COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Қазақтың сөз зергері

Қазақтың сөз зергері

2022 жылы 30-шы наурыз күні сағат 12.00-де Халықаралық Тараз инновациялық институты Ақпараттық-кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен №3 оқу залында Ғ.Мүсіреповтың 120 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың сөз зергері» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара мақсаты - көркем сөз зергерінің дарындық қасиетін оқырман бойына дарыту. Жазушы шығармалары арқылы әдебиет пен мәдениетті құрметтеуге, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, сөз құдыретін түсінуге, өнерді сүюге дәріптеу.
Іс-шара барысында студенттер мен шараға қатысушыларға туған елінің жиырмасыншы ғасырдағы көркем әдебиетін саф алтындай талай-талай шығармаларымен, үздік шеберлікпен жасалған асыл дүниелерімен байытып, абыройын биіктеткен, әсіресе еңбек адамының сол қанаушылар билеген замандағы өте ауыр, аянышты, қайыршылық өмірін реалистік тереңдікпен тебірене суреттеген Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығына байланысты бейнероликтер көрсетілді.
Көрермендер Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы шығармаларының бірі «Өлімді жеңген ана» әңгімесіндегі көріністен үзінді тамашалады.
Талантты студенттеріміз әдемі қоңыр үнді жанды дауыстарымен ана туралы ән орындады.
Студент жастар Ғабитке арнап жазған арнау өлеңдерін кезекпен мәнерлеп жатқа оқып, білімгерлердің білімін арттыру мақсатында интелектуалды «Kahoot» ойыны ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «Қазақтың сөз зергері» атанған Ғ.Мүсіреповтің қанатты сөздері оқылып, өсиет сөзі айтылды.