COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Объявление / Хабарландыру!

Хабарландыру!

2023 жылдың 11-12 мамыр арасында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алудағы пәнаралық тәсілдерге арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Конференция мақсаты – жасөспірімердің суицидтік мінез-құлқының теориялық және практикалық аспектілері бойынша сындарлы пікірталас ұйымдастыру және ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Іс-шара «Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын психологиялық профильдеу және түзету жүйесін ұйымдастыру» атты ғылыми жобасы аясында іске асады.

Негізгі спикерлер:
Марко Саркиопоне – психиатрия профессоры, Молизе университетінің медицина ғылымдары және денсаулық сақтау кафедрасы, Италия, тақырыбы «Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бағдарламасының нәтижелері».

Змановская Елена Валерьевна – Шығыс Еуропалық психоанализ институтының психоаналитикалық психотерапия кафедрасының профессоры, Еуропалық психоаналтикалық психотерапия конфердерациясының жетекшісі, тренингтік аналитик, психология ғылымдарының докторы, профессор, Санкт-Петербург қ., Ресей, тақырыбы «Аутоагрессивті мінез-құлықтың әртүрлі формалары бар отбасыларымен және жасөспірімдермен жұмыс жасаудағы құндылық-ресурстық көзқарас».

Слободчиков Илья Михайлович – «РБА Көркемдік білім беру және мәдениеттану институты» «Тұлғаны дамытуды психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету» зертханасының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қ., Ресей, тақырыбы «Өлімге «саяхатқа» шақыру: жасөспірімдегі суицидтік мінез-құлықтың мотивациялық нұсқалары».

Приступа Елена Николаевна – «РБА Жасерекшелік физиологиясы институты» Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қ., Ресей, тақырыбы «Балалар мен жасөспірімдердегі суицидтік бағыттағы аутоагрессивті мінез-құлқының қауіпті факторлары».

Конференция аясында облыс психологтарына «Жасөспірімдерге дағдарыстық кеңес беру» шебер-сынып өткізіледі (псх.ғ.д., профессор Слободчиков И.М.).

Барлық мүдделі тұлғаларды жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының проблемаларымен, замануи қиындықтары және шешімдерімен байланысты сұрақтарды талқылауға шақырамыз.