COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «ЖАС ТҮЛЕК-2022»

«ЖАС ТҮЛЕК-2022»

 2022 жылдың 30 наурыз күні Халықаралық Тараз инновациялық институты мен Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен аралас форматта «Жас маман-2022» жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша түлектерге мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Іс-шараға, Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының, Жамбыл облыстық әкімдігінің білім бөлімінің, Жамбыл облысы бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының басшылары және 30-дан аса мекеме өкілдері қатысты.
Институтта 2021-2022 оқу жылында 5100 білім алушыларға 212 профессор-оқытушылар құрамы сапалы білім береді.
2020 жылда бітірушілерді жұмыспен қамту көрсеткіші - 71,4% , ал 2021 жылда -72%.
Институтта бітірушілерді жұмыспен қамту бойынша 2020-2025 жылдарға 7 бағыттан тұратын Жол картасы бекітілген. Негізгі бағыттары өңірдегі жұмыс берушілермен байланыс, маман сұранысының мониторингі, Жамбыл облысының жұмыспен қамту орталығына тіркелген бітірушілерге қолдау көрсету, біліктілікті жоғарлату курстарын ұйымдастыру, жұмыс берушілерді тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Биыл институтты 822 түлек 34 бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша және 27 магистратура білім беру бағдарламасы бойынша бітіргелі отыр. Бітірушілерді жұмыспен қамту жүйесі институтта жүйелі түрде жолға қойылған. Институтта жылына дәстүрлі түрде бір рет жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған өңірдегі көптеген мекемелер мен ұйым өкілдері шақырылады. 179 мекеме жұмыс берушілермен нақты келісімдер де бар.
Институтта білім алып жатқан 5100-ға жуық білімгердің басты арманы жақсы жұмысқа орналасу екендігі анық. Ол үшін қандай мекемеге қалай орналасу керектігін жетік меңгеруі тиіс. Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының жастар практикасы бойынша жауапты басшысы жастарға жұмысқа орналасудың жолы мен тәртібін түсіндірсе, Бейсенгалиева Мадина Сурагановна, № 38 орта мектебінің директоры педагогикалық мамандықтарының студенттері практикасын өте жақсы өтіп жатқандықтары туралы мәлімдемесін айтып оқу бітірген соң жұмысқа алатындығын айтты, Облысымыздың ірі кәсіпорынның бірі ЖШС «Казфосфат» зауытының Сапа жөніндегі бас маманы Байкенжеева Дильборам Қуанышқызы да өз баяндамасын жасап студенттерді қызықтырып жұмысқа шақыратындығын туралы айтып жеткізді.
«Жас түлек-2022» бос орындар жәрмеңкесіне қатысушыларға ректор Ерболат Саурықов институт туралы, оның жетістіктері мен өз орны туралы, жылда дәстүрлі түрде өтетін жас мамандар жәрмеңкесінің маңыздылығын атап өтті. Өздерін қызықтыратын бос орындар туралы мәлімет алуға, жұмыс берушілерге үміткерлердің іскерлік қасиеттерін бағалап, жас мамандарды тартуға жұмыс берушілермен студенттер арасындағы байланыстар туралы мағлұматтарын баяндап өтті. Ол өз сөзінде ХТИИ түлектері бүгінде түрлі салада жемісті еңбек етіп, оқу ордасының беделін арттырып жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен үнемі байланыста және институтты бітірген мамандар оларды толық қанағаттандырып отырғанын айтты. Кездесуге келген қонақтарды институттың алдағы жоспарларымен таныстырды. ХТИИ бәсекеге қабілетті әрі сапалы білім, саналы тәрбие бере алатын іргелі оқу орнына айналып келе жатқанын айтып, алдағы уақытта да институт даму қарқынын арттыратынын жеткізді.
Жиын соңында институт бітіргелі отырған студенттер жұмыс беруші мекеме өкілдерімен жеке сұхбаттар жасап, мол мәлімет алды.

Академиялық саясат басқармасы, «Түлектерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік практика» секторының жетекшісі Ж. Сексенбаева