COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Большой библиотечный мост» атты конференция өтті

«Большой библиотечный мост» атты конференция өтті

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының цифрлық трансформациясы бойынша жаңалықтарға, Халықаралық Тараз инновациялық институтының Ақпараттық кітапханалық орталығының кітапханашылары куә болып қайтты.

2022 жылдың 19 сәуірінде «Ай Пи Ар Медиа» және «Халықаралық Тараз инновациялық институтының» қолдауымен Алматы қаласы «Ғылым ордасы» комитетінде жоғары оқу орындары кітапханаларындағы заманауи технологиялық және басқару шешімдері бойынша «Большой библиотечный мост» атты конференция өтті. Мұнда кітапхана бағытындағы жаңа инновациялық өзгерістер енетіні және қазіргі таңдағы кітапхана жөніндегі күрделі мәселелер жайында айтылды.

Жоғары оқу орындары кітапханаларының жобалық қызметін ұйымдастыру мен кітапхана саласындағы халықаралық ынтымақтастық және жоғары оқу орындары ғылыми кітапханаларының жаңа рөлдері жайлы талқыланды.

Кітапханашыларымыз ұжымдық білім репозиторийлері негізінде кітапхана қорын қалыптастырудың жаңа тәсілдері туралы және кітапханамызды институттық трансформация процессіне қосу мүмкіндігі бар екендігі туралы тың ақпараттардан хабардар болды.
Конференция соңында еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтарға дастархан жайып, арнайы сертификаттар ұсынылды.