«Педагогтардың құзыреттілігін арттырудағы жасанды интеллект» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар
«Педагогика» факультетіне қарасты «Жалпы педагогика» кафедрасы 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 27 қараша күні «Педагогтардың құзыреттілігін арттырудағы жасанды интеллект» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің сапалы жетілдіру үшін негізгі бағыт ретінде жасанды интеллект дәуірінде жаңашыл педагогтардың құзыреттіліктерін дамыту.
Семинарға қатысу туралы сұранысты 1 қарашаға дейін төмендегі үлгі бойынша Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберу қажет.
Онлайн кіретін қатысушыларға жеке Zoom бағдарламасы бойынша онлайн тіркелуден өтуге болады. Жеке идентификатор: 441 585 21 59, кіру коды: 1234. Сілтемесі:
https://us04web.zoom.us/j/4415852159?pwd=1gT5g6gUKGX0QwBSMnhPwPYOmlKmgJ.1&omn=71144287755
Іс-сапар шығындары жіберуші жақ есебінен төленеді. Семинарға қатысушылардың келу күні 27 қараша сағат 10.00-де.
Өтетін орны: Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза көшесі 100, Конференц зал.