсыну болып табылады. 2022 жылы институт Huawei ІСТ Академиясымен және Cisco желілік Академиясымен серіктес болды, бұл кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттеріне осы әлемдік компанияларда АКТ саласында оқыту мен сертификаттаудан өтуге мүмкіндік береді. 6В06103 – Ақпараттық жүйелер және технологиялар БББ студенті Құсанбай А. Cisco Академиясында курстан өтіп, сертификаттау емтиханын тапсырып, халықаралық сертификатқа ие болды. Осы мамандықтың студенті Гасанов С. Аmazon корпорациясының жобаларының біріне қатысатын қазақстандық студенттердің  тізіміне енді.

Кафедрада "Робототехника", "The IT Crowd"ғылыми үйірмелері жұмыс істейді. Студенттер жыл сайын стартап-жобалар конкурстарына, ғылыми конференцияларға қатысады, ҒЗЖ нәтижелері бойынша авторлық куәліктер алуға өтінім береді. 2022-23 оқу жылында студенттер StartupOrda жобасының бизнес - инкубациясына, StartupOrda бизнес идеялар жобасына қатысып, жеңімпаз аталды, сондай-ақ І Өңірлік ITII Хакатон-2023 белсенді қатысты. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу қызметі мен қоғамдық жұмыстардағы жоғары көрсеткіштері үшін оқытушылар ҚР БҒМ, қала және облыс әкімдігінің төсбелгілерімен, грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Доцент Аязбаев Т.Л. ҚР ҰМ "Ғылымға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен, п.ғ.к. Оңғарбаева М.Б. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен, аға оқ. Галагузова Т.А. РАЕ ғылыми басылымдары көрмесінің лауреаты медалімен, Аязбаев Т.Л., Галагузова Т. А. "Үздік педагог-2020" медалімен, "Қазақстанның құрметті ұстазы" медалімен, аға оқытушылар Шомаева Г.К., Шинишерова Ж.Б. ректордың Құрмет грамоталарымен  марапатталды.

Білім беру бағдарламаларын табысты іске асыру үшін мынандай міндеттер алға қойылды:

 - ағылшын тілінде ПОӘК әзірлеу, ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру және ағылшын тілі сертификаттарын алу бойынша ПОҚ дайындау  жұмыстарын жандандыру (TOEFL, IELTS, ТОЙІС);

"Computer science" БББ бойынша  шетелдік жетекші университеттердің ғалымдарын дәріс беруге тарту;

- тәжірибеге –бағытталған білім беру мақсатында ІТ саласындағы үздік мамандарды оқу үрдісіне тарту;

-стартап жобалар арқылы ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қамтамасыз ету;

- жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестік қатынастарды күшейту арқылы IT-саланы дамытуға атсалысу.