Шындықтың жебесі - Шераға
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы, сонымен қатар Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі «Шындықтың жебесі - Шераға» атты республикалық әдеби-шығармашылық байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты:
ҚР ЖОО студенттерінің және 11 сынып оқушыларының мемлекеттік тілді білумен қатар халқымыздың мәдениеті мен тарихын, салт- дәстүрін, ұлттық болмысын тереңірек тани түсуіне ықпал ету, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза еңбектерін насихаттау.
Байқаудың өткізілу тәртібі:
1. Байқауға ЖОО-ның 1-4 курс студенттері мен 11 сынып оқушыларының әдеби еркін тақырыпқа жазылған туындылары қабылданады. Олар шағын әңгіме, эссе, новелла, өлеңдер, шағын поэма, сын-сықақ, суреттеме, еркін тақырыпқа жазылған шығарма-мақалалар, тағы басқа жанрдағы жұмыстарға рұқсат беріледі.
2. Байқауға туындылар наурыз-сәуір (10.03.2023-30.04.2023) айларында қабылданып, қорытындысы мамыр айында (10.05.2023) шығарылады.
3. Байқау нәтижесін арнайы құрылған алқа мүшелері шығарып, жанрлық түрлеріне қарай, ұйымдастырушылар тағайындаған бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар және ынталандыру сыйлықтары беріледі. Қатысушы студенттердің, оқушылардың жетекшілеріне алғыс хат беріледі.
4. Үздік туындылар іріктеліп, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ баспаханасынан жарыққа шығатын кітапта жарияланады.
5. Байқауға жіберілген туындымен бірге өтінім де жіберілуі тиіс.
6. Әдеби шығармаларды 30 сәуірге дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Бейбітшілік 101А, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы, 3 қабат; Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, Қазақ тіл білімі кафедрасы, 317-кабинет.
Байланыс телефондары: 8775-606-32-32 Сымбат Игілікқызы;
8777-170-41-85 Айнұр Тұрарқызы;
Байқауға қатысушылардың өтінімі 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін электронды нұсқада жіберілуі тиіс.
Өтінім мына үлгіде толтырылады:
1 Мектептің, ЖОО атауы
2 Студенттің, оқушының аты-жөні
3 Факультеті
4 Мамандығы
5 Курсы, сыныбы
6 Ұялы телефоны
7 Электронды поштасы
8 Жетекшісінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы
9 Өтінім берген уақыты