COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Үкілі ару» байқауының жеңімпазы анықталды

«Үкілі ару» байқауының жеңімпазы анықталды

Қазақ қыздарының аяулы да сұлу болмысын, рухани келбетін дәріптеу мақсатында өткен «Үкілі ару» байқауының қорытынды кезеңі өтті. Сайысқа ұлт дәстүрі мен мәдениетін, ұлттық өнерді тал бойына жинаған, қазақ қыздарына тән ибалылық, ізеттілік қасиеттерді бойына сіңірген арулар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

  Байқауға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Дулати университеті, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, «Астана» көпсалалы колледжі, Тараз мамандандырылған колледжі, Тараз политехникалық колледжі мен Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Сарысу аудандарының білім беру орындарынан іріктеуден өткен 12 қыз қатысты. Байқау шартына сай қатысушы қыздар сәлемдесу рәсімі, өнер сайысы, танымдық сайысы және шаш өру бойынша өнер көрсетті.

   Нәтижесінде, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2 курс студенті Карина Хамитова  «Үкілі ару-2024» жеңімпазы атанды. І дәрежелі диплом Шерхан институтының 1 курс студенті Диана Қуантайға бұйырды. ІІ дәрежелі дипломды Мойынқұм ауданынан келген 11-сынып оқушысы Мерей Бақытхан мен Шерхан институтының 2 курс студенті Гауһар Сайлаухан жеңіп алды. Ал, Т.Рысқұлов ауданы Құлан агротехникалық жоғары колледжінің білімгері Айнұр Нұрбек пен Дулати университетінің студенті Нұршахизада Салимова ІІІ дәрежелі дипломды місе тұтты.
Сонымен қатар, өзге арулар мынадай номинациялар бойынша марапатталды:

«Ерке қыз» - Алия Орынбасарова («Астана» көпсалалы колледжі)
«Шырайлы қыз» - Аянұр Аманқұл (Меркі ауданы);
«Көрермен көзайымы» - Ақбота Абылай (Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі);
«Кербез сұлу» - Аяулым Бауыржанова (Сарысу ауданы);
«Әдемі қыз» - Еркеайым Бейсен (Шу қаласы);
«Ажарлы қыз» - Нұрдана Эсембай (Тараз политехникалық колледжі); 

Барлық жүлделі орындар мен номинация иегерлері арнайы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.