COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Жоғары білім сапасын арттыру мәселелері мен тенденциялары

Жоғары білім сапасын арттыру мәселелері мен тенденциялары

Бүгін 2022 жылы 21 сәуір  айында «Жоғары білім сапасын арттыру мәселелері мен тенденциялары» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік  конференциясының ашылу салтанаты өтті. Конференция 4 бағытта жұмысын жүргізді: 

1. Гуманитарлық ғылымдар және жаратылыстану: мәселелер, идеялар, инновациялар

2. Білім берудегі сандық технология: мәселелер мен болашақ

3. Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы қазіргі заманғы экономикалық ғылымның дамуы

4. Жаңа кезеңдегі білім беру жүйесін жаңғыртудың құқықтық аспектілері 

Конференцияға 120-ге жуық мақала жиналды, оның ішінде, 10 мақала халықаралық университеттерден: Болгария Республикасы Варна қаласындағы  «Варналық  Еркін университетінен, Ресей Федерациясындағы  Симферополь қаласының   В. И. Вернадский атындағы Крым Федералдық университетінен, Қырғыз Республикасының  Бишкек қаласындағы «Экономика және қаржы»  институтынан, 15-ке  жуық баяндама  Қазақстанның Жоғары оқу орындарынан келіп түсті.

Ғылым және коммерциализация бойынша кеңесшісі экономика ғылымдарының докторы, профессор Тажибаев Серік Дуйсеналыұлы, «Стратегия, ғылым -инновация және халықаралық байланыстар» жөніндегі проректор., философия ғылымдарының докторы, профессор Буюклиев Николай  конференцияға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.