Әлеуметтік жеңілдікке құжат қабылдау басталды
Құрметті студенттер!
Әлеуметтік жеңілдікке 15.01 – 30.01.2024ж. аралығында құжаттар қабылданады.
Тапсырылатын құжаттар тізімін
деканаттан аласыздар!
Мерзімінен кеш өткізілген құжаттар қабылданбайды.
Құжаттар мына мекен жайда қабылданады:
Жамбыл даңғылы 73, «Студенттер үйі», 1 қабат,
101А каб.
«Жастар саясаты және тәрбие жұмыстар» басқармасы
Жеңілдікке өткізілетін құжаттар тізімі
1. Тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін
-Өтініш;
-Ата-анасының қайтыс болуы туралы анықтамасы (нотариустан бекітілген), қамқоршысы бекітілген анықтамасы;
-Жеке куәлігінің көшірмесі;
-Туу туралы куәлік (нотариустан бекітілген);
-Отбасы құрамы туралы анықтама;
-Факультетте оқитынын растайтын анықтама;
-Транскрипт;
-Жеке іс папкасы (скоросшиватель).
2. Халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, өнер және спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін
-Өтініш;
-Жеңімпаз екендігін анықтайтын диплом, алғыс хат, сертификаттары (көшірме);
-Жеке куәлігінің көшірмесі;
-Отбасы құрамы туралы анықтама
-Факультеттен оқитынын растайтын анықтама;
-Транскрипт;
-Жеке іс папкасы (скоросшиватель)
3. Бір ата-анасы жоқ студенттер үшін
-Өтініш;
-Әкесі немесе шешесінің қайтыс болуы туралы анықтамасы (нотариустан бекітілген);
-Жеке куәлігінің көшірмесі;
-Туу туралы куәлік (нотариустан бекітілген);
-Отбасы құрамы туралы анықтама;
-Факультетте оқитынын растайтын анықтама;
-Транскрипт;
-Әкесі немесе шешесінің жұмыс орнынан анықтама;
-Жеке іс папкасы (скоросшиватель).
4. Ауған соғысы мүгедектерінің, Семей және Чернобыль зардабын жоюға қатысқандардың балалары үшін
-Өтініш;
-Әкесінің Ауған соғысына, Семей және Чернобыль зардабын жоюға қатысқандығы туралы анықтамасы (нотариустан бекітілген);
-Жеке куәлігінің көшірмесі;
-Туу туралы куәлік (нотариустан бекітілген);
-Отбасы құрамы туралы анықтама;
-Факультеттен оқитынын растайтын анықтама;
-Транскрипт;
-Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама;
-Жеке іс папкасы (скоросшиватель).
5. Бір отбасынан 2 студент үшін
-Өтініш;
-Жеке куәлігінің көшірмесі;
-Туу туралы куәлік (2 студ) (нотариустан бекітілген);
-Отбасы құрамы туралы анықтама;
-Факультеттен оқитынын растайтын анықтама (2 студ);
-Транскрипт;
-Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама;
-Жеке іс папкасы (скоросшиватель).
6. Ата-анасы І-ІІІ топтағы немесе өзі мүгедек студенттер үшін
-Өтініш;
-Мүгедектігі туралы анықтамасы (нотариустан бекітілген);
-Жеке куәлігінің көшірмесі;
-Туу туралы куәлік (нотариустан бекітілген);
-Отбасы құрамы туралы анықтама;
-Факультеттен оқитынын растайтын анықтама;
-Транскрипт;
-Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама;
-Жеке іс папкасы (скоросшиватель).
7. Көп балалы отбасынан шыққан студенттер үшін
-Өтініш;
-Жеке куәлігінің көшірмесі
-Туу туралы куәлік (отбасындағы барлық балалардың нотариустан бекітілген көшірмесі);
-Отбасы құрамы туралы анықтама;
-Факультеттен оқитынын растайтын анықтама;
-Транскрипт;
-Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама;
-Жеке іс папкасы (скоросшиватель).
8. Институтта жұмыс істейтін қызметкерлердің балалары үшін
-Өтініш;
-жеке куәлігінің көшірмесі;
-туу туралы куәлік көшірмесі;
-Отбасы құрамы туралы анықтама;
-ата-анасының жұмы орнынан анықтама;
-Факультеттен оқитынын растайтын анықтама;
-Транскрипт;
-Жеке іс папкасы (скоросшиватель).
9. ХТИИ-дің күндізгі бөлімінде оқитын отбасылы студенттер үшін (екеуі де ХТИИ-де оқыған жағдайда)
-Өтініш;
-жеке куәліктерінің көшірмесі;
-неке қию туралы куәлік көшірмесі;
-Отбасы құрамы туралы анықтама;
-факультеттен оқитынын растайтын анықтама;
-Транскрипт;
-Жеке іс папкасы (скоросшиватель).