ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2023
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ректоры Марат Асылбекұлы және «Академиялық жұмыстар жөніндегі» проректор Ақмарал Сатбекқызының бастамасымен ең алғаш рет жас оқытушыларға «Жоғары мектептегі заманауи трендтер» тақырыбында 05.01-13.01.2023 ж. аралығында Қысқы мектеп өткізу жоспарлануда.
Қысқы мектептің мақсаты:
-институт оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту;
-осы бағдарламаның оқыту модульдері шеңберінде жоғары мектеп педагогінің кәсіби дамуының ғылымы мен практикасының жетістіктері туралы тұтас түсінік қалыптастыру;
-оқу процесінде инновациялық білім беру технологиялары мен интерактивті әдістерді қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру.
Қысқы мектептің міндеті:
- оқытушының академиялық, ғылыми және тәрбиелік қызметінің негізін құрайтын жоғары мектептің нормативтік-құқықтық аспектілерін зерделеуі;
- сыни және креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру, білімалушылардың проблемалық міндеттері мен жағдайларын тұжырымдау және шешу қабілеттерін дамыту;
- оқытушының кәсіби өзін-өзіжетілдірудағдыларынқалыптастыру
педагог-шебердің инновациялық идеяларын, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін дәріптеу;
- оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзыреттілікті қалыптастыру.
Қысқы мектептің бағдарламасы:
Модуль 1- Жоғары білімнің нормативтік-құқықтық аспектілері;
Модуль 2- Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар.Студенттік өзін-өзі басқару;
Модуль 3- Жоғары мектепте оқыту әдістемесі;
Модуль 4 -Жоғары мектептегі оқыту технологиялары;
Модуль 5- Оқытушының ғылыми жұмысы;
Модуль 6- HR-менеджмент;
Модуль 7- Заманауи кітапхана жұмысындағы креативті тәсілдер;
Модуль 8- Оқытушылық қызметтегі ақпараттық технологиялар;
Модуль 9- Электронды құжат алмасу. Білімалушыларды бағалау жүйесі.
Қысқы мектеп өткізуші барлық модераторлар және қатысушыларға сәттілік тілейміз!
«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева.