Пәндік олимпиада өтетінін хабарлаймыз!
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің “Заң” факультеті 2025 жылдың 13-14 ақпанында Желтоқсан көшесі, 69Б мекенжайындағы 1.2.301 аудиториясында келесі білім беру бағдарламалары бойынша 2-3 курс студенттері арасында пәндік олимпиада өтетінін хабарлаймыз:
• 6B04201 – Құқықтану
• 6B04202 – Мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер
• 6B04203 – Қылмыстық құқық және процесс
Барша студенттерді қатысуға шақырамыз!
Толық ақпарат үшін факультет деканатына хабарласыңыз.