COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

18 сәуір күні Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «А.Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі: дерек пен дәйек» (ғылым, тәрбие, рухани-жаңғыру) тақырыбында аймақтық апталықтың ашылуы өткізілді. 

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Алаштың арда азаматының бұл жолғы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, әрине, алдымен Қазақ елінде кең ауқыммен тойланбақ.

Тәуелсіздік алған кезеңнен бері мерейтойы мемлекет қолдауымен әлемдік деңгейде кең ауқымда аталып өткелі отырған Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын жоғары деңгейде өткізу – әр қазақстандықтың парызы болуы керек.

   Ахмет Байтұрсынұлы – қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын А.Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Ахмет Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді. 

Бүгінгі апталықтың  басты мақсаты –  халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері,әдебиет зерттеушісі, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының асыл мұраларын жастарға насихаттау, дәріптеу болмақ.

Алғашқы сөз кезегі Халықаралық Тараз  инновациялық институтының ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының «Құрметті мүшесі» Саурықов Ерболат Байұзақұлына берілді. Сондай-ақ, Халықаралық Тараз  инновациялық институтының  Ғылым және коммерциялау жөніндегі  ректордың кеңесшісі, э.ғ.д., профессор Тажибаев Серік Дүйсенәліұлы мен «Педагогика» факультетінің деканы,  ф.ғ.к. Қожаева Маржан Төреқұлқызы сөз алды.   

Пленарлық мәжілісте  9 баяндама тыңдалды.  Пленарлық мәжілістегі баяндамаларды  оқуға 5-7 минут уақыт берілді.

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІСТІҢ БАЯНДАМАЛАРЫ:

      1.ОЙСЫЛБАЙ АЙСҰЛУ ТӨРЕҚҰЛҚЫЗЫ – ХТИИ, «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доцент м.а., филология ғылымдарының кандидаты. ТАҚЫРЫБЫ: «ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ» ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТАНУ»;

       2.МҰҚАШЕВ ТЕМІРБАЙ ӘЛІҰЛЫ–М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты.  ТАҚЫРЫБЫ: «А.БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ»;

       3.КӨШІМБЕТОВА СЕЙСЕКУЛ АЙТЖАНҚЫЗЫ – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Педагогика» кафедрасының профессоры, п.ғ.к. ТАҚЫРЫБЫ: «А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ»;    

      4.КЕНЕСАРИЕВ СӘБИТ НАСЫРҰЛЫ–Тараз қаласы білім бөлімінің №35орта мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.  ТАҚЫРЫБЫ: «АХМЕТ. ҰЛТ ҰСТАЗЫ»;

      5.БӘЙТЕН ҚАНАТБЕК ӘЗІМБАЙҰЛЫ –Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Құмжота ауылының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры. ТАҚЫРЫБЫ: «ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ – А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ»;

      6.АБИТОВА МЕРЕКЕ МУРТАЗАЕВНА –  С.Қ.Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.  ТАҚЫРЫБЫ: «ҒАЗИЗ ҰСТАЗ!»;

      7. УНГАРОВА АЙДАНА КУВАНЧОВНА – Байзақ ауданы, Ақшолақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тақырыбы: «А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ»;

      8. ЖАНАБАЕВА САНИГУЛЬ КАНИЕВНА – Тараз қаласының № 23 орта мектебінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары. ТАҚЫРЫБЫ: «А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ»

      9.ШАРБАНҚҰЛ МЕДЕЯ ШАЙРБАЙҚЫЗЫ – Тараз қаласының Керімбай атындағы  №12 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы. ТАҚЫРЫБЫ: «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ –АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ АЗАМАТЫ».

А.Байтұрсынұлының мұраларын насихаттау барысында ХТИИ, «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері атынан челлендж ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНАН ҮЗІНДІЛЕР ОҚУ» бағыты бойынша, аудандық және қалалық мектептерден оқушылар қатысып,  ақын өлеңдерін жатқа оқыды.  

     Қорытынды сөз, ХТИИ, «Тәрбие жұмыстары мен саналы ұрпақ» бөлімінің басшысы Нуркина Роза Назарқызына,  «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің бастығы Мусаева Алия Январбековнаға, «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Кембаева Айнұр Тұрарқызына берілді.

Сөз соңында баяндамашылар ректордың алғыс хаттарымен марапатталды.

  

      Пертаева Эльмира Құлибайқызы

      ХТИИ, «Педагогика» факультеті,

      «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.