COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Объявление / Ақпараттық хат

Ақпараттық хат

2023 жылдың 24-25 қараша аралығында Халықаралық Тараз инновациялық институтындаАударматану  саласының білікті маманы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қожаева Маржан Төреғұлқызының  мерейтойына орай  «Жаңа Қазақстан дәуіріндегі аударматанудың өзекті мәселелері: зерттелу тарихы, теориясы, қалыптасуы мен дамуы» атты Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. 

 

Конференция  жұмысының негізгі бағыттары:

 

1.АУДАРМАТАНУ САЛАСЫ ЖӘНЕ ТЕРМИНЖАСАМНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

2.ФИЛОЛОГИЯ  ҒЫЛЫМЫ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ

3.БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАША БАҒЫТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

4.ГУМАНИТАРЛЫҚ  ҒЫЛЫМДАР

5.ЖАРАТЫЛЫСТАНУ  ҒЫЛЫМДАРЫ

 

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде  жүргізіледі.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде шығарылады, бірақ электронды нұсқада таратылады. Ұйымдастыру комитеті мазмұны мен рәсімделуі талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды жариялаудан бас тартуға құқылы.

Ұйымдастыру комитеті: Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы.

Жауапты қабылдаушылар: Пертаева Эльмира Құлибайқызы, Беркенова Рабиға Ағабекқызы. Байланыс телефондары: 87018162394, 87776498992, 87058456969

Мақала мәтіні мен оның электронды нұсқасы 2023  жылы қараша  айының 15-не дейін мына мекен-жайда қабылданады: 080000 Тараз қ., Қ.Сәтбаев көшесі, 1 «А», 3-бөлік, 2-қабат, 206-бөлме. E-mail: auditor.59@ mail.ru.

Конференцияға тіркелу  2023  жылы қараша айының 24-і күні сағ. 9.30-дан бастап жүргізіледі. Конференцияның басталуы - сағ. 10.00-де (офлайн жүйесінде).

Конференцияға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Конференцияға қатысу үшін автор ретінде ұйымдастыру жарнасын  жіберуі тиіс: Жарнасы – 5000 теңге.

Реквизиттер: ХТИИ, Желтоқсан 69 «б». АО «Банк Центр Кредит», РНН-211500236592. БИН-080640010161. ИИК-КZ288562203101941039. БИК-KGJBKZKX. Kбе-17.

Мәтін көлемі – 5 беттен аспауы тиіс немесе тезис үлгісінде. Жинақ электронды нұсқада жіберіледі.  Баяндама мәтінінің сол жақ жоғарғы бұрышында міндетті түрде УДК (ӘОЖ) индексі қойылуы тиіс; редакторы – WORD, 12 шрифт.  Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылуы қажет, 12 кегль, интервал – 1 (бір). Беттің астыңғы және үстіңгі жақ өлшемдері – 2 см., оң жақ өлшемі – 1,5 см., сол жақ өлшемі – 3 см. Мақалаға бет сандары қойылмайды.   

Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болуы керек. Сілтеме жасалған әдебиеттер мақала ішінде реттік саны бойынша тік жақшаға алынып [1, 25б.], мақала соңында сол ретімен беріледі. Талапқа сай орындалмаған мақала баспаға жіберілмейді, жинаққа шығарылмайды.

Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін - орысша, ағылшынша түйіндеме, орыс тілінде жазылған мәтіндер үшін – қазақша, ағылшынша түйіндеме  берілуі тиіс.

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

 

ӘОЖ  81'1:81'32

УДК   81'1:81'32 

 

ҚАЗАҚ АУДАРМАТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

 

АРХАБАЕВА ГҮЛНҰР ЕРМАХАНҚЫЗЫ

Ш.Мұртаза атындағы  Халықаралық Тараз инновациялық институтының  аға оқытушысы,  Қазақстан Республикасы, Тараз қ.

 

Түйіндеме (баяндама қазақ тілінде болса, онда түйіндеме орыс, ағылшын тілдерінде, ал орыс тілінде болса, онда түйіндеме талаптарға сәйкес қазақ, ағылшын тілдерінде болады)

 

«Аударма» сөзі көп мағыналы және оның екі терминологиялық мағынасы бар. Біріншіден, бұл ұғым бір тілде көрініс тапқан мазмұнды екінші тілдің құралдары арқылы жеткізу үдерісі ретіндегі ой қызметін анықтайды. Екіншіден, осы үдерістің нәтижесі – ауызша немесе жазбаша мәтін де аударма деп аталады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Есембеков Т.О.  Көркем мәтін теориясы.  – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 186б.